ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Практикалық сабақ: Құрастырушы сызбалар.Жұмыстың мақсаты: Auto Cad бағдарламасында құрастырушы сызбаларды құру командаларымен танысу. Суреттегі объектілердің бір объект болып байланысқан жиынтығын блок деп атаймыз. Блокты қолдану сурет салу процесін жеңілдетеді. Оларды келесі мақсаттарда қолдануға болады: · Жиі қолданатын символдардың, түйіндердің, детальдардың стандартты кітапханасы (библиотекасы) ретінде; · Қою арқылы суреттерді тиімді түрде және тезредакторлеуге, бүтін блоктардың орнын ауыстыруға, көшіруге. Блок графиктік примитивтердің кез-келген санын құрай алады және әр түрлі қабатта жиналған әр түрлі түсті, типті примитивтерден де құрыла алады. Әрбір блокпен атрибуттарды байланыстыруға болады, яғни блокты суреттке қою кезінде өзгертуге мүмкіндік беретін мәтіндік ақпарат. Блокты суретке қою кезінде блокқа ену пайда болады, яғни масштабтық коэффициенті, бұру бұрышы беріледі. Блок құру кезінде оның базалық нүктесі, көрсетілген блокқа енетін объектілер таңдап алынады. Сонымен қатар, мәтіндік сипаттамасын енгізіп, блокты белгілеуге арналған пиктограммасын беруге болады. Блок құру үшін -батырмасы немесе BLOCK командасы қолданылады. Блок құру кезінде Block Definition сұхбаттық терезесінде келесі параметрлерді көрсету керек: · Name өрісінде – құрылатын блоктың атын енгізуі; · Objects аймағында Select Objeckts батырмасына басып, блокқа енетін объектілерді тышқанмен таңдау керек. Таңдап болған соң Enter батырмасын басу керек. · Objects аумағында таңдап алынған объектілерді өңдеу тәсілдерін арнату керек: 1. Retoin –таңдап алынған объектілер ағымдық суретте бастапқы күйінде қалады; 2. Convert to block- таңдап алынған объектілер блокқа енумен ауыстырылады; 3. Delete- блокты сипаттап болғаннан соң, таңдап алынған объектілер өшіріледі. · Bose point аумағында блокты қоюдың базалық координатасы көрсетіледі немесе Pich point-батырмасы арқылы базалық нүктені таңдау керек. · Description өрісінде –блоктың мәтіндік түсініктемесі енгізіледі. AutoCAD жүйесінде кез-келген сызба құру кезінде блоктарды қолдану үшін WBLOCK командасы қолданылады. Бұл команда блокты дискіге жазу WRITEBLOCK сұхбаттық терезесін жүктейді. INSERT командасы алдын-ала анықталған блоктарды ағымдық сызбаға қоюға мүмкіндік береді. Блокты қою үшін ашылған INSERT сұхбаттық терезесінде Name өрісіне блоктың аты таңдап алынады. Содан соң: 1. Қою нүктесін көрсету, 2. X,Y өстері бойынша масштабын көрсету, 3. Бұру бұрышын көрсету. EXPLODE командасы –блокты оны құраушы объектілеріне бөледі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|