Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Типологияға әрекеті және заманауи көрінісі




Заманауи дәуірде қоғам экологиялық дағдарысқа ұшырағанда халықаралық деңгейде қоршаған ортаны қорғау стратегиясы жасалынады. Бұл дағдарыстан шығудың бір жолы мәдени ландшафты қайта құру, сақтау болып табылады.

Мәдени ландшафтының заманауи көрінісі бір мағыналы емес. Бұл жағдай әлемдік географиялық ғылымдарды ғана емес орыс географиясындада сипатталады. Қазіргі таңда «мәдени ландшафт» үш принципиалды термині бар:

1. орыстың география ғылымында ол «жақсы» антропогендік ландшафт деген мағынаны білдіреді, ол адамның арнайы бағдарламасы бойынша жоғары эстетикалық және функционалдық сапаға ие.

2. Мәдени ландшафтының екінші мағынасы орын деген мағынаны білдіреді, яғни ұзақ тарихи кезең аралығында анықталған адамдар тобының орны болып табылады.

Мәдени ландшафтының үшінші мағынасын ландшафт ретінде түсіндіріледі, оның қалыптасуы және дамуында интеллектуалды және рухани құндылықтар белсенді рөлді алады әрі ұрпақтан ұрпаққа ақпарат ретінде беріледі.

«Мәдени ландшафт» түсінігі ғылыми айналымға XX ғасырдың басында қалыптасты. Шетелде екінші және үшінші мыңжылдықта әйгілі бола бастаған. Ол зерттеушілер арасында қызығушылықты білдіреді, олар «жаратылыс» және «қоғамдық» бойынша бөлінеді. Классикалық ландшафткіріспесінде ең негізгі түрде жаратылыс ғылымына әрекет етеді

«Мәдени ландшафт» контексті өзінің әртүрлілігімен сипатталады, сонымен қоса «ландшафт» терминінің базалық қолдану нұсқасыда қарастырылған. Мәдени ландшафтының қолдану ауқымы кең ұғым болып табылады, яғни жақсы болашағы бар «идеалды ландшафттан» ұғымынан бастап адамдар көңіл аударған кез келген жердің аумағын айтуға болады. «Мәдени ландшафт» терминін әр түрлі сөздермен алмастырып айтуға болады, яғни «территория», «орын», «аумақ» деген сөздермен алмастыруға болады. Ал басқа жағдайда обьектілер мәдени ландшафт ретінде қарастырылады, негізінде белгілі бір нақты аумаққа жатқызу қиын болып табылады.

Мәдени ландшафтыға В.Н. Калуцков и А.А. Иванова мынадай анықтама берген (1998): табиғи географиялық шарттарының анықтауымен құрылған этникалық қоғамның мәдениеті. Бұл анықтама мәдени ландшафтының этномәдениет концепциясын көрсетеді, бірақ бұл жалғыз ғана концепция емес. Сонымен қоса аксиологиялық және средовая концепциялары бар, ол концепцияларды толық түрде алғаш рет В.Н. Калуцкова мен Т.М. Красовска болды.

Мәдени ландшафтының табиғи және мәдени арақатынасы. Қоғамдық географияның жұмыс тізбегінің орындалғанның ішінде мәдени ландшафтыныны құрудағы табиғи фактордың рөлі фонға, пейзажға байланысты, яғни ландшафтың сыртқы құрамы (Туровский Р.Ф.). В.Н. Калуцкованың схемасы бойынша, табиғи ландшафт – жергілікті қоғам мен тілдік жүйе сияқты мәдени ландшафтының құрамдас бөлігі болып табылады. Ю.А. Веденин және оның Ресейлік НИИ дің мәдени және табиғи бөлімінің әріптестері табиғи үрдістердің өз үлестері арқылы мәдени ландшафтыны құрудағы рухани және интеллектуалды қызметінің рөліне ерекше тоқталып өтеді. Ю.А. Веденин и М.Е. Кулешова мәдени ландшафтыға топонима, архивтік және тарихи мәліметтерді, сонымен қоса әртүрлі кітаптарды қосады, яғни ландшафтыны әртүрлі тарихи оқиғалармен байланыстырады.

Мәдени ландшафтының категориялық мағынасы. В.Л. Каганский мәдени ландшафтыны жердің әртүрлі аумағы деп ойлайды, оны кейбір адамдар тобы утилитарлы, символдық, семантикалық ретінде меңгерген. Шынындада адамдар кейбір территорияны зерттеу барысында оған сол жердің географиялық атауына, символдарына, жергілікті фольклорларына және т.б. көңіл аударады.

Бұл терминнің таралуының шексіздігі мәдени ландшафтыны зерттеуде және категориялық мағынасының рөлін белгіленуі жұмыс бойынша жүргізіледі. Сонымен қоса В.Л. Каганский өзінің кітабында «мәдени ландшафт» терминінң мағынасын жай ғана ладшафт ретінде қарастырған, яғни екі терминді тең ретінде қарастырады (сонымен қоса аумақ, территория бойынша).

Мәдени ландшафты материалдық емес(рухани)құраушыларының болуы. Қоғамдық географияны таныстырушылар, бірақ «таза» қоғамдықты айтпағанда (филолог, тарихшылар, этнографтар және т.б.) олар ереже бойынша жергілікті аумақтың рухани бастауларына ерекше көңіл аударады (genius loci). Ландшафтының руханилығы сакральдық географияны зерттеуде ең негізгі обьектіні атқарады

Мәдени ландшафтының иерархиясы. Мәдени ландшафты туралы айтылған көптеген ойлардың ішінде мәдени ландшафтыны белгілі бір территория бойынша аумақ иерархиясы ретінде қарстырғаны өте аз болып табылады. Ереже бойынша территориялық кешендердің(әрине мәдени ландшафтыларды да жатқызамыз) қиын картографиялық әртүрлі әрекеті иерархияны соңына қоюға қажеттілік алып келеді. Олардың иерархиясын зерттеуде, сонымен қоса аумақтық шекара бойынша табиғи мәдени кешен(немесе табиғи мәдени территориялық кешен) түсінігі қазіргі таңда авторлар арасында қолдануда.

Г.А. Исаченко айтылғандардың барлығын қорытындылай келе «мәдени ландшафтының» заманауи түсінігі екі негізгі бағыт бойынша дамуда деген тұжырымға келеді. Оның біреуі классикалық ландшафткіріспесіне жатқызылады. Онда «ландшафт» термині мен мәдени ландшафт термині «двуединый» кешен ретінде қарастырылады, яғни ол табиғи үрдістер қарастырады, сонымен қоса адам қызметінің инициировалық үрдісіде қарастырылады (соның ішінде адамдардың басқаруы мен бақылауыда жатқызылады). Мәдени ландшафтының мұндай түсінігінде динамикалық ланшафткіріспе әдістері қолданылған, яғни оның құрылымын зерттеуге, энергия және ақпарат, сонымен қоса әртүрлі масштабты картографиялау қажет. Бірақ біз мына нәрсені ескеруіміз керек, яғни мәдени ландшафтыға адамдар берген ерекшеліктер тек қана рационалистік оймен түсіндіруге болады, бұл жерде «иррациондық» элементтері де бар(мысалы сакральдық мінездемесі бойынша), оларды анықталған мәдениет бойынша көруге болады.

Екінші бағытын дисциплинар ішіне жатқызуға болады. Мұнда мәдени ландшафт қоғамдық дисциплинаның мүшелерінің қатысуымен зерттеледі(сонымен қоса,тек «қоғамдық»), олар баяғыда ландшафтыдан бөлінген, сонымен қоса территориясынан да. Мұндай зерттеуде «мәдениет» терминіне акцент жасалады. Сонымен қоса анықталған ландшафтыда орналасқан адамдар тобы яғни ежелгі ғұдар мен сақтардан бастап адамдардың саяси көзқарасына дейін, ең бастысы адамдардың пайда болуы зерттеледі. Яғни жоғарыда айтылған ойлар қоғамдық ғылымдардағы ландшафтының оқылуы және олардың образдары айтылып отыр. Бұл негізінде көпоброзды және өте қызықты нәтиже беріп отырады, бірақ мына нәрсені ұмытпауымыз керек, кез келген арнайы зерттеушінің ландшафтыны «оқыту» социомәдениетке өз ізін қалдырады.

Ресейдің мәдени ландшафткіріспесі осы. Шетелдің ғылыми тәжірибесінде мәдени ландшафт концепциясының құрылуы мен қалыптасуы ЮНЕСКО ның қызметімен байланыстырады.

Қазіргі таңда табиғи территориалдық кешендер мен тарихи мәдени қорғаулары мына нәрселерге үлкен көңіл аударады. Олар: бөлек ескерткіштер және олардың ансамбльдері; биоценоздар; табиғи техникалық жүйелер; архитектуралық ландшафтылық обьектілер; территорияның әртүрлі формадағы инженерлік өзгерістері; природно-технические системы; басқа да объектілер, яғни табиғи және мәдени обьектілерді көрсетітін сипаттайтын, сонымен қоса феномендерді жатқызамыз.

Ресейдің Ұлттық саябақтары мәдени ландшафтыны қорғайтын ең негізгі ұйым деп айтуға болады – адамдардың және табиғаттың эволюциялық қалыптасуынан қалптасқан табиғи мәдени территориялық кешендерді жақызамыз.

Мәдени ландшафт – бұл тарихи тең жүйе, табиғи және мәдени компаненттердің бірыңғайлылығын құрайды.

Мәдени ландшафт феномен есебінде монастрлық кешендер, ансамбльдер, төбелесу алаңы, археологиялық кешендер, тарихи, ауылдық, қалалық, зауыттық ландшафтылар қарастырылады.

Бап 1. Әлемдік конвенция бойынша мәдени ландшафт «адамдар мен табиғаттың бірге жасағаны» болып есептелінеді. Олар адамдар қоғамының ғасырлық эволюциясын иллюстірлейді, яғни адамдар қоғамының жаратылыс ортасының жағымды немесе\және жағымсыз физикалық факторларымен әсер етеді. Сонымен қоса бір бірлерін әлеуметтік, экономикалық, мәдени факторлармен және ішкі және сыртқы факторлармен ауыстырылып отырады. Мәдени ландшафтыны таңдауда екі факторда есепте болуы тиіс: ландшафтының мағынасы

«Мәдени ландшафт» термині адамдардың қоршаған ортамен байланысы толығымен қарастырады. Көптеген оқиғаларда мәдени ландшафт спецификалық технологиялардың жерді орналастыру тұрақтылығын көрсетеді, яғни табиғи ортаның мүмкіншіліктері мен мінездемесіне байланысты және олар табиғатпен рухаи байланыста болады. Мәдени ландшафтыларды сақтау жерді қолданудың заманауи әдісін дамытуға үлес қосуы мүмкін. Сонымен қоса ландшафтының табиғи сақтау мен дамытуына өз үлесін қосады. Әлемдегі көптеген мемлекеттердің аумақтарында жерді қолданудың әртүрлі биологиялық дәстүрлі әдістерді қолдануын жалғастыруда.Осылайша дәстүрлі мәдени ландшафтылар био әртүрлікті сақтауға көмектеседі.

Барлық мәдени ланшафтылар типологияға сәйкес үш категорияға бөлінеді: мақсатқа қарай құрылғандар (clearly defined or designed landscapes), табиғи дамыған (organically evolved landscapes), оның арасында реликтілер субкатегориясы (relict or fossil landscapes) және дамушы (continuing landscapes) ландшафтылар және ассоциативтік (associatives) ландшафтылар.

Типология, ЮНЕСКОның ұсынысы бойынша типология екі логикалық құраушыдан тұрады: біріншіден, табиғи ландшафтының мәдени меңгеруі мен қайта оқытылған деңгейі (мақсатқа орай құрылған ландшафтылар және әрине дамушы және ассоциативті) және екіншіден, ландшафтының өміршеңдігінің іріктелуі (реликті, өзі дамушы ландшафтылар). Ландшафтыға берілген бірінші мінездемесі бойынша оны әртүрлі формамен және оны құру әдістерімен қарастыруға болады, ал екіншісі ландшафтының әлсіздігімен сипатталады. Екеуіде ландшафтының идентификациясында маңызды және олардың обьектке деген басқару стратегиясын анықтайды

Мақсатқа орай құрылған ландшафтылар – бұл ең алдымен ландшафтылық архитектураның обьектілері болып табылады(саябақтар). Осылардың барлығы суретшілердің ойларынан пайда болған және белгілі бір жоспарланған композиция бойынша сипатталады.Өзінің дамуында олар адамдардың қызметіне тәуелді болып табылады. Оларда көптеген антропогендік элементтер бар, олар табиғи оқудың орнында пайда болған немесе негізіне орай құрылған. Мақсатқа орай құрылған ландшафтылар культурологиялық аспектіде көптеген қызығушылыққа ие. Себебі құрушыладың шығармашылық ойына тікелей байланысты болып табылады.

ландшафтының өз күшімен дамуы. Табиғи үрдістер ұзақ, мақсатқа орай әсер етуінің нәтижесінде әртүрлі өзгерістерге шыдауда. Ландшафтының табиғи компаненттері осы өзгерістерге үйренеді, нәтижесінде ландшафтық кешен құрылады, қиын образбен мақсатқа орай қызметі мен табиғи эволюциялық процестерден қалыптасады. Мұндай типке көптеген ауылдық сонымен қоса, мелиорировандық ландшафтылар немесе тарихи индустриялдық ландшафтылар жатқызылады. Реликті және дамушы ландшафтылар тек қана өз күшімен дамушы субкатегорияға жатқызылмайды, сонымен қоса мақсатқа орай құрылған ландшафт болып табылады. "Ископаемые" ландшафтылар, ережеге сәйкес, археологиялық ескерткіштер немесе палеонтологиялық ескерткіштерді сақтайды;ол бұрынғы қалалардың қалдықтары болуы мүмкін, сонымен қоса қорғандық кешендер, мәдени қоғамның географиялық ареалына өзгертілген немесе ежелгі оазистер ландшафтыны құрған деп айтуға болады, бірақ мәдени дәстүрдің қайта айналып келмейтін функциялары болып есептелінеді. Реликті ландшафтылар осы уақытқа дейін өмір сүруде және дамуда, бірақ олардың дамуы мен өмір сүруі тарихқа жатқызылады. Көбіне бұл"угасающие" ландшафтылар болып табылады, яғни табиғи жағдайлардың өзгерістері немесе бөлек мәдени ортаның қоршауында болуына байланысты болып табылады. Бұл ландшафтыны құрған мәдени ұстаушылар қазір жоқ болып табылады, бірақ бұл ландшафт бұрынғы формасында сақталуда және басқа мәдениетті ұстаушылардың паллиативті функциялары олар оны өзіндік мақсат үшін қолданады. дамушы ландшафт, егерде ол обьектінің сапасымен қызығушылық ұсынылса, детерминирленген дәстүрлі аборигенді мәдениет географиямен байланысқанды жатқызамыз, яғни американдық индейлердің мәдениетін, африкандық тайпалар, солтүстік еуразия халықтары. Бұл мәдениеттің осал жері табиғи ландшафтыға тәуелділігі.

Ассоциативті ландшафтыларды тарихи мәдени кеңістікке өзгеріссіз кіргізуге болады, яғни олардың шығармашылық орны мен ескерткіш орны, сакральдық орын және т.б. Ассоциативті ландшафтыда мәдениетті құраушылар материалдық емес ретінде жиі таныстырылады, ал ментальдық формада қандай да бір мәдени феномен обьектінің ассоциациасы ретінде қарастырылады.

Мәдени ландшафтының ең негізгі мінездемесі ретінді тарихи функциясы мен мәдениет типін жатқызамыз, яғни ландшафтының кейпін анықтайды. Ландшафтының тарихи функциясын ауылшаруашылық, сакральдық, кәсіптік, мемориалдық және т.б. түрлерге бөлуге болады. Ландшафтының функционалдық бағыты қызмет типі мен олардың ұдайы өсуін көрсетеді.

Мәдени ландшафтының ең маңызды бөлігі ретінде мәдени мұраны жатқызамыз, адамдардың дәстүрлі қызметі немесе ақпаратын затқа айналдыру обьектісі ретінде сақталғанын айтамыз. Кейбір мәдени ландшафтылар мұрасы биік болып тұрады, олардың территориясында барлық болып жатқан қоғамдық үрдістерді анықтайтын жүріс ретінде қарастырады. Бұл ең алдымен материалдық және материалдық емес тарихи ескерткіштердің айғақтарын сақтайтын орындармен байланысқан тарихи ескерткішті қолдайтын тарихи мәдени және табиғи білім кешені болып табылады. Материалдық және материалдық емес тарихи ескерткіштердің айғақтарын сақтайтын орындарға – архитектура ескерткіштері, археология, этнология, топонимдер, архивтік және библиографиялық деректемелер, әртүрлі объектілер мен пәндер – табиғи және антропогендікті жатқызамыз, яғни тарихи оқиғалармен байланысқан ландшафтыларды жатқызамыз, оған мемлекеттің болашағын, халқын, тұрғындарын, олардың мәдениетін анықтайтын, сонымен қоса мемлекеттің дамуында және құрылуында ерекше үлес қосқан танымал адамдардың өмірін жатқызамыз. Бұл жағдайда мұраның обьектісі ретінде мәдени ландшафтының өзін жатқызамыз. Бұл ЮНЕСКОның құжаттарында көрсетілген.

Қорытынды: Мәдени ландшафтының әлемдік қоғамда мұра обьектісі ретінде формальдық ұғыну 1992 жылдан басталды. Ол жылы бұл түсінік «Operational Guidelines for the Implementation of the World Heritage Convention" текстінде – Әлемдік мұраның конвенциялық негізгі басқарушылық құжаты болып табылады. Бұл құжат әлемдік мәдени құндылықтарды сақтау және таныстыруға арналған.

1992 жылға дейін мәдени ландшафт өзіндік мұра ретінде қарастырылмаған болатын. Мәдени ландшафтының құндылығын мойындау одан ертеректе шыққан болатын. Мәдени ландшафтыны сақтау Конвенцияда ұсынылған, ол 1972 жылы қабылданған және "Operational Guidelines..." редакциясында оданда ертеректе ескерілген. Конвенцияда мәдени және табиғи мұраның типологиялық обьектілері беріледі; Кейбір критерилердің нұсқаларынан мұраның құндылығы "Operational Guidelines..." редакциясында көрсетілген.

Сонымен ЮНЕСКО құжаттарында мәдени ландшафт адамдар мен табиғаттың бірлесуінің нәтижесінен туындаған деп қарастырады (combined works of nature and of man). Мәдени ландшафт табиғи ортаның жағдайы мен әлеуметтік, экономикалық, мәдени үрдістердің қоғамға әсер ету эволюциясы үрдістерімен безендендіреді. Мұра обьектісі геомәдени аумақ ретінде таныстырлуы қажет және сол аймақтың ерекше жерлерін жоғары дәрежемен таныстыруы қажет, сонымен қоса сол аймақтың жерді қолдану технологиясын қарастыру керек, сонымен қоса ол жердің экологиялық ерекшеліктері мен шегін қарастыру керек.

Мәдени ландшафт концепциясы мәдени және табиғи мұраны сақтауға арналған мәселелерді біріктіреді. "Қоғам барлық салалық принциптердің кемшіліктерін түсінуде ".

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Мәдени-тарихи рекрлаеция мәні?

2. Мәдени ландшафт?

3. Мәдени-тарихи ескерткіштер мәні, рекреациядағы орны?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. География туризма. Развитие и научноеизучение.Алматы-2003

 

Дәріс

Тақырыбы: Территориялық рекреациялық жүйенің зерттелуі.

Мақсаты: Территориялық рекреациялық жүйенің зерттелуі. Инфраструктура құраушы рекреациялық қызметтерін анықтау.

Жоспар:

  1. Рекреациялық және аумақтық рекреациялық жүйелер.
  2. Территориялық рекреациялық жүйелердің негізгі ішкі жүйелері
  3. Табиғи және мәдени кешендер

Негізгі ұғымдар: рекреация, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных