Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Біз СіздіҚазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының ІІІ Слетінде көруге қуаныштымыз!

АЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДЕГІ СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ III СЛЕТІ

ШАҚЫРУ

Болашақ» қауымдастығы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен әріптестікте және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының жас, талапшыл стипендиаттары мен түлектерін, шетелдегі Қазақстанның студенттік ұйымдарының көшбасшылары мен белсенді тұлғаларын Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының ІІІ слетіне шақырады.

Слет шетелде оқитын белсенді және бей-жай емес студенттер өміріндегі жыл сайынғы маңызды оқиғаға айналды. Сонымен қатар, халықаралық дәрежеге ие Слет әлемнің түрлі елдерінде оқитын студенттер үшін құрылымдық диалог алаңына айналды. Сарапшыларды, коучтарды тарту арқылы Слет аға ұрпақтың жас ұрпаққа тәжірибесін тапсыру алаңына айналып, білім беру функцияларын да орындауда. Іс-шара шеңберінде шығу бейресми іс-шаралары, тренингтер, «байлам» курстары да жүргізілуде, олардың мақсаты әлемнің түрлі елдерінде оқып жатқан қазақстандықтар арасында байланыстарды орнату болып табылады.

Ағымдағы жылы ІІІ Халықаралық Слет Астана қаласында 14-16 тамызда өтеді. Іс-шара бағдарламасында мемлекеттік жастар саясаты, халықаралық қатынастар, геосаясат, азаматтық сектор және т.б. салалардағы сарапшылардың қатысуымен пленарлық пікір-талас, жобаларды, ұйымдарды, команда құрылымдарын және т.б. басқару дағдыларына оқытуға бағытталған кешенді шығу іс-шарасын, болашақтықтардың, шетел ЖОО студенттерінің, белгілі бір білім саласындағы мамандардың және басқалардың қатысуымен сараптама топтарында жұмыс өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Слетте Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарының бірыңғай ақпараттық алаңының тұсаукесері өтеді.

Слет жұмысына студенттік ұйымдар көшбасшылары мен белсенді тұлғаларының қатысуы халықаралық аренада жастар қоғамдық бірлестіктерінің беделін арттыруға мүмкіндік береді және жастарға әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде шығармашылық өзін-өзі іске асыруға жағдай жасайды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның отандық және шетелдегі студенттік ұйымдарын шоғарландыру, шетелде оқып жатқан қазақстандық жастардың халықаралық студенттік және жастар үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекетін дамыту.

Слетке тіркелу міндетті. 2014 жылғы 8 тамызға дейін сілтеме бойынша өте отырып тіркелуге болады. Байланыс ақпараты: Молжігіт Жалғас, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкері, molzhigit@bolashak.gov.kz, 8(7172) 769-098, 8 701 935 28 28. Орындар саны шектеулі.

Нақты ақпарат пен Слет бағдарламасы кейін жарияланатын болады. Барлық жаңалықтарды www.bolashak.kz жәнеwww.bolashak.gov.kz. сайттарынан көре аласыз.

Біз СіздіҚазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының ІІІ Слетінде көруге қуаныштымыз!

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Особенности тактики производства первоначальных и последующих следственных действий


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных