Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету




1. Төрағалық етушi сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн соттың жабық отырысын өткiзедi, сондай-ақ осы Кодекстiң 97-бабының бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген шараларды қолданады.
2. Сот қорғалатын адамның, айыптаушы тараптың өтiнiшхаты бойынша, сондай-ақ адамның, оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында өз бастамасы бойынша куәдан:
1) қорғалатын адамның жеке басы туралы деректердi жарияламастан, бүркеншiк атты пайдалана отырып;
2) қалған қатысушылардың қорғалатын адамды дауысы, акценті және сыртқы белгілері: жынысы, ұлты, жасы, бойы, дене бітімі, мүсіні, жүрісі бойынша тануы мүмкін болмайтын жағдайларда;
3) оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзiне көрсетпей, оның ішінде бейнебайланыс арқылы да, жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы.
Судья қорғалатын адамның негізгі іс жүргізуден бөлектелген сауалнамалық деректерін және жеке басын куәландыратын құжаттарын жария етпестен, сот отырысының өзге қатысушыларына, оның ішінде сот отырысының хатшысына ұсынбастан және сот отырысының хаттамасында және (немесе) сот актілерінде көрсетпестен, олармен танысу арқылы жауап алынатын адамның жеке басына жеке өзі көз жеткізеді.
3. Төрағалық етуші:
1) бейне-, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды түсіріп алудың өзге тәсілдерін жүргізуге тыйым салуға;
2) сот отырысы залынан адвокатты қоспағанда, сотталушыны, қорғаушы тараптың өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.
4. Сот процеске қатысушылардың қандай да бiреуi болмағанда немесе олардың көзбен көрiп отыруынан тыс жауап алған қорғалатын адамның айғағын төрағалық етушi осы қорғалатын адам туралы мәлiметтерді көрсетпестен, сотта барлық қатысушылар қатысып отырған кезде хабарлайды.
5. Қажет болған жағдайларда, сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа да шараларды қолданады.
6. Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы сот қаулысын орындау қылмыстық қудалау органдарына, жазаны орындайтын мекемеге немесе органға, сондай-ақ сот приставына жүктеледi.

Қылмыстық іс жүргізу көптеген субъектілердің қатысуымен атқарылатын қызмет болып табылады. Бұл субъектілердің заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттері болғандықтан, олардың әрқайсысы қылмыстық іс жүргізу кезінде басқа субъектілермен құқықтық қатынастарға кіру арқылы іс-әрекеттер жасайды. Демек, қылмыстық процестің субъектілері туралы айтқанда, олардың құқықтық қатынастармен қамтылатындығын ескеру қажет.

Осы айтылған мәліметтердің негізінде қылмыстық процестің субъектілері ұғымын былайша тұжырымдауға болады: заңда көрсетілген құқықтары мен міндеттері болғандықтан процессуальдық құқықтық қатынастармен қамтылатын және қылмыстық іс жүргізу кезінде заңды жолмен іс-әрекеттер жасайтын өкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ осы іс-әрекеттерге қатысуға немесе тиісті іс-әрекеттер жасауға құқылы жеке тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады.

Қылмыстық процестің субъектілерінің әрқайсысына жекелеп тоқталып, олардың құқықтық мәртебесін анықтап көрсету қажет. Бұл сбъектілердің алдыңғы екі тобын «қылмыстық процесті жүргізуші мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары» деп атауға болады.

Сот және оның өкілеттілігі. Қылмыстық процесті жүргізуші мемлкеттік органдардың ішінде соттың ерекше орны – оның қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратындығымен айқындалады. Яғни, адамды қылмыстың жасалуына кінәлі деп тану және оған жаза тағайындау өкілеттілігі тек қана сотқа берілген.

Сот билігін атқаруға байланысты қылмыстық процесте соттың басқа да өкілеттіліктері де бар: есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, төмен тұрған сот қабылдаған үкімдер мен қаулыларды бұзу немесе өзгерту, қылмыстық ізге түсу органының шешімдеріне берілген шағымдарды шешу, сотта істің қаралуы кезінде қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ алдын-ала тергеу жүргізу барысында немесе істі төменгі сотта қарау кезінде жол берілген заң бұзушылықтар анықталатын болса, тиісті ұйымдар мен лауазымда адамдардың қажетті шараларды қолдануларын талап ететін жеке қаулы шығару, қылмыстық іс бойынша үкім шығарғанда анықталған әкімшілік құқық бұзушылыққа кінәлі жеке немесе заңды тұлғаларға, айыптау үкімі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған адамды қоспағанда, әкімшілік жазалау шараларын қолдану (ҚІЖК-нің 59-бабы).

Сот өз билігін жүзеге асыра алатын болуы үшін заңды, тәуелсіз, құзыретті және бейтарап болуы тиіс(ҚІЖК 57-бабының 2-бөлігі).

Соттың заңды болуы сот төрелігін атқаратын судьялардың заңда орнатылған тәртіппен сайлануларын немесе тағайындалуларын қажет етеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Републикасы Президентінің ұсынуы бойынша Сенат сайлайды; облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды; аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларын Әділет биліктік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Соттың тәуелсіздігі Қазақстан Республикасы Конституциясында және оған сәйкес басқа заңдарда жазылған ережелердің сақталуы арқылы қамтамасыз етіледі; судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады; ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судьяларға қандай болмасын ықпал етуге құқығы жоқ; судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай бір түсінік беруге міндеті емес; соттарды қаржыландыру және судьяларды қамтамасыз ету жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі. Соттың құзыреттілігі Қазақстан Республикасы соттарының әрқайсысы өзіне берілген өкілеттік шеңберінде және заңмен көрсетілген қылмыстық істерді қарап шешетіндігін білдіреді. Аудандық және оған теңестірілген бірінші сатыдағы соттар облыстық соттың қарауына жатқызылған істерден басқа барлық қылмыстық істерді қарап шешеді. Облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші, апелляциялық және қадағалау сатылары ретінде істерді қарайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық және қадағалау сатыларындағы сот ретінде іс жүргізу қызметін атқарады.

Соттың бейтараптылығы сот қылмыстық істі айыптау және қорғау тараптарының бәсекелестігі негізінде, істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу арқылы әділ шешуге тиісті екендігін білдіреді. Сотың бейтараптығын қамтамасыз ету ақсатында, егер судья тікелей немесе жанама түрде осы іске мүделлі болса, онда ол бұл істі қарауға қатыспауы тиіс. Сонымен қатар, сот қылмыстық істі қарау кезінде процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып, олардың барлығының да қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын сақтауларын қамтамасыз етуге міндетті.

Прокурор, оның қылмыстық процестегі өкілеттілігі. Прокурор – мемлекеттік биліктің өкілі болып табылатын және заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын, сотта мемлекет мүддесін білдіретін қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, прокуратура органдары департаментернің бастықтары және олардың орныбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестрілген прокурорлар, олардың орныбасарлары мен көмекшілері, қалалық, аудандық прокурорлар және оған теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшілері, қадағалау саласы бойынша прокурорлар, прокуратура басқармалары мен бөлімшдерінің аға прокурорлары және прокурорлары, мамандандырылған және арнайы прокурорлар.

Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы, прокурордың өкілеттілігі және қызмт атқаруға тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Прокуратура туралы» заңымен және өзге заң актілермен реттелген.

Прокурордың қылмыстық процестегі өкілеттілігі ҚІЖК-нің 62 бабы боынша айқындалады. Бұл бапқа сәйкес, қылмыстық процестегі прокурордың қызметі өзара тығыз байланысты болып келетін негізгі екі түрге бөлінеді: 1) қылмыстық ізге түсу қызметін атқару; 2) жедел-іздестіру қызметінің, алдын-ала тергеу және анықтау жүргізудіңғ сондай-ақ соттың шешімдерінің заңдылығын қадағалау.

Прокурордың заңда көрсетілген өкілеттіліктерінің әр стадияға сай өз ерекшеліктері бар. Алдын-ала тергеу стадиясында прокурорға заңдылықтың сақталуын қадағалау міндеті жүктелген және соған байланысты кең өкілеттіктер берілген болса, басты сот талқылауы стадиясында прокурор заңдылықтың сақталуын қадағалау функциясын атқарады деп айтуға жатпайды. Басты сот талқылауы кезінде прокурор айыптаушы ретінде дәлелдемелерді зерттеуге қатысады, өтініштер мәлімдеуге, түсініктер беруге құқылы және жарыссөздерге қатысады. Ал, апелляциялық және қадағалау сатыларында іс қаралғандаипрокурор өзі немесе басқа прокурор келтірген наразылықты қолдайды, шағымдалған соттың үкімінің заңдылығы және дәлелдігі жөнінде өзінің пікірін білдіреді.прокурор өз өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде ешкімге де тәуелді болмай, тек заңға ғана бағынады және заңның талаптарын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

Тіркеу бөлімінің бастығы. Тергеу бөлімі бастығының мынадай өкілеттіліктері бар:

v қылмыстық істі қозғауға құқылы;

v қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуді өзінің қарамағындағы тергеушіге тапсырады;

v қажет болған жағдайда тергеушілер тобын құрып, олардың жұмысын ұйымдастырады;

v тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде тергеушіге нұсқаулар беруге құқылы;

v тергеу әрекеттерінің уақытында орындалуын, тергеу жүргізу және қамауда ұстау мерзімдерінің сақталуын бақылайды жүзеге асырады;

v прокурордың нұсқауларының және басқа ьергеу органдары тапсырмаларының орындалуын қадағалайды;

v қылмыстық істі өзінің қарамағындағы басқа тергеішіге немесе өзіне бағынышты басқа тергеу бөлімшесіне беруге құқылы;

v қылмыстық істі өзінің хүргізуіне алуға және тергеушінің өкілеттілігін қолдана отырып, өзі тергеу жүргізуге құқылы;

v тергеу жүргізу аяқталған соң қылмыстық істі тиісті прокурорға жолдайды.

 

Тергеуші және оның өкілеттілігі. ҚІЖК-нің 60-бабына сәйкес, тергеуші - өз құзыреті шеңберінде қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеу жүргізуге уәкілеттілік берілген ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының және қаржы полициясы органдарының лауазымды адамы. Қылмыстық процесте тергеуші бір-ақ функция атқарады. Ол функция – қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеу жүргізу немесе, басқаша айтқанда, қылмыстық ізге түсу қызметі. Осыған сай тергеушінің негізгі міндеті қылмысты тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамды тиісті жауапқа тартып, оның сотқа берілуін қамтамасыз ету болып табылады.

Анықтау органдары, олардың міндеттері мен өкілеттілігі. Анықтау органының бастығы. Анықтаушы. Анықтау деп заңда көрсетілген өкілетті мемлекеттік органдарының қылмыстардың алдын-алу және жолын кесуғ қылмыс жасаған адамдарды табу, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін қамти қолданып жүргізілетін қызметін айтамыз. Анықтау органдарының міндеттері ҚІЖК 61,196 баб:

v қылмыстық белгілері мен қылмыс жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын-алу және кесу мақсатында жедел-іздестіру шараларын және басқа да іс жүргізу амалдарын қолдану;

v алдын-ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша кідіртуге болмайтын тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын орындау;

v алдын-ала жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау қызметін орындау;

v ҚР ҚІЖКтің 61-бабында көзделген жағдайларда алдын-ала тергеу жүргізу.

 

Осы міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтау органдарына сай өкілеттіліктер берліген:

v жедел-іздестіру шараларын жүргізу;

v алдын-ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша заңда көзделген тәртіппен кідіртуге болмайтын тергеу әрекеттерін орындау;

v алдын-ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша толық көлемде анықтау қызметін жүзеге асыру;

v заңда көзделген жағдайларда алдын-ала тергеу жүргізуді жзеге асыру.

 

Анықтау органының бастығы, оның өкілеттіліктері ҚІЖК-нің 62-бабында жазылған. Осы бапқа сәйкес анықтау органының бастығына анықтау қызметінің түріне байланысты шараларды қолдану өкілеттігі берілген.

ҚРҚІЖКтiң 187-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiгiне өз құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, бөлiмнiң, бөлiмшенiң және анықтау органының өзге де бөлiмшелерiнiң бастықтары ие болады.

Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдануды ұйымдастырады. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасымен ҚРҚІЖКтің 231-251-бабтарында белгіленген тәртіппен жібереді.

Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдары тергейтiн қылмыстар туралы iстер бойынша:

1) кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;

2) прокурордың, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген тергеу және өзге де әрекеттер жүргiзу туралы және жәбiрленушiлердi, куәларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;

3) соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады.

Сотқа дейiнгi iс жүргiзудi анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың iс-әрекеттерiнiң уақтылылығына және заңдылығына бақылау жасайды және:

1) олардың iс жүргiзуiндегi iстердi тексеруге;

2) жекелеген тергеу және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу, айыпталушы ретiнде тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемi туралы, iстердi (материалдарды) бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы нұсқау беруге;

3) анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға;

4) қылмыстық iс қозғауға және iстi өзiнiң жүргiзуiне қабылдап не жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн орындай отырып анықтауды жеке-дара жүргiзуге құқылы.

Анықтау органының бастығы қылмыстық iс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту, тiнту жүргiзу және мүлiкке тыйым салу туралы, айыпталушыны қызметiнен шеттету, айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту қамауға алынбаған айыпталушыны (сезiктiнi) стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық мекемеге жiберу, айыпталушыны (сезiктiнi) қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы, айыпталушыны этаппен жөнелту, оған iздеу жариялау туралы қаулыларды бекiтедi; қылмыс жасады деп күмән келтiрiлген адамдарды ұстау туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын бекiтедi; қылмыс жасауға жағдай туғызатын жағдаяттарды жою жөнiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етедi; прокурорға айыптау хаттамасымен бiрге қылмыстық iстi жолдайды.

Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауы анықтаушының дербестiгiн, оның ҚРҚІЖКтiң 63-бабында белгiленген құқықтарын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда берiледi және атқарылуға мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының iс-әрекетiне шағымдануы олардың атқарылуын тоқтатпайды.

Анықтаушы анықтау органдары міндеттерінің орындалуын жүзеге асыратын лауазымды адам. Анықтаушы соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтама органы бастығының тапсырмалары мен нұсқауларын уақытылы орындауға міндетті. Анықтау органы бастығының нүсқауымен келіспеген жағдайда, оның орындалуын тоқтатпай, ол жөнінде прокурорға шағымдауға құқылы.

Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлуi мiндеттi қылмыстық iстер бойынша кiдiртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық iс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттерi мен жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.

Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға мiндеттi.

Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемi, айыпталушыны сотқа беру үшiн iстi прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын тоқтатпайды.

 

Аға оқытушы Мағзамов Д.А.

 

Модуль 3.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных