Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ферманың басты өлшемдері




 

Ферманың аралық есебі ферманың колоннамен түйісу түріне байланысты анықталады. Шарнирлі түйісу кезінде (ферма колоннаға жоғарыдан еркін тіреледі) аралық болып тірек бөлшектері осьтері аралығы табылады. МЕСТ 23119-78 бойынша қос бұрышты элементті ферманың ғимараттың жіктеу осьтерімен байламы 200 мм болуы керек, сонда ферма аралығы (1.2-сурет)

l = L – 0,4 м

а) б)

1.2-сурет. Шарнирлі түйісу кезіндегі ферма аралығын анықтау: а) колоннаның ғимарат осьтеріне нольдік байлам кезінде (а = 0). б) а = 250мм байламы кезінде.

Қатаң түйісу кезінде ферма колоннаға қапталынан бекиді және ферма аралығы колоннаның кран үсті бөлігінің қимасының биіктігіне (һb) байланысты. Аралық фермалардың түйісу тұсында колонналар арасындағы аралық ретінде анықталады: l = L – 2( һb – а)

а) б)

1.3-сурет. Беларқаның колоннамен қатаң түйіндесуі кезіндегі ферма аралығын анықтау: а) нольдік байлам кезінде; б) байлам а = 250мм. А = 500мм болғанда.

 

Аралықтың орталық бөлігіндегі ферма биіктігі берілген қатаңдық бойынша ферманың ең кіші массасына қойылатын талаптарды ескеріп анықтайды, [2] 13.1п. 40-кесте.

Одан басқа, дайын фермалардың рациональды тасымалдау мүмкіндігі немесе заводта дайындалған олардың маркалары ескерілуі керек. Тасымалдау талаптарына сәйкес ферманың максимальді биіктігі һ = 3,85м [3].

Жоғарыда көрсетілген конструктивтік және экономикалық талаптарға сәйкес аралықтың ортаңғы бөлігінде параллель белдеулі және трапецеидальды фермалардың биіктігі мына қатынаста алынады:

l аралық.

Сонымен бірге, ферманың ортаңғы бөлігіндегі биіктігі мен шатыр көлбеулігіне байланысты ферманың тірек нүктесіндегі һon биіктігін орнату керек. һon мәні ферманың бірыңғайланған өлшемдерімен қабылданады, 1.5.п. және 1.7-суретті қараңыз.

 

Ферма торы

 

Ферманың сырт күшке төзімділігі оның торының көлденең әсер күшіне қарсы жұмыс істеу қасиеті арқылы толық арқалық қызметін атқарады. Құрылыстық фермаларда мынадай торлар жүйесі ұсынылады:

а) үшбұрышты, олар кезекпен екі жаққа бағытталған қиғаг тіректерден тұрады (1.6а-сурет);

б) қиғаш тіректі, олар тік баған мен қиғаш тіректен ферманың бір жартысында бір жаққа бағытталған (1.4б-сурет);

в) үшбұрышты қосымша бағандарымен (1.4в-сурет).

Қиғаш тіректің төменгі белдеуге ең тиімді көлбеулігі бірінші және үшінші жүйелерде 400-500. Қиғаш тіректерде – 350-450.

Тор жүйелерінің түріне байланысты ферманың массасы өзгереді және ферманы дайындауға әр түрлі дәрежеде еңбек сіңіруді қажет етеді. Мысалы, үшбұрышты, қосымша бағаны бар тор қиғаш тіректі тор фермаға қарағанда түйіндер саны мен зигзагтың жалпы ұзындығы аз болады. Сонымен бірге қосымша бағандар жоғарғы белдеудің панелінің ұзындығын қысқартады, сондықтан қосымша бағандарды пайдалану тиімді болып саналады.

Фермаларда шеткі қиғаш тіректер төмен қарай немесе жоғары қарай бағытталған болуы мүмкін (1.4б-сурет). Жобалау практикасында трапецеидальды және параллель белдеуді фермаларда тіреулік қиғаш бағандарды жоғары қарай бағыттап орналастырады. Бұл жағдайды ферманың тірек бөлігіндегі қатаңдық нығаяды.

 

1.4-сурет. Ферма торларының жүйесі

 

Ферма панельдері

Жоғарғы белдеудің панель өлшемдері қиғаш тіректердің ең тиімді көлбеуліктеріне байланысты қойылатын талапқа сай қабылданады (1.3.п. қараңыз). Сонымен бірге, буындарына түсетін ауырлық күштерін біртекті бағыттау үшін жабын жүйесін ескеру керек. Олар сырғауылды және сырғауылсыз болып бөлінеді (1.5-сурет).

 

1.5-сурет. Төбежабын жүйесі

 

Бірінші жағдайда сырғауылдардың ара қашықтығы төсеніштерге байланысты, [3] бойынша 1,5 немесе 3м болып қабылданады.

Екінші жағдайда темірбетон плита немесе металл қаңылтырдан шатырлық төсеніш (ұзындығы 6,12м және ені 1,5 немесе 3м) тікелей фермаға бекітіледі.

Осылайша, [3] пунктегі ұсыныс бойынша жоғарғы белдеудің панелі 3м болып қабылданады (кей жағдайда 1,5метрлік шпренгель баған орнатып кішірейтуге болады), ал төменгі белдеудің панелін 6м мөлшерінде қабылданады.

Курстық жобада панельге жіктеуді ортадан бастайды, яғни орталық панельді модульдік, ал шеткілерін кішірейген панель ретінде қабылдайды.

Жіктеуді мынадай мысалдарда қарастырайық:

Мысал 1. Шарнирлі раманың аралығы L = 21м. Ферманың жоғарғы және төменгі белдеулерінің панельдерінің өлшемдерін анықтау керек (1.6а-сурет).

1.2.п. сәйкес ферма аралығы l = 21 – 0,4 = 20,6м.

Төменгі белдеу бойынша екі орталық панельді 6м етіп қабылдаймыз, онда шеткі панель ұзындығы:

Жоғарғы белдеу бойынша ортаңғы алты панель 3метрден, онда:

 

1.6-сурет. Ферма панельдерінің өлшемін анықтау.

 

Мысал 2. Қатаң рама аралығы L=30м. Байланысы бөлігі а=250мм, колоннаның жоғарғы бөлігінің қимасының биіктігі һb = 500м. Белдеу панельдерінің өлшемдерін анықтау керек (1.6б-сурет).

1.2.п. сәйкес ферма аралығы

l = 30 – 2 (0,5 + 0,25) = 28,5м

Онда ортадағы үш алты метрлік панель болғандағы ферманың төменгі белдеуінің шеткі панельдерінің ұзындығы:

Жоғарғы белдеу үшін:

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных