ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары.
Процессуальдық мәжбүрлеу шаралары деп қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орныдауды қамтамасыз ету мақсатында өкілетті мемлекеттік органдар заңның талаптарын сақтай отырып жеке тұлғаларға қолданылатын еріксіз көндіру амалдарын айтамыз. Бұл шаралар, олардың сипатына қарай, әр түрлі болып келеді. Олардың кейбірі тек сезіктіге ғана қолданылатын болса, екіншілері – айыпталушыға, ал басқа түрлері өзге процеске қатысушыларға да қолданылады. Осындай жағдайларға байланысты ҚІЖК-де 17 тарау көзделген мәжбүрлеу шаралары үш топқа бөлінеді: v сезіктіні ұстау; v бұлтартпау шаралары; v өзге мәжбүрлеу шаралары.
Сезіктіні ұстау.(128 б) Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу мәселесін шешу мақсатында қысқа мерзімге қолданылатын мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Сезікті ретінде ұсталған адамнан жиырма төрт сағаттан кешіктірмей жауап алынуы тиіс. Сезіктіні ұстау процессуальдық мәжбүрлеу шарасы болғандықтан, оны қолдану қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болуы тиіс. Кейбір жағдайларда бұл шараны қолдану қылмыстық іс қозғалғанға дейін де болуы мүмкін. Мысалы, сезікті қылмыс жасаудың үстінде ұсталған жағдайда, оған дейін қылмыстық істі қозғауға себеп және негіз болған жоқ. Бұл жағдайда тергеуші немесе анықтаушы сезіктіні ұстау хаттамасын жазумен қатар қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығаруы тиіс. Қылмыстық ізге түсу органы бас бостандғынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды мына негіздердің бірі болғанда сезікті ретінде ұстауға құқылы: 1) бұл адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей қылмыс жасағаннан кейін ұсталған болса; 2) өз көзімен көрген адамдар, соның ішінде жәбірленуші, қылмыс жасаған осы адам деп тура көрсетсе, немесе басқа адам қылмыс жасаған адамды ұстап әкелген болса; 3) бұл адамның денесінде немесе оның киімінде, тұратын үйінде қылмыстың айқын іздері табылған болса; 4) жедел-іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында бұл адамның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандығын немесе қылмыс жасауға дайындалғандығын көрсететін анық деректер бар болса.
Сезікті ретінде ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртібі туралы ҚІЖК-нің 131-бабында көрсетілген. Бұл топқа сәйкес сезікті ретінде ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында қамалады. Егер ұсталған адам басқа мемлекеттің азаматы болса, көрсетілген мерзімде ол мемлекеттің елшілігі немесе консульдығы не өзге өкілдігі хабардар етеді. Сезіктіні ұстаудан босатудың негіздері және тәртібі ҚІЖК-нің 133-бабында көзделген. Бұл топқа сәйкес, мынадай жағдайларда қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адам босатуға жатады: 1) қылмыс жасады деген сезік расталмаса; 2) ұсталған адамға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіз жоқ болса; 3) сезіктіні ұстау кезінде ҚІЖК 133 ч.3-бабының талаптары бұзылған болса.
Осындай негіздердің бірі болған жағдайда сезіктіні ұстаудан босату қылмыстық ізге түсі органының бұл туралы қаулы шығаруы арқылы жүзеге асырылады. Сезікті ретінде ұсталған адамды босаты кезінде бұл адамға оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетіген анықтама берілуі тиіс. Бұлтартпау шаралары. Процессуальдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі бұлтартпау шаралары болып табылады. Олар, басқа мәжбүрлеу шаралары сияқты, қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында және заңмен белгіленген тәртіп бойынша қолданылады. Бұлтартпау шаралары жалпы ереже бойынша айыпталушыға, сондай-ақ сотталушыға, ал сезіктіге ерекше жағдайларда қолданылады. Осыған сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бұлтартпау шаралары қолдануды қылмыстық ізге түсу органы шешетін болса, ао соттағы өндіріс кезінде бұл мәселені сот шешеді. Бұлтартпау шараларының бірнеше түрлері бар. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|