Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рекреация қазіргі заманның әлеуметтік-мәдени феномеі ретінде




Ресейдің энциклопедиялық сөздігінен (2 т., 2000) – Ресейдегі ең үлкен және заманауй энциклопедиялық басылымынан анықталады:

Рекреация (польша тілінен rekreacja аударғанда – демалыс, ал латын тілінен recreation – қалпына келтіру) – бұл: 1) мейрамдар, демалыстар, мектептегі үзіліс; 2) оқу орындарындағы демалыс ғимараттары; 3) еңбек процесінде кеткен адам күшін қалпына келтіру, демалыс.

Берілген құбылысты зерттеумен білімнің түрлі саласының мамандары айналысады – биологтар, психологтар, экологитар, медиктер, социологтар, экономистер. Соған байланысты рекреациялық іс-әрекетке қатысты түсініктер шеңберін анықтаудағы үлкен қиындықты айта кету керек. Рекреация рекреациялық география, рекреалогия, рекреациялық табиғатты қолдану және т.б. сияқты ғылымдардың негізі зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.

Рекреациялық география – 1)адамның жұмыстан тыс уақытында адам іс әрекетінің территориялық жүйесінің функциялары мен дамуының географиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

2)Өзіндік зерттеу объектісін ­– территориялық рекреациондық жүйені, зерттейтін және моделдейтін географиялық пән. (географическая дисциплина, изучающая и моделирующая собственный объект исследования – территориальные рекреационные системы)

Рекреалогия - 1) адам экологиясы парадигмаларына негізделген рекреациялық жүйелер туралы пәнаралық ғылым; 2) адамның өмірлік күшін қалпына келтіру үрдістері мен әдістері туралы ғылым.

Ресей мемлекетінде ғылым білім саласында жүргізген зерттеулері бойынша РМАТ-тың(Ресей халықаралық туризм академиясы), Сочадағы курорттық іс және туризм университетінің, Мәскеу және Санкт Петербург мемлекеттік университетінің, Смоленск гуманитарлық университетінің, география институты РАН-ның ғалымдары әйгілі.

Атақты мамандардың ішінен И.В. Зорин, В.А. Квартальнов, В.С. Преображенский, Т.В. и Д.В. Николаенко, Ю.А. Веденин, Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, В.Б. Нефедова, Г.П. Долженко, В.М. Кривошеев, В.В. Храбовченко, Ю.Д. Дмитревский, А.В. Даринский, А.А. Романов, А.Ю. Александрова, Н.С. Фалькович, Е.В. Колотова, Ю.С. Путрик, Т.А. Ирисова, П.В. Большаник, А.М. Сазыкин, Е.А. Окладникова, А.В. Дроздов, И.И. Пирожниктің және т.б.еңбектерін бөліп көрсетуге болады.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде әлі күнге дейін «рекреация» түсінігіне анықтама беретін пікірлер жоқ. Бұл параграфта біз рекреациялық іс-әрекеттермен байланысты негізгі түсініктерге жалпылама көрініс беруге және рекреация дегеніміз не екенін анықтауға тырысамыз. Ол үшін бізге мамандардың рекреацияға әмбебап әлеуметтік мәдени және экономикалық феномен ретіндегі барлық негізгі көзқарастары мен пікірлеріне анализ жасауымыз керек.

Рекреация құбылыстарымен байланысты негізгі түсініктерді анықтау жоғарғы дәрежеде қиын болып табылады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, берілген тематика бойынша ортақ халықаралық терминологиялық стандарттың болмауы. Әр елде рекреация мен демалыс саласындағы түсініктер мен терминдер арасында айтарлықтай өзгеше ресми түсінулер орын алады. Екіншіден, біздің елімізде рекреация және демалыс индустриясымен қатысты негізгі түсініктер шеңбері нақты анықталған ортақ заңнамалық база жоқ. Қазіргі жағдайда пікірлерде толықтай плюрализм байқалады. Әр кез ұсынылған қатал анықтаманың нақты еместігіндәлелдейтін және «бәрі бұлай емес, керісінше» деп айтатын маман табылады. Үшіншіден, түрлі себептер әсерінен рекреация, туризм, демалыс, экскурсия, бос және рекреациялық уақыт, досуг және т.б. түсініктерін кәдімгі жағдайда айыру оңай емес. Сондықтан дәл әрі қиын анықтамаларға бағдарланбай-ақ – отандық және шетелдік әдебиеттерде кездесетін негізгі заманауй түсініктерді ғана, олардың мазмұны мен арақатынасын нақты әрі деталді қарамай ақ, жалпылама түрде сипаттаймыз.

Біз зерттеуімізді «рекреация» сөзінен бастайық. Ғылыми әдебиеттерде рекреация термині XIX ғасырдың 90 жж соңына қарай АҚШ та пайда болды. Ол тек нормаланған жұмыс күні, екінші демалыс күні, жазғы демалстарды енгізуден кейін пайда болды. Рекреация, қалпына келтіру, емделу және іс-әрекеттің барлық түрі жүзеге асырылатын кеңістік. Соңғы кездері шығарылған қазіргі заманғы әдебиеттерде рекреацияның жаңа жағынан көрінуіне бастау өзгерісі байқалады.

В.А.Квартальнов өзінің соңғы жұмыстарының бірінде (Энциклопедия туризма, 2000) осы түсінікке келесідей анықтамалар келтіреді.

Рекреация - бұл:

· Адамның физикалық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қайта өндіру;

· Физикалық және ақыл ой күштерін қалпына келтіруге арналған кез келген ойын, көңіл көтеру және т.б.

· Тұрғындардың ашық ауда белсенді демалысқа қатысуымен, көбінесе уик-эндтертермен байланысты Досуг индустриясының тезірек дамып келе жатқан сегменті

· Организмді және адам популяциясын қайта құру. Ол түрлі жағдайларда, сипатта және қоршаған ортаның өзгерісінде белсенді демалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

· Цивилизацияланған демалыс, стационарлық, экскурсионды-туристтік шаралармен, сондай ақ физикалық жаттығулармен айналысу үрдістерімен ауруларды профилактиканың түрлі жолдарымен қамтамасыз етеді.

· Рекреация және туризм қиылсады: рекреацияға іс-әрекеттің барлығы қатысты, бірақ тұрғылықты жерінен орын ауыстыруымен байланысты емес; ал туризм бұл оқу, іскерлік туризм, емдеу рекреациясы, шоп тур, саяси туризм. Олардың қиылысу аймағы туризмнің: қалпына келтіруге, емделуге, релакция, бақтық демалыс, паломничество, экотуризмге бағытталған түрлері болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных