ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Пән туралы мәліметтер. Сапалы кадрларды дайындау нарық талабынан туындап отыр. Сондықтан да жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық студенттеріне еліміздегі экономиканың дамуы мен келешектегі бағыттары жөнінде экономикалық теория, бухгалтерлік есеп принциптері, қаржылық есеп пәндерінен толық мағұлыматтар беріледі. Осы пәндердің негізіне сүйене отырып үшін аудиторлық қызмет және оны ұйымдастыру негіздері оқытылады.. «Аудит негіздері» пәні экономикалық бақылауды ұйымдастыруды, аудит стандарттарын, аудиторлық жоспарлау мен іріктеу, аудит жұмысының сапасын бақылау, аудит мәліметтерін компьютерлік өңдеу, аудиторлық қорытынды беру және т.б. зерттейді. Лекциялық курста аудит теориясы мен әдіснамасына толық түсініктеме беріледі. Практикалық сабақта кәсіпорынның шаруашылық қызметтеріне байланысты есептер шығарылады. 2. Пререквизиттер. Мамандыққа кіріспе 3. Постреквизиттер. Практикалық аудит, Қаржы ұйымдарындағы аудит 4. Пәннің қысқаша мазмұны. Дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің сипаттық белгісі болып аудиторлық қызметтің қарқынды дамуы табылады. Аудит-бұл тәуелсіз зерттеу, ұйымның қаржылық есептілігін және басқа да экономикалық ақпараттарын талдау, ішкі бақылау жағдайын және бухгалтерлік есепті жүргізудің әрекет ететін заңдылыққа сәйкестігін тексеру, сонымен қатар әртүрлі сұрақтар бойынша аудиторлық қызметтерді көрсету. Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратмен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай- ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға жєне тұтастай қоғамның әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Аудит, тәжірибе ретінде нарықтық экономикада маңызыды роль алатын кәсіпкерлік қызметтің түрі болып табылады. Тәуелсіз аудиторлық қызмет дамыған елдерде қаржылық бақылаудың басты нысаны болып табылады. Берілген бғдарламада ұйымның әдістемесі және оның жеке бағыттарында аудитті жүргізу келтіріледі. Аудитті жүргізудің әдістемелік негізі ретінде халықаралық тәжірибеде кең қолданылатын халықаралық стандарттар қабылданған. Қазіргі кезеңде пәннің ролі және маңызы Қазақстаннның экономикасына нарықтық қатынастардың енуімен және халықаралық одақтың есепті және қаржылық есепті, сонымен бірге аудитті жүргізудің талаптарымен тығыз байланысты.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|