Монополистік бәсеке нарығы.
Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшелігі:
• Фирмалардың салыстырмалы көп саны;
• Өнімдер бір-бірінен ерекшеленеді;
• Бағалы және бағалы емес бәсеке жүргізіледі;
• Салаға кіру салыстырмалы оңай, бірақ белгілі бір шектеулер пайда болады. Олар: патент, лицензия, сауда маркасы т.б.
Монополистік бәсеке нарығында тауарлар бір-бірінен дифференциалданып ерекшеленеді:
• Сапасы жағынан;
• Қызмет көрсету жағынан;
• Фирманың орналасуы жағынан.
Таза монополия. Таза монополияда өнімнің бір ғана өндірушісі болады. Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнім жоқ. Таза монополияның негізгі ерекшеліктері:
• Белгілі бір өнімнің бір ғана өндірушісі және сатушысы болады;
• Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнімдер жоқ. Сондықтан монополистің жарнама жасауы өз еркінде болады;
• Монополист бағаға толық бақылау жасайды.
Салаға кірудің шектері өте жоғары болады. Оның экономика, технология, заң жағынан шектері бар. Сонымен қатар табиғи монополиялар да болады: газ, су, электроэнергия, байланыс т.б. Бұл салалар бірнеше қолда болатын болса, шығындарды анықтау қиындап, пайда аз болады. Сондықтан мемлекет бұл салаларды бір кәсіпорынның қолына береді. Бірақ бағаға бақылауды өзі жасайды.
Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|