Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Практикалық сабақ: Базалық емес примитивтермен жұмыс.




Жұмыстың мақсаты: Базалық емес примитивтермен танысу.

Мультитүзу (MLINE) -

Мультитүзу командасы – параллель қиылған түзулер жиынтығынан құралады. Мультитүзудің жаңа стилін құруға немесе үнсіз келісім түрінде енгізілген стилмен жұмыс істеуге болады. MLINE командасының сұраныстары:

Cbrrent settings: Justification = Top, Scale = 20.00, Style = STANDART – ағымдық қалып күйі

Specify start point or [Justification/ Scale/ Style]: - бастапқы нүктені көрсету

Specify next point: - келесі нүктені көрсету

Specify next point or [Undo]:

Specify next point or [Close/Undo]:

Specify next point or [Close/Undo]:

MLINE командасының кілттері (опциялары):

- Justification – сызбаның бастапқы нүктесінің орналасуын анықтау: жоғары Тор, центр Zero, төмен Bottom.

- Scale – масштабтау коэффициенті

- Style – стильды таңдау.

Мультитүзу тұрғызуда мультитүзу стилі қолданылады. Стиль Пішім (Формат) мәзірінен Мультитүзу стилі (Стиль мултилинии) командасын орындау нәтижесінде ашылатын сұхбаттық терезесінде құрылады.

Доға (ARC) -

Доға командасы шеңбердің жартысын сызуға мүмкіндік береді. Доға салудың әр түрлі әдістері бар. Опцияларын Сурет – Доға (Рисование – Дуга) менюінен таңдап аламыз. Үнсіз келісім түрінде доға бастапқы, аралық, соңғы нүктелерін көрсету және сағат тіліне қарсы бағытта тұрғызылады. Доғаны сонымен қатар орталық бұрышын, радиусын, бағытын және хордасының ұзындығын көрсету арқылы да тұрғызуға болады. Хорда дегеніміз-доғаның бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын кесінді. Доға командасының кілттері:

- Center – доғаның центрлік нүктесі;

- End – доғаның соңғы нүктесі;

- Angle – бұрыш шамасы;

- Chord Length – хорданың ұзындығы;

- Direction – жанаманың бағыты;

- Radius – доғаның радиусы.

ARC командасы арқылы доға тұрғызудың төмендегідей тәсілдері бар:

- 3 Points – доғаны үш нүктесі бойынша тұрғызу;

- Start, Center, End – доғаны бастапқы, центрлік және соңғы нүктелері арқылы тұрғызу;

- Start, Center, Angle - доғаны бастапқы, центрлік және бұрышы арқылы тұрғызу;

- Start, Center, Lenqth - доғаны бастапқы, центрлік және хорданың ұзындығы бойынша тұрғызу;

- Start, End, Angle - доғаны бастапқы, соңғы және бұрышы бойынша тұрғызу;

- Start, End, Direction – доғаны бастапқы, соңғы және бағыты бойынша тұрғызу;

- Start, End, Radius – доғаны бастапқы, соңғы нүктелері және радиусы бойынша тұрғызу;

- Center, Start, Angle – доғаны центрі, бастапқы нүктелері және бұрышы арқылы тұрғызу;

- Center, Start, Lenqth – доғаны центрі, бастапқы нүктелері және хорда ұзындығы арқылы тұрғызу;

- Continue – доғаны түзудың немесе доғаның жалғасы ретінде тұрғызу.

Шеңбер (CIRCLE) -

Шеңбер командасын Сурет-Шеңбер командасын орындау арқылы іске қосамыз. Үнсіз келісім түрінде шеңбер центрін және радиусын көрсету арқылы тұрғызылады. Шеңбер командасының сұраныстары:

- шеңбер центрін көрсету;

- радиусын енгізу.

Шеңбер командасының кілттері:

- 3Р – шеңберді үш нүктесі арқылы тұрғызады;

- 2Р – шеңберді екі нүктесін (диаметрін) көрсету арқылы тұрғызу;

- Ttr – екі жанама және радиусы арқылы тұрғызу.

Сплайн (SPLINE) -

Сплайн командасы сызбада қисық сызу сызу үшін қолданылады. Сплайн командасы шақырылғаннан кейін нүктелерді тізбектеп енгізу керек.

Эллипс (Ellipse) -

Эллипс командасын Сурет-Эллипс командасын орындау арқылы іске қосамыз Эллипс көмегімен толық және жарты эллипс сызуға болады. Үнсіз келісім түрінде эллипс тұрғызу бірінші осьтің бастапқы және соңғы нүктелерін және екінші ось ұзындығының жартысын енгізу арқылы тұрғызылады. Эллипстің ең ұзын осі оның үлкен осі, ал қысқасы кіші осі деп аталады. Эллипс командасының сұраныстары:

- Эллипс осінің соңғы нүктесін көрсету;

- Эллипс осінің екінші соңғы нүктесін көрсету:

- Эллипстің келесі осінің ұзындығын көрсету.

Эллипс командасының кілттері:

- Center – эллипстің центрін көрсету;

Arc – эллипстік доға құру режиміне көшу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных