ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орныМеншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. Меншік объектілері мен субьектілері. Азақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері. Мақсаты: Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету. Негізгі түсініктер мен терминдер Жекешелендіру, Иемдену, Меншік, Меншік объектілері, Меншік субъектілері, Меншікті мемлекет иелігінен алу, Қоғамдастыру,Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі, Табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, Иемдену құқығы, Пайдалану құқығы, Басқару құқығы Дәріс мәтіні. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы. Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады: 1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану. 2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару 3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді. 4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы. 5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі. 6. Табысты бөлу әдістері. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша): 1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы. 2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы. 3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы. 4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы. 5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы. 6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы. 7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы 8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы. 9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы. 10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы 11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы. Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады. Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|