Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар




1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444 – 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда, қылмыстық қудалау органы, сот тиісті мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.
2. Мемлекеттiк айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартатынын мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттiк айыптаушы мәлiмдеген қылмыстық қудалаудан бас тарту жекеше айыптаушының қылмыстық iс материалдарын пайдалана отырып, айыпталушыны қылмыстық қудалауды жалғастыруына кедергi келтiрмейдi.
3. Қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн күдіктіге, айыпталушыға iстi тоқтатуға негiз, оның құқықтық салдары және істі осы негiз бойынша тоқтатуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс.
4. Қылмыстық iстi тоқтату туралы жәбірленуші және (немесе) оның өкілі хабардар етіледі, олар қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасауға құқылы.
5. Қылмыстық iстi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға, егер күдікті, айыпталушы немесе жәбірленуші бұған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады.
6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген жағдайда, сот кепілгерлікті белгілей отырып, адамды қылмыстық жауаптылықтан босатып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.
Сот іс бойынша басқа түпкілікті шешім қабылдаған жағдайда, кепіл енгізген адамға кепіл нысанасы дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге кеткен сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепілді қабылдау, сақтау, қайтару және мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Егер айыпталушы немесе жәбірленуші қарсы болса, кепілгерлікті белгілей отырып, адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол берілмейді.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных