Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Компьютердің түрлері мен типтері.




Біз компьютер сөзін естігенде дербес компьютерлерді немесе ноутбукты еске түсіреміз. Алайда, олардың біз біле бермейтін түрлері бар.

1. Үстел үстілік компьютерлер. Біз бұл компьютерді жұмыста, университетте, үйде және т.б жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол монитор, пернетақта, тінтуір және жүйелік блоктан тұрады.

2. Портативті компьютерлер – бұл ноутбуктер. Бұлардың артықшылығы – батареямен жұмыс істейтіндігінде және жинақы болғандығында, сондықтан оны кез келген жерде пайдалануға болады. Ноутбук үстел үстілік компьютерлерден кішкентай болғандықтан, ішкі компоненттеріне қолжетімділік киынға соғады. Бұл дегеніміз – сіз оған ҮҮК-дегі сияқты жаңа бөлшектер қосып немесе оңай жаңарта алмайсыз.

3. Планшеттік компьютерлер немесе жай ғана «планшет». Олар ноутбуктен де жинақы әрі оңтайлы. Пернетақта мен табчадтың орнына мәтінді теру үшін сенсорлық экран қолданылады. IPad-планшеттік компьютерге мысал бола алады. Планшет ҮҮК мен ноутбуктің орнын толық баса алмайды, себебі бағдарламаларды ашуға немесе құжаттармен жұмыс істеуге ноутбук пен ҮҮК ыңғайлы. Бірақ егер сіз ғана ойын ойнап, әлеуметтің желілерде отырып, видео көріп, музыка тыңдауды ойласаңыз, онда планшет компьютерді толық баса алады.

4. Дербес компьютерлер және MAC. Екеуі де толықтай функционалды, бірақ сырт келбеті әр түрлі.

ДК: Мұндай компьютер алғаш рет 1981 жылы шығарылып, IBM PC деп аталды. Кейін осыған ұқсас компьютерді басқа компаниялар да шығара бастады. Бүгінде бұл ДК-дың ең көп таралған типі және ода Microsoft Windows операциялық жүйесі жұмыс істейді.

MAC: Бұл компьютерді Apple Inc. компаниясы 1984 жылы шығара бастады. Ол қолданушының графикалық интерфейсі бар алғашқы компьютер болып саналады. Оларда Mac OS X операциялық жүйесі пайдаланылады.

Біз жергілікті тұрғындардан, студенттерден, университеттегі мұғалімдерден «Сіз үшін не ыңғайлы: ҮҮК ме әлде ноутбук па?» деген кішігірім сауланама жүргіздік. Бұл сауланамаға 32 студент, 9 мұғалім, 21 жергілікті тұрғын қатысты (барлығы 62 адам).

 
 

Сауалнамаға қатысқандардың 84% -ы ноутбукті, 16%-ы ҮҮК таңдады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных