Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Макроэлементтер» деген түсінік




Макроэлементтер ағзада көп мөлшерде болады, олардың мөлшері граммен өлшенеді.

Қан плазмасындағы натрийдің мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі (гипер- немесе гипонатриемия)

Қан плазмасындағы натрийдің қалыпты мөлшері – 135-145 мМ/л. Натрийдің 145мМ/л-денжоғары болуы гипернатриемия деп аталады; натридің 135 мМ/л-ден төмен болуы гипонатриемия деп аталады.Гипернатриемия жиі гипергидратация синдромымен байланысты. Бұл нефрит, жүректің жетіспеушілігі, гиперальдостеронизм кезінде байқалады, нәтижесінде артериалдық қысым, терінің тургоры жоғарылайды. Гипонатриемия кезінде ағзаның дегидратациясы байқалады, ол ішектік инфекциялар нәтижесінде дамитын диареяға, гипоальдостеронизмге байланысты болады,сондықтан ұйқышылық, апатия (селқос), гипотония, естен тану болуы мүмкін.

Қан плазмасындағы калийдің мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі (гипер- немесе гипокалиемия)

Қан плазмасындағы калийдің концентрациясы 3,8-5,4 мМ/л. 5,4 мМ/л-ден жоғарлауы гиперкалиемия деп аталады, 3,8 мМ/л-ден төмендеуі гипокалиемия деп аталады. Гиперкалиемия күйіктер, бұлшық еттердің ыдырауында, үлкен операциядан кейін, гемолиз жоғарлағанда, гипоальдостеронизмде, жедел бүйректік жетіспеушілігінде болады. Бұл жағдай қауыпты болады, себебі жүрек тоқтап қалуы мүмкін. Гипокалиемия диуретиктерді (зәр айдайтын препараттар) бақылаусыз қабылдағанда, гиперальдостеронизмде болады. Бұл жағдайда миодистрофия, әсіресе жүректің, дамиды.

Қан плазмасындағы кальцийдің мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі(гипер- немесе гипокальциемия)

Кальцийдің қан плазмасындағы қалыпты мөлшері – 2,25-2,80 мМ/л. Натрийдің 2,80 мМ/л-ден жоғарылауы гиперкальциемия деп аталады; кальцидің 2,25 мМ/л-ден төмен болуы гипокальциемия деп аталады. Гиперкальциемия сүйектің ісіктерінде, Д гипервитаминозында, гиперпаратироидизмде болады. Ұзақ уақыт болған гиперкальциемиякезінде кальций жұмсақ тіндерде мен мүшелерде жиналады (кальцинация). Гипокальциемия гипопаратироидизмде, Д гиповитаминозында дамиды,бұл кезде жұйке-бұлшық еттік қозу жоғарлайды, тырысу (тетания) болуы мүмкін.

 

Қан плазмасындағы фосфордың мөлшерінің жоғарлауы мен төмендеуі (гипер- немесе гипофосфатемия)

Қан плазмасындағы бейорганикалық фосфордың қалыпты мөлшері - 0,67-1,0 мМ/л. 1,0 мМ/л-ден жоғарылауы гиперфосфатемия, ал 0,67 мМ/л-ден төмендеуі гипофосфатемия деп аталады. Гиперфосфатемия гипопаратироидизмде, Д гипервитаминозында байқалады. Гипофосфатемия гиперпаратироидизмде, Д гиповитаминозында дамиды.

 

Сіздің назарларыңызға берілген тапсырмаларда бір, екі, үш немесе бірнеше дұрыс жауаптар болады. Барлық дұрыс жауаптардың сәйкес келетін нөмірлерінің түртпесін(клавиштер) басыңыз.

1.НАТРИЙ МӨЛШЕРІНІҢ ҚАН ПЛАЗМАСЫНДАҒЫ КӨБЕЮІ АТАЛАДЫ _______________

 

2.ГИПОНАТРИЕМИЯНЫҢДАМУЫНЫҢ СЕБЕБІ

1)диарея

2)гипоальдостеронизм

3)гиперальдостеронизм

4)эксикоз (сусыздану)

5)гипопаратироидизм

 

3.{терінің тургорының және артериалдық қысымның жоғарлауы}БАЙҚАЛАДЫ

1)гипонатриемияда

2)гипернатриемияда

3)гиперкальциемияда

4)гиперкалиемияда

5)гиперфосфатемияда

6) гипокалиемияда

7) гипокальциемияда

 

4.{апатия (селқос), артериалдық қысымның төмендеуі, естен тану}

БАЙҚАЛАДЫ

1) гипонатриемияда

2)гипернатриемияда

3)гиперкальциемияда

4)гиперкалиемияда

5)гиперфосфатемияда

6)гипокалиемияда

7)гипокальциемияда

 

5.ГИПЕРКАЛИЕМИЯ ҚАУЫПТЫ БОЛАДЫ, СЕБЕБІ

1)жүректің қызметі бұзылады

2) калий жүректе жиналады

3) калий жұмсақ тіндер мен мүшелерде жиналады

4) калий көп мөлшерде зәрмен бөлініп шығады

5) бауырдың қызметі бұзылады

6. ҚАН ПЛАЗМАСЫНДАҒЫ КАЛЬЦИЙДІҢ ТӨМЕНДЕУІ

АТАЛАДЫ ____________

 

7.ГИПЕРКАЛЬЦИЕМИЯНЫҢ ДАМУЫНЫҢ СЕБЕБІ

1) Сүйктің ісіктері

1) Мидың қызметінің бұзылуы

2) Жүректің қызметінің бұзылуы

3) Бұлшық еттердің ісіктері

4) Д витаминді артық мөлшерде қабылдағанда

5) Диуретиктерді көп қабылдағанда

 

8. ГИПОКАЛЬЦИЕМИЯ КЕЗІНДЕ БОЛАДЫ

1)тырысу

2)жүректің тоқтап қалуы

3)бүйректің жұмыс істемеуі

СЕБЕБІ

1)жүйке-бұлшық еттік қозу жоғарылайды

2) жүйке-бұлшық еттік қозу төмендейді

3) кальцийдің зәрмен бөлінуі жоғарылайды

4) кальций бүйрек пен жүректе жиналады

 

9. ҚАН ПЛАЗМАСЫНДАҒЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ФОСФОРДЫҢ ТӨМЕНДЕУІНІҢ СЕБЕБІ

1.гиперальдостеронизм

2.гиперпаратироидизм

3.гипертироидизм

4.гипертония

 

10. МИОДИСТРОФИЯ КЕЗІНДЕ ЖИІ БОЛАДЫ

1)гипокальциемия

2)гипонатриемия

3)гипернатриемия

4)гиперкалиемия

5)гипофосфатемия

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж.

2. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 489-493 бет.

3. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с..

4. Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с.

5. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 582585.

Қосымша:

1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 103-112.

2. Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 58-59.

3. Аблаев Н.Р. «Биохимия в рисунках и схемах», Алматы, 2005 г, с. 277-310

8.Бақылау:

Сұрақтар:

1.Натрий, калий, кальций, хлор, фосфордың ҚСТ реттеудегі ролі. Организмнің буферлық жүйелері және ацидоз бен алкалоз кезіндегі гидрокарбонатты буфердің жұмысы.

2.Натрий-калий АТФ-азаның жұмысы.

3.Кальций, фосфор-қалыпты мөлшері, ролі, қоры, қай тағамда болады, нормадан ауытқу себептері.

4.Натрий, калий, хлор-қалыпты мөлшері, ролі, қоры, қай тағамда болады, нормадан ауытқу себептері.

5.Су-минерал заттар алмасуы және оның реттелуі.

6.Гемоглобиннің және гемоглобиндік буфердің газдарды тасымалдаудағы ролі (оттектің тасымалдануы, көмір қышқыл газын тікелей және тікелей емес жолмен тасымалдау).

№29 ОСӨЖ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных