Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Практикалық сабақ: Объектілерді өзгерту әдістері.




Жұмыстың мақсаты: Auto Cad бағдарламасында объектілерді өзгерту командаларымен танысу.

Бір немесе бірнеше таңдап алынған объектілерді жиынтық деп атаайды. Жиынтық белгілі бір қабатта орналасқан немесе белгілі бір түсті объектілерді қамтуы мүмкін. Объектілерді таңдай кілттері немесе тәсілдері:

- Add – жиынтықты толтыру үшін қосу режімін іске қосады;

- Auto – тышқан көрсеткіші орнатылған объектіні ерекшелейді;

- All – барлық примитивтерді таңдауға мүмкіндік береді;

- BOX – екі нүктесі бойынша тікбұрыш арылы ерекшелейді;

- Crossing – шекара контурымен қиылысушы немесе ішінде орналасқан барлық объектілерді ерекшелейді.

Редакторлеу командалары Өзгерту (Modify)– менюінде немесе Өзгерту саймандар тақтасында орналасқан.

1.Шағылысу (Mirror) –бұл команда объектінінің айналық кескінін жасайды. Команданы іске қосу Өзгерту – Шағылысу немесе саймандар құралындағы батырмасына басу арқылы іске асады. Mirror командасының сұраныстары:

Select objects: объектілерді таңдау

Select objects: таңдауды аяқтау үшін Enter батырмасына басу

Specify first point of mirror line: - шағылысу нүктесінің бірінші нүктесін көрсету

Specify second point of mirror line: - шағылысу нүктесінің екінші нүктесін көрсету

Delete source objects? [Yes/No] <N>: - бастапқы объектіні өшіру немесе қалдыру.

Егер бірден Enter пернесін бассақ объектілер өшірілмейді. Объектілерді өшіру үшін Y- кілтін енгізу керек. Мысалы: вертикаль өске қатысты бұрынғы кескінін қалдыра отырып бұйымның айналық кескінін жасау.

_MIRROR

Select objects: W – объектіні шекарамен қоршау режіміне көшу

Specify first corner: -1-ші нүктені көрсету

Specify opposite corner: -2-ші нүктені көрсету

Select objects: Enter батырмасына басу

Specify first point of mirror line: соңғы нүктеге байланыстыру көмегімен 3-ші нүктені көрсетіңіз

Specify first point of mirror line: соңғы нүктеге байланыстыру көмегімен 4-ші нүктені көрсетіңіз

Delete source objects? [Yes/No] <N>: бұрынғы кескінін қалдыру үшін Enter батырмасына басу

2. Жылжыту (Offset) - Жылжыту командасы ұқсас кескіндер сызу үшін қолданылады. Команданы іске қосу Өзгерту – Жылжыту немесе саймандар құралындағы батырмасына басу арқылы іске асады. Offset командасының сұраныстары:

Specify offset distance or [Thrоugh/Erase/Layer] <Through>: жылжыту шамасын енгізу

Select object to offset or [Exit/Undo] <Exit>: - ұқсас объектілер сызылатын объектілерді таңдау

Specify point on side to offset or [Exit/Undo] <Exit>: - жылжыту бағыты бойынша нүктені көрсету

Specify point on side to offset or [Exit/Undo] <Exit>: - команда жұмысын аяқтау үшін Enter батырмасына басу.

Thrоugh кілті жылжытуды нүкте арқылы орындайды.

3. Массив (Array) – массив көмегімен объектілерді көбейтеді. Команданы іске қосу Өзгерту – Массив немесе саймандар құралындағы батырмасына басу арқылы іске асады. Ашылған Массив сұхбаттық терезесінде келесі паарметрлерді орнатуға болады:

1. Тікбұрышты массив мәндерін орнату:

- Жол (Rows) және Баған (Colomns) өрістерінде массивтің жол және баған сандарын енгізу;

- Ара қашықтық және бағыт (Offset distance and direction) аумағының Жолдар арасы (Row offset:), Бағандар арасы (Colons offset:), Бұру бұрышы (Angle of array:) өрістерінде массивтің жол және бағандарының ара қашықтығы, объектіні бұру бұрышы енгізіледі.

 

2. Шеңберлі массив мәндерін орнату:

- Центр (Center point) жолының Х және Y өрістерінде массив центрі орнатылады, тышқан көмегімен центрді көрсету үшін батырмасына басу керек;

- Толтыру әдісі (Method) тізімінен толтыру әдістерінің бірі таңдап алынады: элемен саны және толтыру бұрышы; элемент саны және элементтер арасындаығ бұрыш; толтыру бұрышы және элементтер арасындағы бұрыш;

- Таңдап алынған толтыру тәсіліне байланысты келесі өрістер таңдалынады: Total number of items – элементтер саны; Angle to fill: - толтыру бұрышы; Angle between items: - элементтер арасындағы бұрыш;

- Массив элементтерін бұр (Rotate items as copied) жолына жалауша қою элементті өз өсі айналасында бұруға мүмкіндік береді.

3.Объектіні таңдау (Select object) батырмасы массив элементтерін таңдауға қолданылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных