ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау.Заңды күшіне енгеннен кейін: 1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары; 2) апелляциялық және қадағалау қаулылары сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты соттардың ҚІЖК-нің 109, 110, 111-баптарында көзделген мәселелер бойынша істерді қосымша тергеу немесе жаңа сот қарауына жіберу туралы шығарған, заңды күшіне енген қаулылары сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сатысында ауыр емес қылмыстар туралы заңды күшіне енген үкімдері сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін. Істі тергеу немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не заңды дұрыс қолданбаудан: 1) кінәсізді соттауға; 2) орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға; 3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға; 4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуіне; 5) үкімді орындау тәртібімен заңсыз немесе негізсіз қаулы шығаруға әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қарауға негіз болып табылады. Заңды күшіне енген сот актілері, егер: 1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса; 2) адам өлім жазасына сотталған үкім апелляциялық қарау нысанасы болмаса, қайта қаралады. 3. Ӛлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларға iстердi қадағалау тәртiбiмен қайта қарауға өкiлеттi сотқа тiкелей апелляциялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар шағым жасауы мүмкiн. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларға: 1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасына; 2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына; 3) облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы. Наразылық осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өз бастамасы бойынша да, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген процеске қатысушылардың өтiнiшi бойынша да бiлдiрiлуi мүмкiн. Шағымды, наразылықты iс қадағалау сатысында қаралғанға дейiн оны берген адам керi қайтарып алуы, наразылықты сондай-ақ жоғары тұрған прокурор керi қайтарып алуы мүмкiн. ҚІЖК-нің 490-492-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады. Бұл ретте қадағалау алқасы ҚІЖК-нің 485бабында көзделген қадағалау тәртібімен істі қайта қарау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурор наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде қадағалау алқасы істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Сотталушының кiнәсiздiгi себептерi бойынша, сондай-ақ неғұрлым жеңiл қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне, жазаның қатаңдығына байланысты немесе сотталушының жағдайын жақсартатын өзге де негiздер бойынша айыптау үкiмiн қадағалау тәртiбiмен қайта қарау мерзiммен шектелмейдi. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгi, жазаның жұмсақтығы себептерi бойынша немесе сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негiздер бойынша iстi қысқарту туралы соттың қаулысына, айыптау үкiмiне, сондай-ақ ақтау үкiмiне не iстi қысқарту туралы соттың қаулысына шағым жасауға, наразылық бiлдiруге олар заңды күшiне енгеннен кейiн алты ай iшiнде жол берiледi. Қадағалау шағымы, наразылығы оларды қайта қарауды жүзеге асыруға өкiлеттi сотқа жазбаша түрде берiледi. Шағымда, наразылықта iс жүргiзу кезiнде ҚІЖК-нің 485-бабында аталған қандай жолсыздықтарға орын берiлгенi және осы жолсыздықтардың шығарылған сот шешiмдерiнде қалай көрiнiс тапқаны көрсетiлуi тиiс. Шағымға, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешiмдерiнiң көшiрмелерi және шағымның, наразылықтың дәлелдерiнiң негiздiлiгiн қуаттайтын өзге де материалдар қоса берiлуi тиiс. Егер шағым, наразылық қадағалау тәртiбiмен iстi қайта қарауға өкiлеттiгi жоқ сотқа келiп түссе, ол оны осы шағым, қарсылық қаралуға жататын сотқа беруге тиiс. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi олардың орындалуын кiдiртпейдi, бұған ҚІЖК-нің 493- бабында көзделген жағдайлар кiрмейдi. Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша: 1) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы ҚІЖК-нің 462-бабының талаптарына сай келмесе; 2) заңды күшіне енген осы сот актісіне қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын ҚІЖК-нің 485-бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе; 3) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы ҚІЖК-нің 486бабының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе; 4) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса; 5) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына ҚІЖК-нің 306-311баптарында белгіленген соттылық тәртібін бұза отырып берілсе; 6) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы ҚІЖК-нің 462-бабына сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс. Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайта беруге болады. Сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс сұратылуы мүмкін. Қадағалау шағымы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады. Қадағалау шағымының алдын ала қаралатын күні туралы шағым берген адамға хабарланады, алайда оның келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғау негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды. Сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша: 1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын қылмыстық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы; 2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы; 3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында: 1) қаулының шығарылған күні мен орны; 2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні; 3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс; 4) қадағалау шағымын берген адам; 5) қадағалау шағымында келтірілген дәлелдер; 6) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері; 7) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі көрсетілуге тиіс. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі. Қадағалау сатысы шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейін тараптарға қадағалау шағымының көшірмесін, сот отырысын өткізу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, істің қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жібереді. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге іс қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушiнiң қандай сот шешiмi және кiмнiң шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып жатқаны, сот құрамына кiмдердiң енетiнi және сот отырысы залында iс жүргiзуге қатысушылардың қайсысы келiп отырғаны туралы хабарламасымен ашылады. Iстi қараудың уақыты және орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкiндiгiн терiске шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы мiндеттi. Мәлiмделген наразылықтар мен өтiнiштер шешiлгеннен кейiн сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды. Сот iстi тыңдауды жалғастыру туралы шешiм қабылдаған кезде төрағалық етушi қадағалау шағымын (наразылығын) берген процеске қатысушыға сөз бередi. Егер мұндай қатысушылар бiрнешеу болса, онда олар өздерi ұсынған сөз сөйлеу кезектiлiгiн соттың назарына салады. Егер олар өзара келiсiмге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегiн сот белгiлейдi. Шағым (наразылық) берушi адам, өз пiкiрi бойынша, шағым жасап отырған шешiмнiң заңсыз, негiзсiз, әдiлетсiз болып табылатыны туралы дәйектерi мен дәлелдемелерiн айтып бередi. Онан соң төрағалық етушi процестiң өзге қатысушыларына сөз бередi. Егер шағымды қорғанушы тарап берген болса, онда алғашқы сөздi оның өкiлдерi болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртiбi өздерiнiң қол жеткiзген уағдаластыққа сәйкес ондай уағдаластық болмаған жағдайда соттың шешiмiмен белгiленедi. Егер шағымды (наразылықты) айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкiлдерi бiрiншi болып сөз алады, онан кейiн төрағалық етушi сөздi процестiң басқа қатысушыларына бередi. Iстi қадағалау тәртiбiмен қараудың нәтижесiнде сот ҚІЖК 389 және 391-баптарының талаптарын сақтай отырып кеңесу бөлмесiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 1) шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады не істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады; 2) апелляциялық және қадағалау сатыларының үкiмi мен қаулысын өзгертедi; 3) үкiмнiң және барлық бұдан кейiнгi шешiмдердiң күшiн жояды және iстi жаңадан сот қарауына жiбередi; 4) үкiмнiң және кейiнгi барлық қаулылардың күшiн жояды және iстi қысқартады; 5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен шығарылған қаулылардың күшiн жояды; 6) апелляциялық сатыдағы соттың үкiмi мен қаулысын өзгерiссiз қалдыра отырып қадағалау сатысы шешiмдерiнiң күшiн жояды. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде үкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге ҚІЖК 433-бабында көрсетiлген мән-жайлар негiз болып табылады. Бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттардың қаулылары, егер осы қаулымен бiрiншi сатыдағы сот заңсыз және негiзсiз шешiм қабылдаған не алдыңғы қаулыларды немесе iс бойынша үкiмнiң жоғарыда тұрған сот заңсыз және негiзсiз күшiн жойған немесе өзгерткен деп танылса, не егер iстi жоғары тұрған сотта қаралуы кезiнде қабылданатын шешiмнiң дұрыстығына әсер еткен немесе әсер етуi мүмкiн болған заңды елеулi бұзуға жол берiлсе, күшi жойылуға немесе өзгертiлуге жатады. Егер қадағалау тәртiбiмен iстi қарау кезiнде iстi заңсыз қысқартуға немесе сотталушыға жазаны жұмсартуға жол берiлген болса, жоғары тұрған қадағалау сатысы төмен тұрған қадағалау сатысы қаулысының күшiн жоюға және бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiн, апелляциялық қаулысын өзгертiп немесе өзгерiссiз күшiнде қалдыруға құқылы. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын сот сотталғанға тағайындалған жазаны жеңiлдете алады немесе онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдана алады. Сот сондай-ақ, егер прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлсе, сотталғанға тағылған айып шегiнен шықпай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы не жазаны күшейтуi мүмкiн. Қадағалау сатысындағы соттың сот талқылауының нысанасы болмаған фактiлердi анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге құқығы жоқ. Iс жаңадан қарауға жiберiлген жағдайда қадағалау сатысындағы сот айыптаудың дәлелденгенi немесе дәлелденбегенi туралы, қандай да болмасын дәлелдердiң ақиқаттығы немесе ақиқат еместiгi туралы және бiр дәлелдердiң екiншiлерiнен артықшылығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қандай да болмасын қылмыстық заңды қолдану туралы және жаза шарасы туралы мәселелердi шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкiн қорытындыларды шешуге құқылы емес. Iстi қарайтын сот қадағалау шағымдарын берген адамдарға қатысты да, сондай-ақ олардың жағдайларын нашарлатпау шартымен iс бойынша барлық сотталғандарға қатысты да сот үкiмiнiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн толық көлемiнде тексередi. Сот жағдайды нашарлататын шешiмдi тек прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталғанның жағдайын оның қадағалау шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды. Қадағалау тәртiбiмен сот үкiмiнiң немесе қаулысының күшi жойылған соң iс жалпы тәртiппен қаралуға жатады. Iстi тиiсiнше бiрiншi, апелляциялық қадағалау сатысындағы сот қараған кезiнде жазаны күшейтуге немесе мейлiнше ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, егер алғашқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртiбiмен жазаның жұмсақтығына орай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған, сондай-ақ егер үкiмнiң күшi жойылған соң iстi жаңадан тексеру кезiнде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын жағдайда ғана жол берiледi. Бiрiншi сатыдағы соттың шығарған үкiмiне iстi жаңадан талқылау кезiнде шағым жасалуы және жалпы тәртiппен наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн. Апелляциялық тәртiппен немесе қадағалау тәртiбiмен бұрынғы үкiм мен қаулының күшi жойылуына байланысты шығарылған қайталама үкiмге немесе қаулыға шағым, наразылық соттың бiрiншi үкiмiнiң немесе қаулысының күшiнiң жойылу себептерiне қарамастан жалпы негiздерде мәлiмделуi (енгiзiлуi) мүмкiн. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|