ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Клиникалық-теориялық жағдаяттарды1. Науқастың қанында жалпы билирубиннің мөлшері 70 мкМоль/л тең болды, сілтілі фосфатазаның активтілігі 7,5 мкм/л.с., аспартатаминотрансферазаның (АСТ)- 5 ммоль ПЖҚ/л.с, γ-глутамилтрансферазаның (ГГТ)- 500нмоль/л.с. болды. Зәр қою қоңыр, нәжіс түссізденген. Қандай ауру болуы мүмкін? 2. Неге тағам белоктарын липидтер және көмірсулармен ауыстыруға болмайды? 3. Бауыр ауыруында науқасқа неліктен майлы тағам ұсынылмайды? 4. Бауырда өт қышқылдарының синтезі бұзылғанда өт тас ауруының түзілуін түсіндіріңіз. 5.Бауыр науқасында 25(ОН)2Д3 (Д3 дәруменінің активті - алмасу формасы) түзілуі бұзылады. Неге? Бұл неге әкеп соқтырады? 6. Сары ауруына күдік тудырғанда дәрігер қандай анализ тапсыру керектігін белгілейді? 7.Бауырдың паренхимасы зақымданғанда көмірсулар мен белоктардың алмасуы қалай өзгереді? 8. Бауырдың функциясының бұзылуынан аммиактың қанда жоғарылауы, несеп қышқылының, мочевинаның қанда, зәрде төмендеуінің механизмдерін түсіндіріңіздер. 9.Науқаста ауыр вирусты гепатит кезінде бауырлық кома байқалуы мүмкін.Бұл жағдай ми жасушаларына аммиактың улы әсерінен туады.қанда аммиактың көп жиналуы ның себебі неде?Осындай науқастың қанында мочевина концентрациясы қалай өзгереді? 10.Асқазан сөлінің 5 мл-н титрлегенде бос НСІ-ы нейтралдауға 0,1 N NaOH 3 мл жұмсалынды, В көлемі 4 мл болды, барлық қышқыл заттардың нейтралдануына 5 мл жұмсалынды. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан тұз қышқылын есептеңіз. Алынған нәтижелерді бағалаңыз. 11.Науқас белок мөлшері аз диетада. Қан сарысуын зерттеген кезде онда мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л-ге тең болды. Қандай ауру деп болжам жасауға болады? 12.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 85 мМ/л, бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін? 13.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 35 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады? 14.Стимуляциядан кейін бөлінген асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ, жалпы қышқылдығы 6 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? 15.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 30 мМ/л, бос тұз қышқылы 5 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? 16. Науқаста жалпы билирубин 45 мкмоль/л, тікелей билирубин 30 мкмоль-л зәр қошқыл түсті, нәжіс түсі өзгермеген. Қандай ауру деп болжауға болады? 17.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 39 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс өзгермеген. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады? 18.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 95 мМ/л, бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін? 19.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 50 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады? 20.Бауыр ауруларының ферментативті диагностикасы.
7. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. – 113-136 б. 2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. – 157-161; 199-212; 235-258 б 3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.363-404 4. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.287-326 5. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.364-431 4.. Медицина и здравоохранение в России-адресhttp://dlib.eastview.com Қосымша: 1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004 2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003 3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004 4. Биохимия. Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член- корр., РАН, проф.Е.С. Северина.- М.,2005 5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф.С.М. Адекенов- Астана,2003 8.Бақылау: Сұрақтар: 1. Тағам белоктары. Организм үшін белоктардың маңызы. Белоктар алмасуының ерекшеліктері. 2. Асқорыту жолдарындағы белоктардың өзгерістері. Белоктардың қорытылуына қатысатын ферменттер. 3. Асқазан сөлі, асқазан сөлінің физика-химиялық қасиеттері, патология кезіндегі өзгеруі. 4. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы, патологиялық құрамдас бөліктерінің пайда болу себептері. 5. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі, оның патология кезіндегі өзгеруі. 6. Белоктардың ішекте шіруі. Белоктардың шіру өнімдерін залалсыздандыру орны мен әдістері. 7.Амин қышқылдарының сіңірілуі, олардың жасушада пайдаланылуы. 8. Сіңірілген амин қышқылдарының пайдаланылуы. 9. Қайта аминдену, тотықсыздана аминдену. Осы үрдістерге қатысатын ферменттер. Аминотрансферазалардың құрамына қандай витамин кіреді? 10. Креатин, креатинфосфат түзілуі, маңызы. 11. Амин қышқылдарының дезаминденуі. Дезаминдену түрлері, осы үрдістің маңызы. 12. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі. 13. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы. 14. Организмде аммиактың түзілуі, оның қолданылу және залалсыздану жолдары. 15. Амидтену, дезамидтену, осы үрдістердің өтетін орны, маңызы. 16. Мочевина синтезі, үрдістің өтетін орны, маңызы, ҮКЦ-мен байланысы. 17. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдердің түзілуі. Серотониннің, гистаминнің, гамма-аминомай қышқылының, бета-аланиннің маңызы. 18. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі. 19. Гемоглобин, синтезі туралы түсінік, гемоглобин гемінің химиялық табиғаты. 20. Гемоглобиннің ыдырауы. 21. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. 22. Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері. 23. Нуклеопротеидтердің алмасуы, түсінік. Нуклеопротеидтердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра. 24. Белоктар мен көмірсулардың, көмірсулар мен липидтердің, белоктар мен липидтердің бір-біріне айналуы. 25. Бауыр биохимиясы, оның атқаратын қызметтері. 26.Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі. 27.Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі. 28. Өттің түзілуі. 29.Өттің құрамы, өттің түрлері, маңызы. 30.Бауырдың залалсыздандыру қызметі, улы заттардың залалсыздандыру механизмдері. 31. Амин қышқылдарының катаболикалық реакциялары: дезаминдену және декарбоксилдену. 32. Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтау әдісінің принципі, қалыпты көрсеткіштер. 33.Асқазан сөлінің фракциялық әдіс бойынша зерттеу. а) асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерін ашатын сапалық реакциялар. б) НСІ-дың дебит-сағаты деген не? Ол қалай есептеледі? 34. Қан сарысуындағы мочевинаны, креатининді, билирубинді анықтау әдістерінің принциптері. Қалыпты көрсеткіштері. Оларды анықтаудың клинико-диагностикалық маңызы. ОСӨЖ 1. Тақырыбы: Гормондар. Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясының биохимиялық негіздері. 2.Мақсаты: 1. Студенттердің гормондар, олардың жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері туралы алған білімдерін бекіту. 2. Студенттердің тиреоидты гормондардың әсер ету механизмдері және физиологиялық маңызы туралы алған білімдерін бекіту. 3. «Гипертиреоз» және «Гипотиреоз» рольдік ойындары барысында студенттердің коммуникативті дағдыларын дамыту 4. Студенттердің қосымша әдебиеттерден және Интернеттен білім алу арқылы өзін-өзі дамытуға ұмтылыстарын қалыптастыру.
3.Оқыту міндеттері: 1.Студенттердің гормондардың әсер ету механизмдері туралы алған білімін гормондардың физиологиялық әсерін түсіндіруге пайдалана білуге үйрету. 2.Тиреоидты гормондардың физиологиялық әсерін және қалқанша безінің гипо-және гиперфункциясының биохимиялық негіздерін қарастыру. 3. Студенттерді кәсіптік әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге баулу. 4. Жаңа түсініктер енгізу және циклді нуклеотидтер, аденилатциклаза, гуанилатциклаза, G-белок, кальмодулин, белок-аквапорин, тирозинкиназды-фосфатазды жүйе, фосфолипаза С, инозитолтрифосфат, диацилглицерин терминдеріне анықтама беру. 4. Өткізу формасы: 1)Анимацияны демонстрациялау. 2)Рольдік ойын 3)Тақырып бойынша студенттер түсінбеген сұрақтарға кеңес беру. 5.Тақырып бойынша тапсырма: 1. Анимацияны демонстрациялау: «І механизмдегі G-белоктың ролі және G-белоктың кальций каналдарына әсері». 2.Рольдік ойын «Гипертиреоз және гипотиреоз». Ойын студенттерде коммуникативті дағдының дамуына: нақты сұрақ қоюға, «Дәрігердің» «Пациентпен» және керісінше сөйлесе білуіне, студенттердің бір-бірімен және оқытушымен сөйлесуіне дағдыландырады. Гипертиреоз. Ойынға 3 студент қатысады: 1-шісі- «Пациент», 2-шісі- «Дәрігер», 3-шісі– «Комментатор». Гипотиреоз. Ойынға 3 студент қатысады: 1-шісі- «Пациент», 2-шісі- «Дәрігер», 3-шісі– «Комментатор». 6.Таратылатын материал: анимация, гормондардың әсер ету механизмдері бойынша дәрістердің электронды нұсқалары, тесттік тапсырмалар, жаттығулар, рольдік ойын сценарийі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|