Главная
Популярная публикация
Научная публикация
Случайная публикация
Обратная связь
ТОР 5 статей:
Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия
Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века
Ценовые и неценовые факторы
Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка
Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы
КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерi
1. Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiмдермен шектелмейдi. 2. Сотталған адамның қайтыс болуы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ақтау мақсатында iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды. 3. Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ айыптау үкiмiн сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмдері iшiнде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi. 4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күнi болып: 1) осы Кодекстiң 499-бабы екіншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдемелер ұсынуға, дұрыс емес аударма жасауға немесе iстi тергеп-тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық әрекеттер үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң, қаулының заңды күшiне енген күні; 2) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қорытынды шешім қабылдаған күн; 3) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес прокурор жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды жасаған күн есептеледi.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|