ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТУРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ Инженерлік-экономикалық факультет Туризм және сервис» кафедрасы
Бекітемін «Тұран-Астана» университетінің ОӘК Төрағасы э.ғ.к. Шайжанов М.К. ________________ «___»__________2010ж.
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ПӘНІНЕН ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Барлық мамандықтарға арналған Кредит саны - 2
АСТАНА - 2010
Растырған: «Туризм және Сервис» кафедрасының аға оқытушы Дүйсенбай А Рецензенттер: г.ғ.к., доцент Аяпбекова А. Е. Аға оқытушы Асылбеков К.М
«Туризм және сервис» кафедрасының отырысында «Талқыланды» Кафедра меңгерушісі, доцент, г.ғ.к. __________ Аяпбекова А. Е. Хаттама № _______ «_____» _______________2010ж.
Хаттама № ___ ИЭФ ОӘБ отырысында «Бекітілді» ОӘБ төрағасы, э.ғ.к. Хаттама № ___ __________ Айсакова Б.А «__»__________ 2010 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТҰРАН-АСТАНА Университеті
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ»
Барлық мамандықтарға арналған Кредит саны - 2
Астана 2010 ж. АЛҒЫ СӨЗ Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жұқаруы, Əлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.т. Бірқатар уақытқа дейін, Ле–Шателье приципіне сəйкес, адамның қоршаған ортаға əсері биосферадағы өтіп жатқан процестер нəтижесінде жұмсартылып келді. Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы. Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера - адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады. Мəселені табиғи тепе – теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму - əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Пəннің мақсаты студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді. Курстың негізгі мақсаты – табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру. Пəнді оқытудағы міндеттер: Ø тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақтылығын оқып-білу; Ø биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру; Ø əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттеріі туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру; Ø студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру. Пəнді оқыту нəтижесінде студенттер білуі тиіс: Ø тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын; Ø тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын; Ø энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын; Ø табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін; Ø антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын; Ø тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды. игеруі тиіс: Ø табиғи жəне антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы; Ø биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі; Ø тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.
машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде қазақстан республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс. Осы курстың алдында оқытылатын пəндердің тізімі: мектеп бағдарламасы шеңберіндегі биология, география, химия, математика, физика пəндері. Сабақтас пəндердің тізімі: мектеп бағдарламасы шеңберіндегі: əлемдік тарих, қазақстан тарихы. Пəннің мазмұны КІРІСПЕ Экологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері жəне зерттеу əдістері. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, глобалдық экология. Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы. Экологияның практикалық міндеттерді шешудегі рөлі. Экологиялық проблемалар, олардың осы заманғы экономикалық жəне саяси үрдістердегі алатын орны мен рөлі. “Тұрақты даму” ұғымына анықтама жəне тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы экологияның рөлі. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|