Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экологиялық заңдар




Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқықтық

нормативтік актілер еркеше орын алады. Олар ҚР заңдарынан заңдық күші жағынан

жоғары. ҚР Конституциясының 4-бабы 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық

шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады жəәне халықаралық шарт

бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етлілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей

қоданылады» делінген. ҚР Конституциясының 6-бабы 3-тармағы: «Жер жəәне оның

қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, бсқа да табиғи ресурстар

мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен

шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». ҚР Конституциясының 31-бабы 1-тармағы:

«Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды

мақсат етіп қояды». ҚР Конституциясының 38-бабы: «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға

жəәне табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Адамдар өмірі мен денсаулығына

қатер төндіретін деректер мен жағдаяаттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға

сəәйкес жауапкершілікке əәкеп соғады.

Егемендік пен Тəәуелсіздік жарияланған уақыттан бастап ҚР-да қоғамдық дамуда

елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары əәзірленді, табиғат

қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мəәселелері бойынша

бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару

жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау турал», «Ерекше

қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптамалар туралы», Заңдар, ал

2002 жылы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды

пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы жəәне жер қойнауын пайдалану

туралы» (1996 жыл) жəәне «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003

жылы – Орман, Су жəәне Жер кодекстері қабылданды. Заңға тəәуелді қажетті нормативтік

құқықтық актілердің көпшілігі əәзірленіп, бекітілді.

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық

Заңды жауаптылық дегеніміз құқыққа қарсы жасаған əәрекеті үшін құқық бұзушыға

қолданылатын, белгілі бір мүліктік жəәне жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік

мəәжбүрлеу шарасы. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз

мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау

органдары жəәне басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялық құқық бұзушының

арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым-қатынас.

Тəәртіптік жауаптылық. Тəәртіптік жауаптылық еңбек саласы, қызмет бабы, лауазым

дəәрежесімен тығыз байланысты. Экологиялық құқық бұзушылық, немесе қоршаған ортаға

бағытталған теріс қылығы үшін қызметкерге жаза түрінде қолданалатын санкцияны

тəәртіптік жауаптылық дейміз. Сондықтан тəәртіптік теріс қылық деп қызметкердің

кінəәсінен оған жүктелген қызметтік міндеттердің дұрыс орындалмауын не мүлде

орындалмауын айтамыз. Сондықтан, жұмыс беруші қызметкерге қызмет, шарт бойынша

өзінің қоршаған ортаға байланысты қызметтік міндетін орындамағаны үшін оған

тəәртіптік жазалар қоданылады. ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «Еңбек туралы»

Заңының 94-бабына сəәйкес тəәртіптік жазалардың 4-түрі қоданылды: 1) ескерту жасау; 2)

сөгіс беру; 2-1) қатаң сөгіс беру; 3) осы Заңның 26-бабының 9)-12) тармақшаларына

сəәйкес жеке еңбек шартын бұзу.

Егер экология саласында теріс қылық жасаушы мемлекттік ____________қызметкер болса, 1999

жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызметкер туралы» Заңның 28-бабына сəәйкес

төмендегідей тəәртіптік жазалар қодланылады: 1) ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 3) қатаң

сөгіс беру; 4) қызметіне толық емес сəәйкес келетіндігі туралы ескерту; 5) қызметінен

босату.

Тəәртіптік жаза қолдану үшін қызметкерден міндетті түрде жазбаша түсініктеме

алнады. Жаза тағайындау туралы бұйрық қызметкерден қолхат алу арқылы жарияланады.

Жаза 1 ай өтпей тағайындалады.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін материалды жауаптылық. Қоршаған

ортаға келтірілген зиян, əәсіресе мүліктік нұқсанды қызметкер белгіленген мөлшерде жəәне

тəәртіп бойынша орнына толтыру керек. Материалды жауаптылықтың: толық жəәне

шектелген сияқты екі түрі бар. Толық материалды жауаптылық егер қызметкерге толық

материалды жауаптылық міндеттелсе, ішімдіктің, нашаның əәсерімен жасаса, тікелей оның

кінəәсі бойынша қоршаған ортаға зиян, нұқсан келтірілсе, егер кəәсіпорын сотқа

шағымданған жағдайда сот шешімімен тағайындалады.

Шектелген материалдық жауаптылық кəәсіпорын басшысының шешуімен, айлық

орташа еңбекақы көлемінен аспайды.

Ұжымдық материалдық жауаптылық əәрбір қызметкердің материалды

жауаптылығын анықтау мүмкін болмаған жəәне жазбаша шарт ұжыммен жасалғанда

қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы əәкімшілік жауаптылық. (ҚР ƏӘК, 30.01.01.)

Жеке адамның əәкімшілік жауаптылық көзделеген құқыққа қарсы, кінəәлі (қасақана немесе

абайсызда жасалған) іс-əәрекеті не əәрекетсідігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-

əәрекеті не əәрекетсіздігі əәкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

ƏӘкімшілік экологиялық құқық бұзушылық деп экологиялық құқықтық тəәртіпке,

халықтың өміріне, денсаулығына, экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға нақты қауіп

төндіретін, əәкімшілік жауаптылық қарастырылған құқыққа қарсы, кінəәлі əәрекетті не

əәрекетсіздікті айтамыз. ƏӘкімшілік кодекс бойынша əәкімшілік жауаптылыққа 16 жасқа

толған азаматтар тартылады. ҚР ƏӘкімшілік кодекснің 45-бабына сəәйкес экологиялық

құқық бұзушылық үшін əәкімшілік жазаның 10 түрі қолданылады: 1) ескерту жасау; 2)

əәкімшілік айыппұл салу; 3)əәкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның

тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою; 4) əәкімшілік құқық бұзушылықты

жасау құралы немесе оның тікелей объкетісі болған затты, əәкімшілік құқық бұзушылық

жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны жəәне бағалы қағаздарды тəәркілеу; 5)

арнаулы _______құқықтан айыру; 6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан

(куəәлктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-əәрекеттер жасауға

оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 8) өз бетімен салынып жатқан

немесе салынған құрылысты мəәжбүрлеп бұзып тастау; 9) əәкімшілік қамауға алу; 10)

шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР шегінен əәкімшілік жолмен кетіру.

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстық жауаптылық. Адамның

өмірі қоршаған ортаның, ауаның, судың, топырақтың тазалығына, тағамдардың сапасына

тікелей байланысты. ҚР ҚК-нің 2-бабында көрсетілгендей Қылмыстық кодекстің

міндеттеріне адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін,

меншікті ұйымдардың құқықтар мен заңды мүдделерін, қоғамдық тəәртіп пен қауіпсіздікті,

ҚР конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен

қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен

адамзаттың қауіпсіздігін жəәне қоршаған ортаны қорғау жатады.

ҚР Қылмыстық кодекснің 39-бабына сəәйкес экологиялық қылмыс жасалғаны үшін

төмендегідей жазалар тағайындалады: а) айыппұл салу; б) белгілі бір лауазымды атқару

немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары; д) əәскери қызмет бойынша шектеу; е) бас бостандығын шектеу; ж)

қамау; з) тəәртіптік əәскери бөлімде ұстау; и) бас бостандығынан айыру; к) өлім жазасы

қоданылуы мүмкін. Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, əәскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық

дəәрежесінен, біліктілік сыныбынан жəәне мемлекеттік наградалардан айыру; б) мүлкін

тəәркілеу қодланылуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных