Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Ерекше қорғалатын табиғи территориялары мен экологиялық туризм.




Мақсаты: Экологиялық туризмнің қазіргі жағдайының даму тарихына сипаттама беру.

Жоспар:

  1. Экологиялық туризм түсінігіне сипаттама.
  2. Экологиялық туризм объектілері.
  3. Эколого-этнографиялық туризм түрлері.

Негізгі ұғымдар: экологиялық туризм, рекреация, рекреациялық география, рекреациялық туризм, саяхат, экскурсия, рекреология, демалыс.

Экологиялық туризм – әлемдік туристік индустрияның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен ерекшеленетін басты белгісі—рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану.

Экологиялық туризм локалдық идея ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында пайда болды. Экологиялық туризмнің пайда болуы мен дамуы эстетикалық және рекреациялық жағынан тартымды жерлердің ашылуымен және оларды пайдалану мен қорғау туралы нормативтердің пайда болуымен тығыз байланысты. Алғашқы ұлттық парк 1982 жылы Солтүстік Америкадағы Йеллоустоун аймағында пайда болды.

XX ғасырдың 80 жж экологияылық туризм концепцияларының қалыптасу және негізгі қағидаларының пайда болу кезеңі болып саналады.

Экологиялық туризм түсінігіне 1980 жылы алғаш рет анықтама ұсынған мексикандық экономист-эколог Гектор Цебаллос-Ласкурейн. Автордың анықтамасы бойынша, экологиялық туризм – бұл флора мен фауна үлгілерімен танысып, зерттей отырып, оларды қорғауға жағдай жасау және табиғатқа экологиялық жағынан зиян келтірмей саяхат жасау болып табылады.

Экологиялық туризмнің алғашқы анықтамасы пайда болғаннан соң осы саланың дамуына қызығушылық танытатын көптеген авторлар мен ұйымдар өздерінің түрлі нұсқаларын ұсына бастады.

БТҰ қабылдаған анықтама бойынша, «Экологиялық туризмға туристердің негізгі мақсаты табиғатты бақылау мен онымен араласу болып табылатын табиғи туризмнің барлық формалары кіреді».

1990 жылы экологиялық туризмға ресми дәреже берілді. Осыған орай жыл сайын өзінің жеке симпозиумын ұйымдастырып тұру және коммерциялық емес жеке ұйымдар ашу құқына ие болды.

Табиғаты ерекше көрікті елдерде ұлттық парктерді құрудың басты мақсаты туризм болып табылады.Мысалы, Коста-Рика ел территориясының 30%-ын табиғи қорғалатын зона деп жариялаған. Бұл мемлекетте туризм табыстың басты көзі болып табылады және ол жылына ел бюджетіне 650 млн. доллар кіріс кіргізеді. ОАР-да табыс түсіру деңгейі бойынша туризм алмаз өндіруден кейінгі екінші орынды алады, ал Аляскада—мұнай өндіруден кейінгі. Кенияның жыл сайынғы ұлттық парктерден табатын табысы 450 млн. долларға жетсе, ал

Эквадор Галапагосс аралдарындағы экотуризмнан 180 млн. доллар табады екен.

Сонымен қатар дамыған мемлекеттерде экологиялық туризм табысты бизнес түрі болып табылады. Мысалы, АҚШ-тағы ұлттық парктер туристерді қызықтыратын ірі әлемдік жүйелердің бірі болып табылады.

Экологиялық туризм объектілеріне төмендегі парктерді жатқызуға болады:

· ланшафттық парктер - әртүрлі табиғи зоналар мен ланшафттардың үлгісі болып табылатын, серуендерге және экологиялық туризм мен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған парктер;

· спорттық парктер - оқу-спорттық шараларды (альпиниад, туристік құрылтайлар, жарыстар мен семинарлар, т.б.) өткізуге арналып ұйымдастырылған орын;

· балық аулау және аңшылық парктері – лицензиялы түрде аң аулауға және әуесқой балық аулауға дайындалып жасалған арнайы территория. Бұл жерлерде сонымен қатар ғылыми экологиялық, зоологиялық және ихтиологиялық зерттеулер жүргізіледі.

· аквапарктер – су туризміне арналып (яхтинг, суға шомылу, қайықпен жүзу) және ғылыми экологиялық, ланшафттық зерттеулер мен кейбір шаруашылық қызметтер жүргізуге қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген парк;

· агропарктер – дәстүрлі ауылшаруашылық қызметімен айналысуға және экскурсиялар жүргізу үшін дайындалған парктер;

Туристік мақсаттарда құрылатын парктердің қатарына сонымен қатар тақырыптық парктер жатады. Орлардың ішінен ең атақтылары: «Дисней Уорлд», «Теңіз Әлемі», «Футуроскоп», «Дисней Лэнд», «Буш Гарден» және т.б.

Қазіргі таңда экологиялық туризмнің ең дамушы және сұранысқа ие түрлеріне табиғи-танымдық, реабилитациялық, ауылдық және эколого-этнографиялық туризм түрлері жатады.

Табиғи-танымдық туризм – экологиялық туризмнің аса кең ауқымды түрлерінің бірі. Бұл туризм түрі адамдардың табиғатпен араласу барысында ол жайында ақпарат алуларымен байланысты жүзеге асырылады. Бұл бағытқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге ұсынылатын бағдарламалар, түрлі тур түрлері кіреді.

Реабилитациялық туризм – соңғы жылдары аса көп назар аудартып келе жатқан бағыттардың бірі. Экологиялық туризмнің жас және дамушы бағыттарының қатарына кіреді. Экологиялық туризм рекреациялық аймақтардың сақталуына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар табиғи аймақтың жақсаруына өз септігін тигізуі қажет. Мысал ретінде Сиам бұғазындағы Кунг Крабаен (Таиланд) орталығы жүзеге асыратын реабилитациялық бағдарламаны айтуға болады. Орталыққа келушілерге өздерінен соң естелік ретінде мангр ағашын отырғызу ұсынылады. Осының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде экотуристердің көмегімен шамамен 160 га мангр орманы қалпына келтірілді.

Қорытынды: дамыған еуропа елдерінде белсенді түрде дамуда. Бұл бағыт қала тұрғындарының жоғарғы эмоционалдық және экологиялық қысымнан уақытша арылу мақсатымен ауылдарға барып демалуы арқылы дамуда. Ауылдық туризмнің дамуы бойынша алда келе жатқан Еуропа елдерінің қатарына Германия, Франция, және Италияны жатқызуға болады. Сонымен қатар ауылдық туризм Ресейдің кейбір аймақтарында белсенді дамуда. Оның дамуында Угра, Тункинский тәрізді ұлттық саябақтар маңызды рөл атқарады.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Геология ғылымы нені зерттейді?

2. Геология ғылымының салалары?

3. Паленонтология нені зерттейді??

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. География туризма. Развитие и научноеизучение.Алматы-2003

Дәріс






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных