Главная
Популярная публикация
Научная публикация
Случайная публикация
Обратная связь
ТОР 5 статей:
Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия
Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века
Ценовые и неценовые факторы
Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка
Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы
КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру
1. Сарапшы: 1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде; 2) егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, күдіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де тәуелді жағдайда болған болса немесе болып отырса; 3) егер ол нәтижелерi қылмыстық қудалауды бастау үшiн негiз болған ревизия немесе басқа да тексеру әрекеттерiн жүргiзген болса; 4) егер оның құзыреттi еместiгi анықталса; 5) егер ол iске, осы Кодекстiң 222-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрiгер-маманның адамның мәйiтiн қарап-тексеруге қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретiнде қатысса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды. 2. Тірі адамға, сондай-ақ мәйітке сараптама жүргізуге сараптама тағайындалғанға дейін тиісті адамға медициналық көмек көрсеткен дәрігер сарапшы ретінде қатыса алмайды. 3. Адамның осы іске осының алдында сарапшы ретінде қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін қайталап сараптама тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, оған іс бойынша сараптама жүргізуді тапсыруды болғызбайтын мән-жай болып табылмайды. 4. Сарапшыға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргізетін орган шешедi.
Бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету
1. Қорғаушы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң өкiлi мына мән-жайлардың кез келгенi болған кезде: 1) егер ол бұрын iске судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретiнде қатысса; 2) егер ол осы iстi тергеп-тексеруге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысып отырған лауазымды адаммен туыстық немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастарда болса; 3) егер ол қорғалушымен немесе сенiм бiлдiрушiмен мүдделері қарама-қарсы адамға заң көмегін көрсетiп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сол сияқты мұндай адамдармен туыстық немесе өзге де жеке тәуелділік қатынастарда болса; 4) егер ол заңның немесе сот шешiмiнің күшіне орай қорғаушы немесе өкiл болуға құқылы болмаса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды. 2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкілін қатысудан шеттету туралы мәселенi – прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|