Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Гипотиреоз» рольдік ойнының сценарийі




Мәліметтер В.Дж.Маршалл (2000) және Джеймс Е.Гриффиннен (2008) алынды.

«Пациент»

Тез шаршайтынына, селқостыққа, еске сақтау қабілетінің бұзылуына, баяу сөйлейтініне шағымданады. Суыққа төзімсіздік. Басқа адамдарға қалыпты болғанымен, бөлменің салқын боп сезілуі.

«Дәрігер»

Науқастың тәбеті нашар болса да, салмақ қосқан. Дәрігер соңғы уақытта пациенттің іші қатқанын анықтады. Гипотермия. Науқасты тексеру барысында брадикардия байқалады. Пациентте зоб байқалмады. Жүрегі ұлғайған, экссудативті перикардит дамыған. Беті дөрекіленген. Аяқ-қолдары ісінген. Терісі сұрланған. Шашында жылтыр жоқ, қатайған.

Зертханалық мәліметтер:

Қан сарысуы: ТТГ > 100 мЕ/л (норма 0,3-5,0 мЕ/л)

«Комментатор»

Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен БТ мен ТФ процестері бұзылады, яғни организмнің энергиямен жабдықталуы төмендейді. Осының салдарынан тез шаршау, селқостық, есте сақтаудың бұзылуы, сөзі баяу, гипотермия, салмағының артуы, жүректің жиырылу жиілігінің төмен болуы байқалады. Тиреоидты гормондардың ұзақ уақыт бойы жетіспеушілігі кезінде теріасты тіндерінде және басқа да органдарда мукополисахаридтердің жиналуы байқалады, бұл микседема деп аталады. Дерманың инфильтрациясы науқастың бетінің дөрекіленуіне, аяқ-қолдарының қысымға байланыссыз ісінуіне әкеледі. Белоктар мен мукополисахаридтерге бай плевралық және перитонеальдық сұйықтық жиналады.

Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі балаларда байқалса,


кретинизм ауруының дамуына әкеледі. Бұл кезде баланың ақыл-ойының дамуы мен бойының өсуі тежеледі.

7.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Плешкова С.М., К.Қ.Өмірзақова, Абитаева С.А. Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2006. – 193-214 бет, 223-232 бет.

2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова, Биологиялық химия, Қарағанды, 2007

3.С.М.Плешкова және басқалары. «Биохимия пәнін өздігінен оқып-білуге арналған оқу құралы. 2 бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі», А., 2009- 164-188, 254-275.

Орыс тілінде:

1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия»- М., 2004 –С.248-251, 263-266

2. Николаев А.Я. «Биологическая химия»-М., 2007- С.380-387, 427-430

3. Северин Е.С. «Биологическая химия»- М., 2008 –С.534-575, 592-597

4. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004

5. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003

6. Кольман Я., Рем., К-Г., «Наглядная биохимия»., М.: Мир,2004

7. Биохимия. Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-корр., РАН, проф.Е.С. Северина.- М.,2005

8. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф.С.М. Адекенов- Астана, 2003

9. Сеитов З.С. «Биологическая химия», Алматы, 2000г.

10. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов», Алматы, 2004

 

8.Бақылау:

Сұрақтар:

1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.

2. Гормондар, түсінік. Гормондардың түзілетін орындары.

3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.

4. Гормондардың жалпы қасиеттері.

5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.

6. Гормондардың әсер ету механизмдері:

а) біріншілік механизм – жасуша ішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы.

б) екіншілік механизм – белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;

в) үшіншілік механизм – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.

7. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Әсер ету механизмдері. Нысана органдарына әсері. Секрециясының реттелуі.

8. Тиреоидты гормондар,олардың синтезі. Әсер ету механизмдері. Физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

9. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипофункциясының биохимиялық негіздері

10. Эндемиялық зоб.

Жаттығулар:

1. Жасушаның гормон әсеріне сезімталдығы неге тәуелді?

2. Гормон рецепторлары жасушаның қай бөлігінде орналасуы мүмкін?

3. Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар неліктен қысқа уақыт әсер етеді?

4. Аденилатциклаза катализдейтін реакцияны жазыңыз.

5. Активсіз протеинкиназа А-ның құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

6. Протеинкиназаның қандай түрлері болады?

7. Активсіз протеинкиназаG-дің құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

8. Гуанилатциклазды жүйенің түрлері. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

9. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза қандай лигандтар арқылы активтенеді? Олар қандай органдарда кездеседі?

10. Гуанилатциклазаның ерітіндідегі формасын қандай заттар активтендіреді?

11. Бұлшық ет тінінің қандай белогы кальмодулиннің аналогы болып табылады?

12. Инозитолтрифосфат пен диацилглицериннің түзілу реакциясын жазыңыз.

13. IIмеханизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

14. IIIмеханизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

15. Инсулин рецепторының құрылысы.

16. ІIIмеханизм бойынша әсер ететін гормондардың әсерінен қандай ферменттік жүйе активтенеді?

17. Кейбір дәрілік препараттар (кофеин және теофиллин) фосфодиэстераза ферментінің (цАМФ-ті жай АМФ-ке айналдыратын реакцияны катализдейтін фермент) әсерін тежейді. Осы препараттарды енгізгенде қандағы май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді?


ОСӨЖ.

1. Тақырыбы: Гормондар. Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар.Қантты диабет кезіндегі биохимиялық процестердің бұзылуы.

 

2. Мақсаты: Студенттерде

-көмірсулар алмасуын реттейтін гормондардың әсер ету механизмі, химиялық табиғаты, гормондардың биологиялық маңызы туралы;

-қантты диабетте пайда болатын биохимиялық бұзылыстар туралы білімді қалыптастыру

3. Оқыту міндеттері:

1. Инсулин, глюкагон, адреналин, норадреналин, глюкокортикостероидтардың, соматотропты гормонның, соматомединдердің әсер ету механизмін, физиологиялық әсерін, секрециясының реттелуін қарастыру.

2. Қантты диабет кезіндегі биохимиялық өзгерістерді талдау. 3.Студенттерді топпен жұмыс істеуге үйрету

Ткізілу түрі

1.Аз топпен жұмыс

2.Кесте толтыру.

4. Жаттығулар мен жағдайлық есептерді жасау.

 

5.Тақырып бойынша тапсырмалар: Кесте толтыру. Жаттығулар мен жағдайлық есептерді жасау.

6.Таратылатын материалдар: кафедраның оқу құралы, №2 бөлігі, кесте.

 

Аз топпен жұмыс: топ төрт топшаға бөлінеді:

Әр топшаға гормон беріледі, бұл гормондардың көмірсулар, белоктар, липидтер алмасуына әсерін талдау үшін уақыт беріледі.

Сабақ материалдарын талдау барысында «Көмірсулар алмасуына әсер етуші гормондар» кестесі толтырылады:

1-топша инсулин мен глюкагон

2-топша катехоламиндер 3-топша ГКС 4-топша соматотропты гормон мен соматомединдер

 

Гормондар Көмірсу алмасу Белок алмасуы Липид алмасуы Қандағы глюкозаның деңгейі
Инсулин        
Глюкагон        
Адреналин        
Норадреналин        
ГКС        
СТГ        
Соматомединдер        

 

Дебиеттер.

Негізгі:

1. Плешкова С.М. және басқалары «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы 2006, 137-192 бет

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», 2004 г. – С. 248-293

3. Северин Е.С. 2008 г. «Биохимия», 2008 г. стр. 538-604

4.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г. стр. 380-432

Қосымша:

1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии» - Алматы, 1998 – С.521-568

2. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. – Биохимические основы действия витаминов и гормонов – Алматы, 2004 – С. 67-77, 114-121

3. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005 – С. 218-220, 257, 258,

4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Основы патохимии» - Санкт-Петербург, 2000 – С. 458-523, 565-599

5. Сеитов З.С. «Биохимия», 2000 – С. 354-365

6. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994 – С. 149-153, 345-353

7. Р.Марри, Д. Греннер, П.Мейес, В. Родуэлл – Биохимия человека (перевод с англ) – М., Мир: 1993 – том 2 – С. 170-185, 228-246; том 1 – С. 242-245

8. В.Дж. Маршалл – Клиническая биохимия – Москва, 1999 – С. 123-140, 174-186

9. Потемкин В.В. «Эндокринология», 1999 – С. 145-149, 215-225

10. Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 – С. 23-46

11. Назаренко Г.И., Кишкун А.А. – Клиническая оценка результатов лабораторных исследований – М., Мед, 2002 – С. 394-411, 423-445, 455

Бақылау

Сұрақтар:

1.Инсулин, түзілуі, әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, липидтер, көмірсулар, белоктар алмасуына әсері.

2.Глюкагон, әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, заттар алмасуына әсері.

3.Катехоламиндер (адреналин, норадреналин), түзілуі, әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, липидтер, көмірсулар, белоктар алмасуына әсері, қан тамырларына әсері.

4.Глюкокортикостероидтар.

5.Соматотропты гормон (СТГ).

6.Соматомединдер.

7.Қантты диабет кезіндегі биохимиялық бұзылыстар.

 

 

Жаттығулар:

1. Қандай гормондар контринсулярлыға жатады және олар неге солай аталады?

2. Кортикостероидтар қандай топтарға бөлінеді?

3. Гормондар метаболизмді ферменттердің активтілігін өзгерте отырып реттейді деген дұрыс па? Дәлелдеңіз.

4.Қандай гормондар ыдырау процесін арттырады? Атаңыз.

5.Анаболикалық гормондарға қайсылары жатады және неге?

6.Адреналин, ГКС және глюкагон әсер етуінің қандай ортақ белгілері бар?

7.Аталған гормондардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз..

8.Апаттан құтқару негізінде адреналин ағзада энергетикалық ресурстарды арттыра алады. Осы механизмді түсіндіріңіз.

9.Глюкокортикостероидтар эйказаноидтардың синтезін қалай ингибирлейді?

Жағдайлық есептер:

1. Зерттелетін зәрде глюкоза анықталды, кетон денелерін ашатын реакция оң болды. Ауыздан жеміс иісі шығады. Сіздің болжам диагнозыңыз.

2. Науқасқа инсулинді еңгізгенде есінен айырылды. Сіз не істейсіз? Неге инсулиннің үлкен дозасын еңгізгенде осындай эффект болады?

3. Қантты диабеттің негізгі симптомдарын есіңізге түсіріңіз. «Қантты диабет–бұл баршылықтағы аштық» деген мағынаны түсіндіріңіз.Үнемі және жиі «фаст фудпен» тамақтанатын адамдар артық дене салмағын жинауға және семіруге бейім.Мұндай тақтануда метаболизмнің қандай өзгерістері семіруге әкеледі? Семіру қандай гормонның әсерімен байланысты?

4. Қантты диабетпен немесе стероидты диабетпен ауырмайтын науқас тісін жұлдыруға дәрігерге келді, оның қанындағы глюкоза мөлшері 7,5 ммоль/л болды. Науқастың қанындағы глюкоза мөлшерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?

5.Бұлшық етінің әлсіздігіне, жарасының жазылуының нашарлауына, остеопороз және пародонтозға шағымданған науқастың қанында глюкоза концентрациясы8 ммоль/л, мочевина – 10 ммоль/л, кетон денелері – 2 мг/дл, инсулина мен С – пептид мөлшері нормада. Бұнымен қатар тәуліктік зәрінде мочевина мөлшері артқаны байқалды. Бұл кездегі гипергликемия және азотемия себептерін түсіндіріңіз.Неге науқаста жоғарыда көрсетілген симптомдар байқалады? Науқас шалдыққан ауруды атаңыз.

6. Бұлшық етінің салмағын өсірген с портсмен – культуристерге тренер ұзақ уақыт дене еңбегімен шұғылдануға тыйым салады. Мұндай ұсыныстың себебін түсіндіріңіз.

7.Аурухананың қабылдау бөліміне көшеде есінен танып құлап қалған қыз түсті.

Науқастың туысқандары оның анорексия екенін және 5 апта тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Тексеру кезінде науқастың қанында глюкоза деңгейі1,8ммоль/л, кетон денелері – 250 мкмоль/л, қан рН 7,1 болды. Науқасты есінен тануға әкелген қанының көрсеткіштерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.

8. Қантты диабетті ұзақ уақытгликлазидпен (сульфомочевина туындысы) емдегеннен кейін науқаста гипогликемия байқалды.Дәрілік препараттар ­ сульфомочевина туындысы инсулин секрециясын арттырады. Гликозид ұйқы безінің b­жасушасының плазмалық мембранасының рецепторымен байланысқан кезде мембраналық К+ - каналы жабылады. Науқастың қанында глюкоза деңгейінің төмендеу механизмін түсіндіріңіз.

9. Кейбір дәрілік заттар (кофеин және теофиллин) цАМФ­ті жай АМФ­ке айналдыратын фосфодиэстераза ферментінің әсерін тежейді. Бұл препараттарды берген кезде қанда май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді? Май тініне адреналиннің және осы препараттардың әсерін схема түрінде көрсетіңіз.

10. 39­жастағы ер адамда май қарынында жиналып семірген,стрии, гипертензия. Чарльз соңғы екі жылда өзінің сыртқы келбеті мен денсаулығында біраз өзгерістер болғанын байқады. Салмағы 13,5 кг артты май беті мен қарынына жиналады.Ішінде қоңыр жолақтар, бетінде безеу, кеудесі мен арқасында дақтар пайда болды.Оның беті үнемі күн мен желде ұзақ болғандай қызарып тұрады. Бұлшық етінің күші азаяды. Микроавтобусқа кіріп шығуы қиындады, кейде орындықтан тұруға қолымен көмектесу керек болды.Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?

ОСӨЖ.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных