ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәріс 4. Биосфера және В.И. Вернадскийдің биосферлі-ноосферлі концепциясыХ1Х ғасырдың басында ғылымға “биосфера” түсінігін еңгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б. Ламарк (1744-1829) болған. “Биосфера” терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін “гидросфера”, “литосфера”, “тропосфера” ұғымдарымен бірге Х1Х ғасырдың аяғында атақты австрия геологы Э. Зюсс (1831-1971) ұсынды. Биосфера немесе экосфера – жердің ір қабаты, тірі организмдер өмір сүретін орта. Биосфера тропосфера, гидросфера, литоосферадан тұрады. Биосфераның жоғарғы шекарасы озон қабаты болып есептелінеді (15 км). Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы В.И. вернадский. Оның негізін В.И. Вернадский “Биосфера” деген кітабында жазған. Оның түсінігі бойынша биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады (литосфера). Биосферадан кейін ноосфера ұғымын алғашқы рет Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейляр Шарден (1927ж) болды. Ол 1959 жылы жарық көрген “Адам феномені” еңбегінде ноосфераның “жаңа қабат”, “ойлайтын қабат” деп атады. Вернадский бойынша ноосфера адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады. Ол өзінің ең соңғы еңбегінде ноосфера – сана, ақыл-ой қабаты деді. Одан 1974ж ағылшын ғалымы Б. Конномер тірі және өлі табиғатың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңға біріктірді. Бірінші заң – барлығы барлығымен байланысты. Мысалы оңтүстік аралдардың бірінде дәрінің көмегімен масаларды өлтірген. Соның салдарынан масамен көректенетін кесіпткелер қырыла бастаған. Содан соң кесіпткелермен көректенетін жабайы мысықтар саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандар саны күрт артып кеткен. Олай болса масалар да экожүйенің маңызды құрам бөлігі. Екінші заңы – материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Мысалы тыныс алу нәтижесінде бөлініп шығатын қанықан көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін керек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегін бөліп шығарады. Үшінші заң – табиғат өзі жақсы біледі. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|