Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Туризм қазіргі заманның көп қырлы құбылысы




Бүгінгі шақта туризм халықаралық ауқымдағы бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылысқа айналды. Бұл құбылыс жан-жақты, қазіргі ғылымдардың біреуі де оны өзіне тиесілі объект ретінде сипаттай алмайды.

Барлық саяхатшылардың санауы бойынша, туризм бұл – саяхатшылардың (туристердің) демалыс уақытындағы қызметі. Көптеген адамдар туризмді демалыспен, жаңа әсер алумен байланыстырады. Туризм жаңа әсер алуға, қызықты әрі әр алуан әлемді тануға ұмтылатын қазіргі заманғы адамның өмір салтының айқын көрінісіне айналды.

Экономикалық тұрғыдан алғанда туризм бұл – туристердің жекелеген шаруашылық салаларына бөлінетін материалдық құндылықтарды, қызметтер мен тауарларды тұтынуының ерекше түрі. Ол туристерді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді: көлік құралдарымен, орналастыру, тамақтану және көңіл көтеру объектілерімен, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетулермен. Көптеген елдер үшін туризм мемлекеттік табыстардың өсуіне едәуір әсер етуде және ол ұлттық экономиканың болашағы зор саласына айналды. Туризм сферасында 250 млн-нан астам адам қызмет етеді. Оның үлесіне әлемдік қызмет көрсету саудасының 1/3-і, экспорттан түсетін әлемдік табыстардың 7,9 %-ы, әлемдік тұтынушылық шығындардың 11 %-ы, жалпы инвестиция көлемінен 7 %, жалпы салық түсімдерінің 5 %-ы тиеді. Туризм көлік құралының, құрылыстың, байланыстың, сауданың, ауыл шаруашылығының, ұлттық тұтынушылық тауарларды өндірудің дамуына ықпал жасайды.

Сонымен қатар, туризм халықаралық бірлестік формасын көрсетеді. Жаңа бағыттарды қамти отырып, саяхат, елдер және аймақтар географиясы кеңейіп, осыған сәйкес, халықаралық жол жүрулердің де көлемі өсіп келеді. Көптеген туристік компаниялардың қызметі халықаралық дәрежеде сипатталады және материалдық базаға (қонақүйлер, тамақтану орындары, мәдени-сауықтандыру мекемелері) тіреледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных