Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы




Аудиториялық сабақ барысында ағымдық бақылау, ОӨЖ орындағанының сапасын бақылау; коллоквиум және тест түрінде алынатын екі рубеждік бақылау; компьютерлік тест формасындағы емтихан жоспарланады.

Ағымдық бақылау -20%

ООӨЖ және ОӨЖ бақылау -20%

Рубеждік бақылау:

Коллоквиум -10%

Тестілеу -10%

Ағымдық және рубеждік бақылаулар -60% төмен емес

Қорытынды бақылау -40% төмен емес

Оқу пәнінің талаптары

«Экономикалық теория» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредит құрайды, оның ішінде 15 сағат – дәріс, 15 сағат – практика, 30 сағат – ОӨЖ.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті қатысу, сұрақтарды талқылауға белсенді қатысу, оқу-әдістемелік құрал мен негізгі әдебиеттер бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға алдын-ала дайындалу, ОӨЖ тапсырмаларын уақтылы және сапалы дайындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, ОӨЖ бақылау, рубеждік бақылау, қорытынды бақылау).

ГЛОССАРИЙ

 

Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын рентасы (табысы).

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы

Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

Құнды қағаздар – иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар (акциялар, облигациялар, вексельдер, депозиттік және инвестициялық сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).

Баға индексі -тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

Банк пайызы - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

(проценті)

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және валюталық қолма-қол ақша, акциялар, т.б. көрсетіледі.

Бәсеке- өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың табыстан артып кетуі.

Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

Вексель – төлем және несие құралы; кәсіпкердің несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

Венгур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.

Дебитор – кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.

Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.

Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

Депозит – белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

Дивиденд –акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.

Диверсификация -бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы ассортиментінің ұлғайып отыруы.

Дифференциалды рента І-ші - жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен жер учаскесінің жақсы орналасуына байланысты алатын рентасы (жол ақысы)

Дифференциалды рента ІІ-ші - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.

Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалған аймақтар.

Ең төмен деңгейдегі тұтыну - адамның физиологиялық және әлеуметтік бюджеті (минимальды) мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну тауарлар мен қызметтердің жиынтығын сатып алуға жұмсалатын шығын.

Ең төмен жалақы - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек (минималды) ақысының ең төмені деңгейі.

Жабық акционерлік қоғам - акциялары тек құрылтайшылардың немесе күні бұрын айқындалған адамдар тобының арасында ғана сатылатын шаруашылық формасы.

Жалақы - еңбеккерлердің білгілі бір уақыт кезеңінде (күні, айы) алатын ақшалай табысы.

Жалпы ішкі өнім - статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші; ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің белгілі бір кезеңдегі нарықтық құны.

Жалпы ұлттық өнімнің - номинальды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге дефляторы қатысын көрсетеді.

Жалпы ұлттық өнім – статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны

Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынға құрылтайшы-лардың бірігіп салған салымдарының құны, яғни кәсіпорын капиталының бастапқы сомасы.

Жер - өндірісте пайдаланатын табиғи ресурстар мен байлықтар

Жекешелендіру - мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

Жұмыссыздық - еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметін таба алмай дағдаратын әлеуметтік = экономикалық құбылыс.

Жиынтық сұраныс (АД) - бұл графикте көрсетілген кисық сызық, оның мағынасы: қоғамдағы барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі, яғни тұтынушылардың, кәсіпорындардың және үкіметтің бағаның әрбір деңгейінде нақты жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

Жиынтық ұсыныс (АS) - бұл графикте көрсетілген модель, яғни бағаның әрбір мүмкіншілік деңгейінде өндірілген нақты жалпыұлттық өнімнің көрінісі.

Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.

Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.

Инвестициялық банктер - ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер.

Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.

Инновациялық бактер - өнер, табысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.

Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.

Ипотека - ақшалай қаражат алу мақсатымен жылжымайтын мүлікті (жерді, кәсіпорынды, ғимаратты, жермен тікелей байланысты басқа да объектілерді) кепілге салу түрі.

Кадастр - табиғат объектілері туралы негізгі мәліметтердің жүйелендірілген жинағы (су,жер,). Жер құбырларына сәйкес пайдалануға бөлінетін әрбір жер учаскесіне арнаулы ережелер бойынша кадастрлық нөмір, яғни жеке және қайталанбайтын код беріледі.

Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.

Конвенция - халықаралық келісімшарт.

Конверсия - 1. өндірісті түбдірімен өзгерту; 2. бір валютаны екінші валютаға айырбастау.

Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.

Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).

Консорциум - бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын (қажет ететін нақты экономикалық мінддеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде уақытша берлестік (шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалар мен банктердің бірлестігі).

Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.

Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.

Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.

«Көгілдір фишкалар» («голубые фишки») - алынатын табыстары төленетін дивидендтерінің тұрақты көрсеткіштерімен жақсы танылған АҚШ-тың аты шулы ірі корпорацияларының жай акциялары. Елімізде негізінен өнеркәсіптік сектордағы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілген неғұрлым акционерлік қоғамдар «көгілдір фишкалар» деп аталады.

Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

Қосымша құн - өнімді сатудан түскен түсімнен оны өндіру үшін басқа фирмалардан сатып алу шығындарының арасындағы айырмашылық құн, яғни фирманың осы өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны (жалақы, несие пайыз, жал төлемі, салықтар мен пайда сомасы).

Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын.

Лаффердің қисығы - салық өсімі мен салық түсімі арасындағы байланыстың графиктегі көрінісі.

Лизинг - заңды (жеке) тұлғаның еңбек құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа фирмалардың меншігін пайдалануы; ұзақ мерзімде пайдалануға құрал жабдықтарды несиеге беру.

Либерализация - бейтараптану; «бағаны либерализациялау» – бағаны босату, яғни әкімшілік жүйеде мемлекет бағаны бірқалыпта ұстап, нарықтық экономикаға өту кезеңінде оны босатып жібереді.

Лицензия - ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттермен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және т.б. пайдалануына арнаулы рұқсат (келісім).

Лоренц қисығы - қоғамда табыстардың графикте нақты бөліну көрінісі.

Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық саясаттың басты мақсаттары.

Мемлекеттік қарыз - өткен жылдардағы бюджет тапшылығының жиынтық сомасы.

Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.

Микроэкономика - экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы, үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.

Монетаризм - Макроэкономикалық талдау мен экономиканы реттеу теориясы, ол экономикалық дамуда ақшаның және экономиканы тұрақтандыруда ақша-несие саясатының рөлін бірінші орынға қояды.

Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысының нарықта үстемдік жүргізуі.

Монополистік бәсеке - нарық көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады.

Мультипликатор - ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналысының өсуі, немесе азаюының қанша есеге өзгергенін анықтайтын көрсеткіш.

Нақты еңбек - арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскерлердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінетін, яғни тауардың тұтыну құнын жасайтын еңбек.

Нақты жалақы – Жұмысшының номинальды жалақысына өзі мен отбасы үшін қанша және күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты пайыздық - номинальды пайыздық мөлшерлемеден мөлшерлеме инфляция ықпалын тазартқандағы мөлшерлеме.

Несие - бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар – материалдық беруі туралы келісім.

Номиналдық жалақы - жалақының ақшалай сомасы

Номинальды пайыздық - ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлеме мөлшерлеме.

«НОУ-ХАУ» - патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.

Облигация - құнды қағаз, ол иесінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады.

Олигополия - нарықта аздаған ірі компаниялар үстемдік жүргізеді. Өнім біркелкі (біртектес) болып келеді. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруі қиын болады. Бағаны бақылау бір біріне тәуелді болады.

Онкольдық несие - қарыз алушы несие берушінің талап етуі бойынша өтейтін қысқа мерзімді коммерциялық несие. Тауарлар мен құнды қағаздар кепілдікке жүреді.

Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, метариалдардың, отынның, энергияның негізгі құралдардың, оларды дайындау мен өткізуде көрсетілетін қызметтер шығындарының ақшалай сомасы.

Өндіріс шығындары - материалдық заттар мен қажетті еңбек шығынының жиынтығы. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны.

Пайда - табыстың шығыннан ақшалай есептегі артуы.

Пайда нормасы - пайданың барлық авансыланатын капиталға (немесе тиімділік) (барлық шығындарға) пайыз түріндегі қатынасы.

Пассив - бухгалтерлік баланстың бөлігі, оң жағы. Ол қаржының қайдан келіп түсетінін және қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсетеді.

Патент - 1) өнертапқышқа ашқан жаңалығын пайдалануға құқық беретін куәлік қағаз; 2) саудамен, кәсіппен айналысуға құқық беретін рұқсат қағаз.

Протекционизм - мемлекеттің жергілікті өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау саясаты.

Паритет - алтын мөлшеріне сай келетін валюталардың ара қатынасы.

Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.

Резервтік валюта - ұлттық (доллар, фунт, стерлинг) және ұжымдық валюталар (ЭКЮ,СПЗ), оларды елдер халықаралық есеп шоттарындағы қарыздарын реттеп отыру үшін пайдаланады.

Резидент - белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға.

Рента - жерден, мүліктен, капиталдан т.б. заттардан меншік иесінің еңбексіз табыс алуы.

Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды қайтып әкелу.

Реэкспорт - шетелден әкелінген тауарды өңдемей елден қайтарып жіберу.

Рецессия - өндірістің құлдырауы.

Роялти -салық салу жүйесінде табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін жер иесінің жерді пайдаланушыдан алатын төлемақысы және пайда үстемесіне салынатын салық.

Санация - банктер мен ірі өндіріс орындарын банкротқа ұшыратпау мақсатында жүргізетін шаралар жүйесі немесе кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру шаралары.

Сальдо - табыс пен шығын арасындағы айырмашылық.

Секвестр - бюджеттің атқарылуы кезінде тапшылықтың белгіленген деңгейден артып кетуінен, не түсімдердің қысқаруынан және көзделген шараларды ағымдағы қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылатын арнаулы шаралар.

Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру, мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысады.

Стагфляция - өндірістің тоқырауымен, инфляцияның бір мерзімде өршуімен сипатталатын экономиканың жағдайы.

Синдикат - кәсіпорындар бірлестігі, бұл бірлестіктер барлық сауда қызметтерді (баға белгілеу, тауар өткізу, т.б.) жүзеге асырады, ал өнім өндіру жауапкершілігін кәсіпорындар өз мойнына алады.

Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Стратегия - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнер, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзім кезеңінде алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды жоспарлау.

Субвенция - мемлекеттің мақсатты жәрдемінің бір түрі.

Субсидия - мемлекеттің бір жолғы қайтарымсыз ақшалай көмегі.

Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақының ақшалай сомасы.

Сұраныстың икемділігі - тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасының өзгеруіне жауап ретінде сұраныстың мөлшерінде болатын өзгерістің деңгейі.

Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорт құнының сомасы.

Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.

Таза пайда - кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен қалған қалдық пайда

Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпыұлттық өнім.

Трансферт төлемдер- (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару. 2. мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы, жәрдемақы,стипендия т.б.)

Төлем балансы - шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлем сомасы мен белгілі бір уақыт аралығында олардан алынған сомалар арасындағы айырмашылық. Төлемдер мен түсімдерге алтын,тауарлар мен қызметтердің қүны, туристердің шығындары, капиталдың қозғалысы, пайыздар мен несиелердің негізгі сомасы кіреді.

Трансұлттық корпорация - штаб пәтері бір елде орналасқан және көптеген филиалдары дамыған елде, сондай-ақ дамушы елде орналасқан халықаралық корпорация.

Трестке қарсы заң - еркін бәсекеге бөгет жасайтын монополистік бірлестіктер құру жолы мен капиталды орталықтандыру процесін реттеу үшін мемлекетте қолданылатын заң актілері.

Тұйық валюта - бір елдің көлемінде пайдаланылады, дамушы елдердің көпшілігінің валютасы.

Ұлттық табыс - елдің әлеуметтік экономикалық дамуын қорытындылаушы көрсеткіш; қоғамдық жиынтық өнім құнының құрал-жабдық – еңбек заттары өтелгеннен кейін қалған бөлігі, яғни ұлттық табыс жалпы өнім жиынтығы мен өндірістік шығындар арасындағы айырмашылық; таза ұлттық өнімнен алынатын жанама салықтардың арасындағы айырмашылықпен есептеледі.

Ұлттық шоттар жүйесі - өндірісті макроэкономикалық есептеу, (ҰШЖҚ қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және түпкілікті пайдалану жүйесі, ол бухгалтерлік есеп-шоттар нысанында жасалған. Ұлттық есеп-шоттар БҰҰ-ның халықаралық статистикасында кеңінен пайдаланылады.

Ұсыныс - нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.

«Үлкен сегіздік» - бірінші әлемнің алуыңғы қатарлы индустриалды мемлекеттері (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Италия, Ресей). Әлемдік шаруашылық, тағы өзекті проблемаларды шешуді талқылайтын жыл сайын жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыру-шылар.

Франчайзинг - ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.

Фьючерстік келісім - тауар мен қор биржасындағы мәліме түрі, мерзімдік келісім; тауарды (қызметтерді) құнды қағаздарды келісім жасалғаннан кейін өзара шартта көрсетілген бағамен төлеу, сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәселесі. Оның мақсаты – акциялардың бағасындағы немесе бағамындағы мәміле аяқталған кезде пайда болатын айырманы алу.

Хайринг (ағыл.-жалға беру) - негізгі құрал жабдықты жалдаудың орта мерзімдік шарты. Қысқа мерзімдік жалгерлік – рентинг, ұзақ мерзімге арналған желгерлік – лизинг деп аталады.

Халықаралық валюта қоры - ерікті халықаралық қаржылық ұйым; оны құру жөніндегі шешім 1944 ж. Бреттон Вудстағы конференцияда қабылданған. Мақсаты – халықаралық ынтымақтастықа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәр-демдесу, елдердің валюталық қатынастарын реттеу.

Халықаралық қайта құру мен даму банкі - бүкіләлемдік банк (штаб-пәтері Вашингтонда) қаржылық институт. Негізгі міндеті – үшінші әлем елдеріндегі, әсіресе ең төмен дамыған елдерде даму жобасын несиелеу.

Хедж - бағаның болашақта қолайсыз өзгеру қатерінен сақтандыруға арналған шарт.

Холдинг - тәуеліді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.

Чартер - көлік құралын немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не сапарға жалдау туралы шарт.

Шетелдік инвестициялар – шетелдік меншік иелерінің өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке және экономиканың басқа да салаларына ұзақ мерзімге капитал бөлуі.

Экстраполяция - құбылыстың бір бөлігін бақылаудан алынған қорытындыларды оның басқа бөлігіне қолдануға негізделген ғылыми –зерттеу әдісі; мысалы, экономикада өткен кезеңде болған тенденциялардың болашақта да дамуы туралы болжам болып табылады.

Экспорттық–импорттық – импорт пен экспортқа сан және құн квота шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер бойынша белгілі бір мерзімге енгізіледі.

Эмбарго - тыйым салу, валюталарды, алтынды, тауарларды, құнды қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттің тыйым салуы.

Эмиссия - ақша белгілерін және құнды қағаздарды айналысқа шығару.

Экспансия - (лат. – «кеңейту», «тарату»); ықпал ету аумағын кеңейту, ол экономикалық әдістер мен де (капиталды сыртқа шығару, жоғары пайызбен қарыз беру, т.б.) және экономикадан тыс әдістермен де (дипломатиялық қысым) жүзеге асырылады.

 

ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАРҒА БЕРІЛГЕН ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ДӘРІС КУРСТАРЫН ҚАРАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.

  1. Экономикалық теория пәні.
  2. Экономиканың зерттеу әдістері.
  3. Экономикалық теорияның функциялары.

Мақсаты: Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету.

1. Экономикалық теория пәнінің қалыптасуы мен дамуының тариғы.

2 Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. Позитивтi және нормативтi экономикалық теория.

3 Экономикалық теорияның қызметтерi. Экономикалық теория мен экономикалық саясат.

4. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы жағдайында экономикалық теорияның рөлi мен маңыздылығы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных