Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақшаның атқаратын қызметтері.




1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

3. Нарық, айырбас, айналым категориялары өте тығыз байланысты және күнделікті тұрмыста көп кездеседі. Қоғамдық еңбек бөлінісі қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбасталуына мүмкіндік туғызады. Бұған байланысты айырбас барлық экономикалық дәуірге кіретін экономикалық категория болып табылады. Айырбастың ең көп тараған формасы - бартер.

Бартер - бір тауардың екінші тауарға ақшасыз айырбасталуы (Т-Т). "Айырбас" пен "тауар айналымы" арасында айырмашылық бар. Тауар айналымы - жанама түрде ақша мен тауар айырбасы (Т-А-Т). Олай болса тауар айналымы ақша айналымымен байланыста болады.

Алайда көптеген жыл көлемінде тауар айналымы кездейсоқ құбылыс деп ұйғарылды. Тек ол қазіргі жалпылық сипатқа ие болған кезде ғана нарық жүйесінің дәлелін қарастыруға болады. Бұл 6-7 мың жыл бұрын болған. Алғашқы кезеңдері нарық деп - адамдар тауарлар мен қызметтердің айырбасын жүргізетін жерді атаған.

Тауар өндірісі қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңінен дамуына байланысты. Нарық әркелкі, сондықтан оны әртүрлі жақтарынан оқьп үйренуге болады. Нарықты сату - сатып алу көзқарасы жағынан қарастырсақ, ол ұсыныс пен сұраныс және өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара арақатынас сферасы деуге болады. Ал экономиканы ұйымдастыру жағынан қарастырсақ, ол экономиканы қалыптастырудың қоғамдық формасы болып табылады. Нарық қатысушылардың позициясы жағынан оны шаруашылық субъектілері арасындағы қоғамдық байланыс деп айтуға болады.

Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;

Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады;

Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;

Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;

Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.

4. Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының және олардың қызығушылық объектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді. Нарықтың әрекет етуші тұлғалары немесе субъектілері үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет болып табылады.

Үй шаруашылығы - бұл бір немесе бірнеше тұлғаның құрамындағы экономикалық бірлік. Ол:

• өз бетінше шешім қабылдайды;

• қандайда бір өндіріс факторының иеленушісі болып табылады және өзінің мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сата алады немесе жалға бере алады;

Фирма - бұл экономикалық бірлік. Ол:

• сату мақсатымен өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланады;

• пайданы максимизациялауға ұмтылады;

• өз бетінше шешім қабылдайды.

Мемлекет қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа және шаруашылық субъектілеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін саяси және занды билікті жүзеге асыратын үкіметтік мекемелермен ұсынылған.

Үй шаруашылықтары, фирмалар және мемлекет нарық объектілерін сату және сатып алу, пайдалану, иелену туралы экономикалық қатынастарға кіреді. Нарықтық шаруашылықтың объектілері: тауарлар мен қызметтер, өндіріс факторлары (еңбек, жер, өндіріс факторлары), ақша, кұнды қағаздар субсидиялар, әлеуметтік төлемдер т.б. болып табылады. Нарықтың нақты құрылымы бар.

Нарық құрылымы - бұл нарықтың бөлек элементтерінің ішкі құрылысы. Нарықтың құрылымын әр түрлі критерийлермен жіктейді. Олардың ішіндегі маңыздылары келесілер болып табылады:

• экономикалық міндеттеріне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестициялар, құнды қағаздар, қаржы нарығы;

• географиялық орналасуына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық және әлемдік нарықтар;

• бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, олигополиялық, еркін және аралас нарықтар;

• саласы бойынша: автомобиль, бидай нарығы;

• сату түріне байланысты: көтерме, бөлшек сауда нарығы.

Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы - бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен мекемелердің жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының үш түрін ажырату қабылданған: тауар, қаржы және еңбек нарығы.

Тауар нарығының инфрақұрылымы биржалық емес сипаттағы делдал фирмалары, жәрмеңкелермен, аукциондармен, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен, тауар биржаларымен ұсынылған.

Қаржы нарығының инфрақұрылымы өзіне валюта және қор биржаларын, банктерді, сақтандыру компанияларын және қорлады қосады.

Еңбек нарығының инфрақұрылымы өзіне еңбек биржасын еңбекпен қамту қызметі мен кадрларды даярлау мен жұмыс күшінің миграциясын реттеуді және т.б. қосады.

Көріп отырғандай классикалық нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері сауда торабы, биржалар, және банктер болып табылады.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бұдан басқа нарықтың сәтті жұмыс істеуі жарнамасыз, ақпараттық және кеңес беру қызметтерінсіз, тексеру және бақылау мекемелерінсіз мүмкін емес.

Соларға келейік.

Жарнама (лат.- айқайлаймын) - бұл сұранысты көбейту мақсатымен тауарлар мен қызметтер туралы мәліметтерді тарату. Ол тауар өндірісінің дамуының алғашқы кезеңінде пайда болды. Ежелгі Грецияда және Римде коммерциялық сипаттағы хабарландырулар ағаш, қола, сүйек тақтайларда жазылып қала жаршыларымен айқайлап оқылған. 20 ғ. басында жарнама бәсеке күресінің негізгі құралдарының бірі бола бастады. 70 ж. ортасынан бастап жарнамалық бизнестің индустриясы жарнама агенттіктерінің кең торабымен түсіндіріледі, ал жарнаманың өзі маркетингтің құрамдас бөлігі ретіндегі жаңа басқару жүйесінің элементі ретінде қарастырылады.

Ақпарат (лат. - мәлімдеу) - бұл нарық жағдайын болжамдау және талдау жасауға қолданылатын мәліметтер. Кез келген фирма сұраныс туралы, ұсыныс туралы, пайда нормасы туралы, қай жерде қымбатқа сатып және арзанға сатып алуға болатыны туралы ақпаратты қажет етеді. Алған мәліметтердің негізінде фирма өзінің жүріс - тұрысының стратегиясын жасайды. Нарық инфрақұрылымының қазіргі кезеңіне жекеленген ақпараттан мәліметтерді автоматты өңдеудің информациялық жүйесін құруға өту тән.

Консалтинг - коммерциялық бастамаларда мамандандырылған фирмалармен жүзеге асырылатын бақылаушылық кеңес беру. Қызметтер ноу-хау, лицензиялар, қызметтер мен тауарлар нарығының болжалдауымен және зерттеуімен көрсетіледі. Сонымен қатар заң қызметтері көрсетіледі. Жеке мамандарды ұстаудан осындай кеңестерге төлеу арзанға түсетіндіктен фирмалар консалтингті кең ауқымда пайдаланады.

Аудит компаниялары (ағылш. ревизор) - бұл фирманың бизнес сферасында мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен фирманың қаржы - шаруашылық қызметінің кешенді ревизиясын жүзеге асыратын ұйымдар. Әдетте, аудит компаниялары акционерлік компаниялардың қызметін бақылап отыратын мемлекеттік органдардан арнайы өкілдік алады.

Қорытынды: Нарық инфрақұрылымы нарық қатынастарынан туындайды. Ол нарық қатынастарының қатысушыларына, олардың қызығушылығының іске асуына және қызметтерінің өркениетті сипатын қамтамасыз етуді жеңілдетуге бейімделген.

5. Қоғамға өндіріс сферасынан басқа тауарларды тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін әрекеттердің жиынтығы қажет. Экономикалық өнімнің өндірушілерден тұтынушыларға қарай жылжумен байланысты қызмет аймағы айналым сферасы деп аталады. Айналым сферасында өнім сатушының қолынан сатып алушының қолына өтеді, яғни меншік иесін өзгертеді. Тауардың бірінші меншік иесі сатушы мен екінші меншік иесі сатып алушының арасында пайда болатын тауар - ақша қатынастарының агенті немесе делдалы сауда болып табылады.

Сауда - бұл адамдардың тауар айырбасын және сату - сатып алу актін жүзеге асырумен байланысты қызметі. Тауарлардың сауда саттық операциялары өнім жасамайды, тек тауарды өткізудегі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырады. Берілген жағдай бұл әрекетті қызметке жатқызуға негіз береді.

Отандық экономикалық ғьлымда сауда қызметтерін негізгі және қосымша қызметтерге бөлу қабылданған. Негізгі сауда қызметтеріне тауарды, жарнамаларды өткізумен, сатып алушының сұранысын зерттеумен, жәрмеңкелерде, аукциондарда тауарларды көрсетумен байланысты әрекет жатады. Қосымша сауда қызметтеріне айналым сферасындағы өндіріс процесінің жалғасуымен байланысты қызметтер жатады: тасымалдау, сорттау, сақтау және тауарларды орау.

Сауда әрекетін жүзеге асыру үшін капитал қажет. Оның алғашқы формасы сауда әрекетінің дербес түріне бөлінгенде үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі кезеңінде пайда болған көпес капиталы болды. Мұнан былай көпес капиталының орнына сауда капиталы келді. Сауда капиталы - бұл айналым сферасында жүзеге асатын және өнеркәсіп капиталынан бөлектенген капитал. Алғашқы кезеңде өнеркәсіпшілер, олардың тарапынан нарықты зерттеуге және сауда торабын құруға қосымша шығындарды қажет ететін тауар өткізумен өздері айналысты. Біртіндеп бұл функциялар сауда кәсіпорындарына өтті. Нәтижесінде сауда капиталы өнеркәсіптіктен бөлініп дербес болды. Бұл процесс екі жаққа да тиімді болып шықты: өндіруші уақыт пен ақшаны үнемдейді, ал саудагер сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырмашылық ретінде пайда болатын сауда пайдасын алады.

Қазіргі кезеңнің өзгеше ерекшелігі ірі компаниялардың өткізуді бақылау мақсатымен өзінің жеке өткізетін немесе сататын торабын құра отырып, өнімінің сатылуын қайтадан өз қолына алғандағы процесс.

Сауда тек сатқанымен ғана емес, сонымен қатар қалай сатуымен де сипатталады. Ұйымдастыру әдістеріне байланысты:

• Нақты ақшаға сату;

• Нақты емес ақшаға сату. Бұл жағдайда тұтынушының орнына нарық инфрақұрылымының қажетті элементі болатын банк есептеседі.

• Тауарларды несиеге сату;

• Тауарларды сатып алушының мүлкін кепілге алу арқылы сату;

• Тауар айырбасымен сату, яғни бартер.

Сатудың көлемдік белгілеріне байланысты көтерме және бөлшек сауда деп бөледі. Олар сонымен катар бағаларымен ерекшеленеді: бөлек сатқан тауарлардың көтермелеп сатқан тауарлардан бағалары төмен болады. Сатушы үшін тиімді тауар сату есебінен табыс алуға бағытталған сауда әрекеті коммерция деп аталады. Коммерцияның өзегін сатып алу және келесі сатумен байланысты сауда операциялары құрайды, яғни тауарларды қайта сату. Сәтті коммерция үшін екі ең басты шарттар сақталуы қажет:

• Тауардың сатып алу бағасы тауарды нарықта сата алатын бағадан әлдеқайда төмен болуы керек;

• Берілген тауардың түріне төлем қабілеті бар сұраныс көтере сатып алынатын тауарды, оны иемденген бағасынан аспайтын бағамен сату үшін жеткілікті болу керек.

Сауда дүкендерде, аукциондарда, жәрмеңкелерде жүзеге асады. Дүкен (фран. - қойма, амбар) - тауарды сататын немесе сақтайтын бөлме. Дүкендерде әдеттегідей бөлшек сауда жүргізіледі. Бір текті тауарларды өндіру аукциондарда, жәрмеңкелерде үлгімен көтерме сауда жүргізуге мүмкіндік береді.

Аукцион (лат. - жұрт алдындағы сауда) - бұл сатып алушылар арасындағы бәсеке жағдайында тауарларды сату. Тауарларды алуға құқық алатын аукцион жеңімпазы ең үлкен бағаны ұсынған сатушы болып табылады. Ішкі аукциондармен қатар халықаралық аукциондар жүргізіледі: Санк -Петербургтегі пушкалық, Москвадағы асыл тұқымды аттарды сату мен байланысты аукцион, Лондондағы "Сотби" фирмасының өнер заттарын сататын аукцион және т.б.

Жәрмеңке (нем. - жыл сайынғы нарық) - бұл нақты жерде және белгіленген уақытта жүзеге асатын уақытылы, кезең сайын ұйымдастырылатын нарық. Жәрмеңкелер орта ғасырлық Европада пайда болды және алғашында қауіпсіздік мақсатымен қорғандардың, шіркеулердің дуалдарының түбінде жүргізілетін. Олар сауданың негізгі формасы болып табылатын. Уақтылы сауда торабының дамуымен байланысты (19 ғ. аяғы – 20 ғ. басы) жәрмеңкелердің ролі төмендеп, олардың функциясы өзгерді. Жәрмеңкелер сатуға ұсынылатын өнімді көрсететін уақытылы коммерциялық көрмелерге айналып кетті. Жәрмеңкелер салалық, әмбебап, аймақтық және халықаралық болып бөлінеді. Жәрмеңкелердің өткізілуі ғылыми - техникалық конференциялары және симпозиумдерді ұйымдастырумен сай келеді. Ең ірі жыл сайынғы халықаралық жәрмеңкелер Парижде, Миланда, Торонтода, Венада т.б. қалаларда өткізіледі.

5-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып, тарихына үңілу керек. Тауардың пайда болуымен ақша қатынастары дами бастайды, осыған байланысты ақшаның тарихына тоқтала кету керек. Ақшаның атқаратын маңызды қызметтері, олардың қазіргі таңда алатын орны. Бүгінгі таңда ақшаға қандай қасиеттер тән?

Нарық дегеніміз не? Нарықпен тығыз байланысты ұғымдарға тоқталыңыз. Нарықтың атқаратын қызметтері және оның негізгі элементтеріне не кіреді? Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада нарық қандай рөл ойнайды? Нарықта жасалатын сауда мен коммерцияның айырмашылығын ажырата білу.

Тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері. Сұраныс, ұсыныс қисығы

  1. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.
  2. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.
  3. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы
  4. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
  5. Нарықтық тепе-теңдік. Икемділік түсінігі

 

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.

 

Негізгі түсініктер: Жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке, сұраныс көлемі, ұсыныс көлемі, сұраныс заңы, ұсыныс заңы, сұраныстың өзгерісі, ұсыныстың өзгерісі, бағаға және табысқа сұраныстың, ұсыныстың икемділігі (созымдылығы), жеке нарықтағы тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, монополия, табиғи монополия, таза монополия, монополистік бәсеке, олигополия, дуаполия, монопсония, олигопсония.

 

Дәріс мәтіні

1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Даму масштабы бойынша:

1.1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.

1.2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.

1.3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.

1.4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.

1.5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.

1.6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

2. Жүргізу әсеріне қарай:

2.1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы

2.2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдері бойынша:

3.1. Адал ниеттілік бәсеке

3.2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

4.1. Жетілген бәсеке

4.2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Бәсеке - дегеніміз латын тілінен аударғанда " соғысып- қалу" деген сөз.

Бағалы бәсеке - өндірушілер өзінің өнімін өткізу үшін, нарықта монополиялық жағдай алу үшін бағамен манипуляция жасайды, бағаны арзандатады, кұпия сыр ретінде өзгертеді. Бағалы емес бәсекеде өндірушілер өнімнің белгілі бір артықшылығын пайдаланады: өнімнің сапасы, дизайны, дамыған технология, кепілді жөндеу мерзімі т.б.

Еркін бәсеке нарығында тауар өндірушілер және тұтынушылардың саны өте көп болады. Тауар өндірушілер біртекті тауар өндіреді. Нарықта өндірушілер мен түтынушылар саны көп болғандықтан бір өндіруші немесе бір тұтынушы бағаға, сұраныс пен ұсьнысқа әсер ете алмайды. Еркін бәсеке нарығының ерекшеліктері:

• Тұтынушылар мен өндірушілердіңсаны өте көп болады;

• Бағаға бақылау болмайды;

• Салаға кіру мен шығу оңай;

• Бағалы бәсеке қолданылады.

Еркін бәсеке нарығында экономикалық билік кеңінен жайылған және бұл жағдайды дамыған экономикалык бәсеке дейді. Нарықта адамның кажеттіліктерін толық қамтамасыз ететін өнімді шығару үшін бәсеке стратегиясы анықталады. Фирмаларды әз стратегиясына қарай мынадай бәсекелес типтерге бөлуге болады:

• Лидер - 40%;

• Лидерлікке претенденттер - 30%;

• Қызмет атқарушылар - 20%;

• Жаңалар-10%.

4-ші топ нарықта өз орнын іздейді және сонымен қатар жеткілікті пайда алуды көздейді. Олар бәсекелестерді қызықтырмау керек. 3-ші, 1-ші, 2-ші топтармен бәсекеге түспейді. Олар орта және ірі фирмалардың артынан жүреді. Сондықтан өз күштерін үнемдейді. 2-ші топ монополиялық жағдай алуға тырысады. Бәсекені жарнама, тауардың сапасын жоғарылату, тауардың жаңа түрін ұсыну т.б. арқылы жүргізіп отырады. 1-ші топ өзімен бірдей лидерлермен және 2-ші топпен бәсекеге түседі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных