Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Табиғи және мәдени кешендер




Рекреациялық жүйеде табиғи және мәдени-тарихи кешендер ең алдымен демалушылардың қажеттіліктерінің сәйкестендірілу шамасымен (жайлылық пен көңіл аударушылық) және басқару органның қажеттіліктері – кеңістікті және уақыттық сенімділік пен сыйымдылықпен сипатталды.

Физиологиялық және психофизиологиялық жайлылық. Егер бірінші жайлылық негізінен климаттық шарттарымен байланысты болса, екінші көбінесе пейзаждың ашық не жабық болуы, өзін-өзі адамдардың көп жиналған ортада жақсы сезінумен немесе керісінше жалғыздықпен, әсерлердің өзгеру темпімен, шулы ортамен және т.с.с. қасиеттермен сипатталады.

Сенімділік –қажеттіліктерді кідірмей қанағаттандыру қабілеті. Бұл түсінік климаттық жағдайлардың жақсы болуын, мәдени орталықтарға кез-келген уақытта бару мүмкіншіліктерін қамтиды.

Бірінші жағдай үшін табиғи жүйелер, ал екінші жағдайда мәдени орталықтарды атап өтуге болады. Бірінші жүйе үшін мысалға бальнеологиялық курорттарды, екіншіге – атақты қалаларды (Москва, Санкт-Петербург, Рим,Венеция, Нью-Йорк) жатқызуға болады. Табиғи комплекстер курортты-емделу, сауықтыру және спорттық демалуды ұйымдастырған кезде жетекші орынды алады. Мәдени комплекстердің рөлі мәдени-танымдық туризм үшін ереше болады.

Табиғи кешендер. Табиғи кешендер ретінде табиғи компоненттердің жаппай үйлесуі қарастырылады,олар демалудың жайлылық шарттарының сәйкес дәрежесендегі рекреациялық қызметтің циклдарын қамтамассыз етеді.

Табиғи комплекстер рекреациялық жүйелердің маңызды ішкі жүйелердің бірі болып табылады, себебі жайлы климаттық жағдайлары, әсем пейзаждары, өсімдіктердің әртүрлілігі мен суаты бар табиғи аймақ өздігінен рекреациялық жүйені құрайды. Қазіргі кезде көп жағдайда табиғи комплекстер жасанды элеметтерді қосады. Бұған қарамастан рекреациялық жүйелердің рөлі әлі де болса айтарлықтай жоғары.

Рекреациялық жүйелерді талдаған кезде біз біріншіден ауаның тазалығына, пейзаждың көркемділігіне мен қайталанбастығына, емделу-сауықтыру факторлардың рөліне, саңырауқұлақ пен жидектердің молшылығына, фауна мен флораға ерекше мән береміз. Қазіргі уақытта өзгеріске аз енген табиғи комплекстердің рөлі қысқарды, алайда олардың құндылығы жоғары дәрежеге көтерілді. Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың дамуына деген қызығушылық айтарлықтай өсті – қорықтар және ұлттық парктер. Осы тенденциялармен бір уақытта табиғи кешендердiң қолдануының сипаты да өзгередi. Бұл процес Б.Б.Родомановпен байқауға алында, ол келесі стадияларды атап көрсетті:

1. Табиғиденелерді жер бедерден алу (аң аулау, балық аулау, жидек пен саңырауқұлақтарды жинау)

2. Табиғи факторларды табиғаттан ажырамай қолдану (шомылу)

3. Эстетикалық және танымдық ақпаратты қабылдау (туризм, серуендеу.)

4. Басқа адамдармен табиғат жайлы ақпаратпен бөлісу (туристік топтарды ұйымдастырушы)

Бұл кезеңдер қатарында адамдардың ерекше қорғалатын табиғи биоценоздарды сақтауға деген ұмтылысын, қиратылған табиғат аймақтарын қайта қалпына келтіру ынтасын байқауға болады.

Олай болса, табиғи рекреацияға деген көзқарас екіжақты болуы мүмкін:

1) Демалушылар контингентінің саны көп боуына бейімделген, халықтың көптік демалу орталықтарының шарттарына сәйкес келетін табиғи жағдайлардың өзгеруі.

 

2) Бұрында пайда болған табиғи комплекстерге бейімделу мен адаптациясы, бұрыннан қалыптасқан табиғи кешендер негізінде адамдардың табиғатпен екіжақты қарым қатынасты қалыптастыруға деген ұмтылыс.

Рекреациялық жүйелердің ішкі жүйелер арасында табиғи кешендер қасиеттері ретінде аттрактивтілік, сенімділік және сыйымдылықты атап кетуге болады.

Табиғикешендердің аттрактивтілігі Табиғи кешендердің және рекреациялық қызмет технологиясының эстетикалық қасиеттердің сәйкестенуі мен демалудың шарттарымен анықталады. Демалудың жайлылығы ең алдымен табиғи кешенінің микроклиматтық және климаттық сипаттамаларымен шартталған.

Табиғаттың эстетикалық сипаттамалары табиғи кешендердің аттративтілігіне де өз әсерін тигізеді. Алайда кез-келген объектінің эстетикалық бағалануы субьективті түрде болады және көп жағдайда субьектіге тәуелді болып келеді, яғни оның мәдениетіне, пайда балуына, өмір сүрудің дәстүрлі ортасына.

Табиғикешендердің сенімділігі ең алдымен оның рекреациялық салмағына деген тұрақтылығымен, оның әртүрлілігімен анықталады,себебі бұл демалушыларға белгілі –бір кешенді пайдалану сипаттамасын өзгертуге мүмкіншілік туғызады. Табиғи кешендердің тұрақтылығы олардың әртүрлі әсер етулерге қарсы тұру мүмкіншіліктермен түсіндіріледі (табиғи және антропогенді). Қазіргі кезде табиғи кешендер арасында серігу аймақтарының жағдайы айтарлықтай жақсы зерттелінген.

Табиғи комплекстердің сенімділігі негізінен оның құрамына кіретін компоненттерге тікелей тәуелді болып келеді, әрі кейіннен рекреациялық табиғи кешендерді қолдануға мүмкіншілік қалдырады. Бұл жағдайда белгілі бір табиғи компоненттің жойылуы оның толықтай табиғи қолдану мүмкіншілігінен айырмайды, себебі демалушыны кез келген уақытта басқа қызмет түріне бағыттауға болады.

Мәдени кешендер. Бұл материалды және рухини мәдениет обьектілерінің тіркесуі. Олардың қатарында жасанды құрылыстар және адамдардың тілі мен салт дәстүрлері. Ірі территориялық комплекс туралы әңгіме қозғағанда тек қана архитектуралық ансамбльлер ғана емес сонымен қатар социомәдени ортаны, салт дәстүрлерді, ортаның шаруашылық қызметін ескеру керек.

Рекреациялық жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін мәдени комплекстер көптеген басқа функциялармен қамтамассыз етеді. Олар өз кезегінде курорттық сауықтыру және емделу мүмкіншіліктерінің тиімділігін қалыптастырады, сонымен қатар ортаның эстетикалық құндылығын және оның демалушылар үшін аттрактивтілігін жоғарлатады. Әсіресе, адамдардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруда олардың ролі ереше. Мәдени комплекстің құндылығына,тұрақтылығына және сыйымдылығына байланысты рекреациялық жүйенің ішкі жүйелеріне деген талаптары қалыптастырылады, атап айтқанда демалушылар топтарының санына, инженерлік құрылыстың қуаттылығына және т.б

Мәдени кешендер табиғи кешендер сияқты тұтас білім ретінде рекреациялық жүйеге кіреді. Сонымен қатар олардың ішінен әр түрлі функцияларды атқаратын ерекше объектілерді және элементтерді бөліп қарастыруға болады. Олардың ішіне танымдық туриз объектілері мен экскурсиялар, әлеуметтік мәдени инфрақұрылымның элементтері жатады. Танымдық туризмді ұйымдастырудағы негізгісі мәдени тарихи ескерткіштер, өндірістік өнеркәсіптер, ерекше инженерді құрылыстар мен қалалық ансамбльдер болып табылады.

Мәдени тарихи ескерткіштерді рекреациялық туристік қызмет көрсету жүйесіне қосудағы түрлі нысандар бар. Олардың ең таралғаны: мұражайлар мен экскурсиялық туристік маршруттарды ұйымдастыру. Туризмді ұйымдастырушылардың назарына ие болатын ол мәдени және табиғи объектілері енетін ірі кешендері болып табылады. Сол кешендер ретінде тарихи қалалар, мұражайлар мен қорықтар, монастырлық кешендер, ландшафты архитектуралық ескерткіштер, табиғи ландшафтылар,мәдени ландшафтылар, табиғи техникалық жүйелер болып саналады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных