ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Компьютердің құрылысы.Компьютер – жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді түсінбейді және өз бетінше ойламайды. Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді еңгізу - шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап оған белгілі бір мән береді. Жүйелі блок – дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Оның ішінде жүйелік тақша, процессор, оперативті жат, қатқыл диск, видеокарта секілді көп деген маңызды құрылғылар орналасқан. Жүйелі блоктың алдыңғы панелінде қосу және қайта жүктеу батырмасы компактдиск пен дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары бар. Оның артқы жағында негігі және қосымша құрылғыларды қосатын порттар мен кірістік құрылғылар бар. Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынща дисплей түрлі-түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны телевизиялық техникадағы монитор деп те атайды. Пернетақта – компютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты еңгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты еңгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында жүз бір немесе жүз бес перне, ал оң жақ жоғары бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын үш жарық индикаторлары бар. Тінтуір – графикалық басқару құрылысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда экрандағы тышқанның нұсқағышы да бірге қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі батырмасының бірін басып отырып объектілермен көп деген операцияларды орындауға болады. Батырманың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе веб-парақты жоғары немесе төмен жылжытуға болады. 1968 жылы Энгельбарт компьютер тышқанының ең алғашқы үлгісін ойлап тапты. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Оның бірнеше түрі бар. Олар: 1. Матрицалық 2. Сия бүріккіш 3. Лазерлік 4. Сублимационалдық 5. Жарық диотты 1964 жылы бірінші матрицалық принтер пайда болды. Оны жасап шығарушы Seiko Epson компаниясы болды. Ал алғашқы лазерлік принтерді 1971 жылы XEROX фирмасы ойлап тапты. Сканер – қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Ол кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің негізін қалаған Джованни Казелли, ал қазіргі сканерлердің нұсқасын Рудольф Хелл шығарды. Рудольф Хелл 1969 жылы өз жұмысын әрі қарай дамытып, түрлі-түсті суреттерді компьютерге енгізуге мүмкіндік берді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|