Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аймақтық туризм




(В.А.Квартальнов, И.В.Зорин бойынша)

Туризм объектісі өзінде үш негізгі құраушыны қамтиды – туристік аймақ (жер, орын), туристік ұйым және туристік кәсіпорын. Турист белгілі белгілі бір іс-шаралар болып жатқан бір жерде (немесе аймақта) қызметтер кешенің пайдаланады. Бұл жер өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік жерлердің ерекшеліктеріне байланысты туристер сол жерлерде ұзақ уақыт кідіреді.

Турист саяхат мақсатын тандаған кезде ол әртүрлі жерлерді және сол жерлердегі қызметтерді салыстырып, өзіне жақынын тандайды. Турист тапсырыс берген және сатып алған өнім берілген жердегі (туристік аймақтағы) қызметтерден тұрады. Қызметтер кешені ұсынылған территорияның әрдайым анық көрсетілген шекарасы болмауы мүмкін. Бұл демалысты ұйымдастыруға арналған барлық материалды базасы бар аймақтың бір бөлігі немесе туристік орталық болуы мүмкін. Бұндай территория турист өзінің саяхатының мақсаты етіп алған қандай да облыс, мемлекет немесе мемлекеттер тобының жер аумағын қамтуы мүмкін.

 

Туристік аймақты мына сұрақтарға жауап беру арқылы анықтауға болады: турист саяхат үшін таңдаған территорияны қалай анықтауға болады және саяхат мақсаты ретінде әртүрлі нарық сегменттерімен қабылданатындай территоряның көлемі қандай болу керек?

БТҰ туристік аймақтыдемалу мен сауықтыруды ұйымдастыруға арналған арнайы құрылыс пен қызметтер кешенінен тұратын территория ретінде анықтайды. Бұл анықтамадан туристік аймақ жеке деп саналуы үшін, туристтердің орналасуы үшін барлық ғимараттардан тұруы керек.

Осылайша, туристік аймақ – бұл саяхат мақсаты және туристік өнім. Сонымен қатар төмендегілерді ескеру қажет.

1. Бұл анықтама тұтынушының қызығушылықтарынан шығуы керек. Бұл жерде шешуші кезең ол турист таңдаған территория, өйткені ол пайда әкелуі керек. Әдетте көп жағдайда бұндай территориялар тарихи қалыптасқан саяси шекараларды бұзады.

2. Нақты бір турист үшін туристік аймақ не болып табылатыны оның қажеттіліктеріне байланысты.

3. Аймақ ол «аттракциондар жиынтығы мен оған арналған туристік құрылыстар мен қызметтерге арналған орын» туристке арналған қызметтер кешенінен тұратын өнім. Бұлайша туристік аймақ ол кіру туризмнің бәсекелесі болып табылады.

Тұтынушылардың талаптарына қарай туристік аймақты қарастыруға болады. Бұл модельден турист барған жеріне қайтадан туристік мотивтерін орындауы үшін қайта баратындай төрт параметр шығады. Біліктілігіне, саяхат мотивіне (себебіне) және тұрғылықты жерінен алыстығына байланысты демалушы келесі параметрлерді бөліп көрсетеді: орналасуы, орны, ландшафт және экскурсиялар.

«Аймақтық туризм» түсінігі өзінде бір-бірімен тығыз байланысты екі аспекттен тұрады: географиялық және әлеуметтік-экономикалық. Біріншісі рекреациялық ресурстардың кеңісті бөлінісін, тұрғылықты халықтың рекреациялық қажеттілігін және сол аудандағы қанағаттанушылық дәрежесін, сол территорияға сырттан келушілерді тарту мүмкіндіктерін көрсетеді. Ал екіншісі территорияның рекреациялық зерттелуін, туризм дамуын тежейтін немесе ынталандыратын әлеуметтік-экономикалық шарттарын көрсетеді. Егер біріншісі туризм дамуының әлеуетті мүмкіндігін көрсетсе, екіншісі сол аймақтағы туристік қызметтің нәтижесін көрсетеді.

Туризмді шаруашылық саласы ретінде зерттеудің негізгі бағыттары аймақтық туризмнің дамуы мен жағдайына талдау жасаудан шығады:

- Туристік ағымдардың аймаққа кіру және шығу маршруттары, Қазақстан азаматтарының және шетел туристік тұтынушыларының туристік мақсатпен шығуының құрылымы (әлеуметтік жағдайы, жасы, нақты бір туризм түріне қызығушылығы және т.б.)

- Осы аймақтағы туризм ерекшеліктері: маусым ырғақтығы, туризмнің көп тараған түрлері мен формалары, қатысудың негізгі мақсаттары және т.б.

- Билік органдарының және жергілікті туризм органдарының туризмнің мәселелеріне қарым-қатынасы, олардың туристік саясат спецификасы;

- Осы аймақтың шаруашылық құрылымындағы туризмнің экономикалық рөлі;

- Осы аймақтағы туризмнің даму перспективалары.

Атақты американдық әлеуметтанушы Т.Бертон бос уақытты өткізу мінездемесіне және туристік демалу моделіне әсер ететін факторлардың үш тобын бөліп көрсеткен: технологиялық (бұқаралық ақпарат құралдары); институционалды (заңдық); әлеуметтік-экономикалық (демографиялық, кіріс көлемі, мамандығы).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных