ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы пәндерге айрықшы маңыз беріліп отыр. Ақпарат жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайға тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. Микро деңгейдегі бизнесте қабылданатын шешімнің сапасы алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығы мен оның талдамалық негізінің тереңдігіне тікелей байланысты болатыны іс-жүзінде дәлелденген. Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен шындыққа жанасымды ақпараттар мен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Экономиканың өркендеуі қоғамдағы өндірістік қатынастардың алдына жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар әр түрлі жолдармен шаруашылық субъектісін басқаруға қатысады. Басқаруға қатысудың бір түрі- олардың басы бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық капиталдың қорлануына жұмсау. Қаражаттарын бағыттау үшін мекемелердің қаржылық жағдайын зерттеу, олардың шаруашылық-өндірістік бағытын бақылау әрбір қатынасушының міндеті Ұсынылған есептеменің нақтылығын, оның нормативтік –құқықтық талаптарға сәйкестігіне жауапты тек жүргізілген аудит қана бере алады. «Аудит негіздері» пәнін оқыту жоғары дәрежелі мамандарды даярлауда маңызды болып табылады.
КІРІСПЕ
«Аудит негіздері» пәнінін оқытудың мақсаты студенттерге аудит теориясы мен аудиторлық тексеру жүргізуде қажетті практикалық әдістемелерді үйрету болып табылады. Пәннің мақсаты: - аудиттің пайда болуы мен оның атқаратын қызметтері; - қарастырылатын тақырыптарға практикалық тапсырмалар беру; - мамандық стандарттары мен аудит этикасы; - аудит стратегиясы мен технологиясы; - ішкі және сыртқы аудит; - аудит субъектісі мен оның құқылық негізі, экологиялық және операциялық аудит, аудитті ұйымдастыру және оның орындалу тәртібін оқып үйрету.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|