Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Рекреациялық қызметтердің ресурстық әлеуеті. Табиғи рекреациялық ресурстар және оларды бағалау.




Мақсаты: Рекреациялық қызметтердің ресурстық әлеуеті. Табиғи рекреациялық ресурстар және оларды бағалау.

Жоспар:

  1. Рекреациялық және туристік ресурстар
  2. Табиғи ресурстарды рекреациялық бағалау
  3. Климаттық және гидрологиялық демалысты ұйымдастыру шарттары

Негізгі ұғымдар: рекреациялық ресурстар, табиғи жағдайлар, табиғи ресурстар, табиғи рекреациялық ресурстар, туристік ресурстар.

 

 

1. РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИСТІК РЕСУРСТАР

 

Шаруашылық және қызмет көрсету саласы ретінде рекреация айқын көрсетілген ресурстық бағытқа ие топ және қызмет саласына жатады.

Рекреациялық әлеуеттің маңызды бір бөлігі болып, табиғи орта компоненттері, шаруашылық қызмет объектілері сияқты рекреациялық ресурстар табылады.

Рекреациялық ресурстар рекреациялық қызметтің терреториалды ұйымдастыруына, рекреациялық аудандар мен орталықтарды құруына және олардың экономикалық тиімділігіне әсер етеді. Алайда бұл тікелей әсер ету болып табылмайды. Ол әлеуметтік-экономикалық факторлармен, сонымен қатар, ең алдымен рекреациялық қажеттіліктердің құрылымы мен көлемімен жанасады.

Рекреацияның табиғи алғышарттары ретінде,ең алдымен, түрлі рангтегі табиғи – территориалды және аквальды кешендер, және олардың компоненттері мен жеке қасиеттері, сондай-ақ, аттрактивтілік, кереметтігі мен ландшафт ритмі жатады.

Ғылым саласына «рекреациялық ресурс» термині жақында ғана енгенін атап өту керек. 50-60 жылдары бұл термин ғылыми әдебиетерде кездеспейтін. Бұл терминнің ғылымға енуін 1968 – 1971 жж. жатқызамыз. Дәл осы кезде Ю.К. Ефремов өзінің жұмыстарының бірінде рекреациялық ресурстарға туризм және демалыс орындарын, табиғаты керемет және декоративті орындарды жатқызуға ұсыныс жасады. Осы жылы В.Б.Нефедова табиғаттың геологиялық құрылым, рельеф, климат, жоғарғы және төменгі су көздерін және өсімдіктерді рекреациялық ресурс ретінде қарастыруды ұсынды. Арада үш жылөткен соң Б.Б. Родоман рекреациялық ресурстарға тек қана демалыс үшін қолдануға болатын географиялық орта элементтерін ғана жатқызуға болатынын атап кетті. Атақты ғалым А.А.Минц

Осы немесе басқа да табиғат элементтерінің табиғи ресурстар құрамына енуі, техникалық мүкіндік, экономикалық қажеттілік пен қолданудағы мақсаттылық, сонымен қатар ғылыми дәреженің айқындвлығы болып табылатынын атап көрсетті.

Уақыты өте келе де, келесі үш он жылдықта да экономистер, географтар мен басқа да саланың ғалымдары осы ұғымның мазмұнын анықтаумен айналысты. Алайда, осы он жылдықтарда ғылыми басылымдарда «табиғи ресурстар» термині «табиғи жағдайлар» терминімен байланыстырылды.

Осымен байланысты барлық табиғи жағдайларға байланысты анықтамалардың сәйкес келуі үшін ортақ анықтама: табиғи жағдайлар – бұл, туристік өнім өндірісіндегі технологияның даму деңгейіндегі әртүрлі табиғи көріністер, денелер немесе үрдістер.

Табиғи рекреациялық ресурстар – бұл белгілі бір аумақта белгілі бір кезеңде пайда болатын және туризм мен рекреация мақсатында қолданылатын табиғи денелер мен көріністер және үрдістер немесе рельефтің жекелеген элементтері.

В .А. Квартальновтың ойынша рекреациялық ресурстар – табиғи және антропогендік геожүйелер, табиғи денелер мен үрдістерді көрсететін туристік ресурстардың бір бөлігі.

Рекреациялық ресурстарды– табиғи және мәдени –тарихи деп 2 түрге бөледі.

Табиғи рекреациялық ресурстар дегенде табиғи-территориалды кешендер, олардың компоненттері мен қасиеттері түсіндіріледі, яғни тартымдылығы, ландшафтылырдың кезектесуі, экзотикалылығы, объектілердің көлемі мен пішіні, және олардың мүмкіндіктері айтылады.

Мәдени –табиғи ресуртар мыналарды өзіне қосып алады:

Ø материалды – адамдардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өндірістің барлық құралдары мен қоғамның материалды құндылықтары (тарихи және мәдени ескерткіштер, халық шаруашылығындағы барлық кәсіпорындар);

Ø рухани – қоғамның мемлекеттік –қоғамдық өмірде, ғылымды, мәдениетте және өнерде жеткен жетістіктері.

 

Рекреациялық ресурстардың сиымдылығы келесі нормативтермен анықталады:

 

Ø антропогендік салмақ, нормалары әр түрлі табиғи зоналардағы түрлі биогеценоздарға бағытталған жаяу серуендеу болып табылады. Яғни, табиғи орта жағдайын ластамау мақсатындағы жаяу туризм мен экскурсиялық қызметер жатады.

Ø жіберілетін(допустимые) салмақ – антропоэкологиялық нормативтер, яғни олардың өзгеріске ұшырауы геожүйенің тұрақтылығының бұзылуына әкеледі, дегенімен бұл адам денсаулығында байқалмайтын ғана өзгеріске ұшыратады.

Табиғи ресурстардың симдылығымен «рекреациялық әлеует» түсінігі байланысты.

Рекреациялық әлеует – рекреациялық ресурстардың көлемін анықтаудағы нақты және мүмкін болатын туристердің саны арасындағы қатынас.

Туристік ресурстар ұлттық байлық болып табылады. Дегенімен олардың маңызды бір бөлігіне әлемдік маңызы бар ескерткіштер мен объектілері жатқызылған. Мұндай тізімдерді ЮНЕСКО орнатып, жыл сайын жаңартылып отырады.

Мақсатына қарай саяхатта әртүрлі табиғи ресурстар қарастырылуы мүмкін.

Туристік территория немесе акватория – бағалы туристік ресурстар контрацепциясының географиялық анықталған орны – кешенді туристік ресурс түрі.

Жоғарыда аталғандарға қорытынды жасай келе, ғылымда жиі қолданылатын туристік ресурстар дефинициін қарастырамыз.

Туристік ресурстар – туризм мақсатында және үрдісінде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, табиғи-климаттық, әлеуметтік-мәдени, тарихи, архитектуралық және археологиялық, ғылыми және өндірістік және т.б.объектілер мен көріністер.

Туристік ресурстар – туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, физикалық күштің қалыптасып, дамуын қамтамасыз ететін туристік объектінің көрсетілімдерін қамтитын табиғи, тарихи және әлеуметтік-мәдени объектілер.

Туристік ресурс кадастрда көрінеді. Туристік ресурстар кадастры туристік ресурстардың жалпы (экономикалық және экологиялық) тұтынушылар бағасын ұсынады. Кадастр міндетті түрде жергілікті және тематикалық формада ұсынылады.

Сонымен бірге басқа да рекреациялық және туристік ресурстардың түрлері бар. Өз кезегінде жұмыс барысында ресурстардың табиғи емдік және туристік ақпараттық деген түрлерін бөліп қарастырамыз.

Табиғи емдік ресурстар болып қолдануды және қорғауды қажет ететін ерекше қорғалатын табиғи объектілер мен территорияларға жататын, халықтың демалуы мен емделуіне бағытталған рекреациялық ресурстар табылады.

Туристік ақпараттық ресурстарға өз кезегінде сол елге немесе жерге келген туристің алған территория жөнінде ақпараттары, олардың тарихы, мәдениеті, табиғаты мен адамдары болып табылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных