Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыптар. Қылмыстық процесстің қағидаттары. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама




Қылмыстық процестiң мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.

Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.

Қылмыстық процестің принциптері – қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. 8-31 баптарына сәйкес, қылмыстық процестің пртнциптеріне мына бастама ережелер жатады:

v заңдылық;

v сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;

v адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;

v жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

v адамның жеке басына тиіспеушілік;

v қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

v жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы;

v тұрғын үйге қол сұқпаушылық;

v меншікке қол сұқпаушылық;

v меншікке қол сұқпаушылық;

v кінәсіздік презумпциясы. және т.с.с.

 

Заңдылық принципі. Бұл принциптің 2 жақты мәні бар: біріншіден, ҚІЖК-нің 10-бабының 1-бөлігінде айтылғандай, сот және прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы қылмыстық істі жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚРҚІЖКтің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті; екіншіден, қылмыстық процеске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Конституциясын және өзге де заңдарды сақтауға міндетті болып табылады.

Осы айтылған шаралар заңдылық принципін қамтамасыз етудің маңызды процессуальдық кепілдіктері болып табылады.Олармен қатар,заңдылық принципін қамтамасыз етудің басқа да мынадай кепілдіктері бар:

v қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларында заңдылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы;

v жоғары саты соттарының төменгі сатыға жататын соттардың шығарған үкімдері мен қаулыларының заңдылығын тексеруі;

v - іске қатысушы мүдделі тұлғалардың соттың,прокурордың және алдын ала тергеу органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану құқығы және ондай шағымдардың заңда көрсетілген тәртіп бойынша уақытында қаралып шешілуге міндеттілігі.

 

Сот төрелігін тек соттың ғана іске асыруы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы және ҚІЖК –нің 11-бабының жазылуы бойынша,сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципі мына мәселелерді қамтиды:

v соттың үкімі бойынша болмаса,ешкімде қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды

v сот төрелігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және басқа жергілікті соттар жүзеге асырады, бұл соттар жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленген, қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесіне үлкен мән берілген. өйткені, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптеріне сай, азаматтардың өз мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуі – істі дұрыс шешудің ең әділ жолы ретінде қаралады.

Жеке адамның абырой мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында былай деп жазылған: адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды. Осы конституциялық ереже қылмыстық процестегі жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің негізін құрайды.

Адамның жеке басына тиіспеушілік. Бұл принциптің мәні адамның жеке басының бостандығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы принципке арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында оны қамтамасыз етудің мынадай кепілдіктері көрсетілген:

ҚРҚІЖК белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.

ҚРҚІЖК көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығын бере отырып, тек соттың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Адам прокурордың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi немесе соттың санкциясы бойынша жол берiледi.

Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу хабарланады.

Сот, қылмыстық iзге түсу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға мiндеттi.

Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадiр-қасиетiн түсiретiн әрекет жасауға болмайды.

Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына тиiспеушiлiктi бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы ҚРҚІЖК тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

Ӛзiне қатысты жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған адамды қамауда ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс. Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтiрiлген зиян ҚР ҚІЖК-мен көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.

Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл принцип бұрын қаралған заңдылық принципімен тығыз байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының заңдылық принципін сақтауы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.

Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян ҚРҚІЖК-нде көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс.

Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.

Жеке өмірге құл сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында былай жазылған:

v әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар;

v әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар;

v бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

 

Тұрғын үйге қол сұқпаушылық. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында баян етілген: тұрғын үйге қол сұғылмайды және соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді; тұрғын үйге басып кіруге, оны тексертуге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Меншікке қол сұқпаушылық. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы қорғалады және қамтамасыз етіледі. Бұл принцип ҚІЖК-нің 18-бабында да бекітілген. Осы баптардың нормалары бойынша: барлық азаматтар заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады; меншік құқығы, оның ішінде мұрагерлік құқығы заңмен қорғалады, соттың шешімінсіз ешкімді де мүлкінен айыруға болмайды.

Кінәсіздік презумпциясы. бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1,6,8 тармақтарына сәйкес келетін ҚІЖК-нің 19-бабында тұжырымдалып жазылған: 1) адамның қылмыс жасағандағы ҚРҚІЖК көзделген тәртіппен дәлелденгенде және соттың заңды күшіне енген үкіммен танылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады; 2) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 3) айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдік оның пайдасына қаралады; 4) айыптау үкімін болжамдауға негіздеуге болмайды және үкім шындыққа жататын дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы тиіс.

Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көрсетілгендей, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 20-бабында ешкімде нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапқа тартылмайды деп көрестілген.

Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы бойынша:

1. заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2. тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

 

Судьялардың тәелсіздігі. Судьялардың тәуелсіздік принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 1 және 2 бөліктерінде жазылып бекітілген, судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. ҚІЖК-нің 22-бабында бекітілген бұл принципінің мәні – қылмыстық істі жүргізудің айыптау және қорғау тараптарының бір-бірінен бөлектенуне негізделуі және тараптарға тең процессуальдық құқықтар беру арқылы олардың сот талқылауына қатысуларына бірдей мүмкіндік туғызу болып табылады. Қылмыстық iзге түсу, қорғау және iстi соттың шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.

Сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу мiндетi айыптаушыға жүктеледi. Қорғаушы сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен әдiстерiн пайдалануға мiндеттi. Сот қылмыстық iзге түсу органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi. Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз iс жүргiзу мiндеттерiн орындауы және өздерiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай туғызады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы тараптар тең құқықты, яғни оларға Конституциямен және ҚРҚІЖКөз айқындамаларын қорғауға бiрдей мүмкiндiк берiлген. Сот, iс жүргiзу шешiмiн, зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде қамтамасыз етiлген дәлелдерге ғана негiздейдi. Тараптар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң айқындамасын, оны дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тәуелсiз қорғаудың әдiстерi мен құралдарын таңдайды. Сот тараптың өтiнiшi бойынша оған ҚРҚІЖК көзделген тәртiппен қажеттi материалдарды алуға жәрдем көрсетедi. Мемлекеттiк айыптаушы мен жеке айыптаушы белгiлi бiр адамның қылмыстық iзiне түсудi жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық iзiне түсуден бас тарта алады. Сезiктi мен айыпталушы өзiнiң кiнәсiн еркiн жоққа шығара алады немесе өзiн кiнәлiмiн деп мойындай алады. Азаматтық талапкер талап арыздан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен бейбiт келiсiм жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап арызды мойындауға немесе азаматтық талапкермен бейбiт келiсiм жасасуға құқылы. Сот тараптарға бiрiншi және аппеляциялық сатылар бойынша істі қарауға қатысу құқығын қамтамасыз етедi, айыпталушы және оның қорғаушысы iстi қарау кезiнде, қадағалау тәртiбiмен, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жiберiледi. Сот әрбiр қылмысты iстi қараған кезде айыптау тарабының мемлекеттiк не жеке айыптаушысы болуға тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар ҚРҚІЖКпен айқындалады.

Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объектівті зерттеу. ҚІЖК-нің 24-бабында жазылған: сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.

Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау. Бұл принциптің ҚІЖК-нің 25-бабында жазылуы бойынша: судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді олардың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды және бұл орайда заң мен ар-ожданын басшылыққа алады, ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

 

Аға оқытушы Мағзамов Д.А.

Модуль






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных