Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Туризмнің негізгі түсініктері




20 ғ. бірінші жартысында туристік ағындардың ұлғаюымен байланысты туризмге анықтама беру қажеттілігі туындады. Күрделі әлеуметтік- экономикалық құбылыс ретінде оны анықтау қиынға соқты. Туризм бұл – тұрғылықты орны мен жұмысын ауыстыруға байланысты емес тұрғындардың миграциясы. Туризмнің мұндай анықтамасы статистикада қабылданған. Туризм саласының ғылыми эксперттерінің Халықаралық ассоциациясы ұсынған туризмнің нақты анықтамасы мамандар арасында кең тарау алды. Туризм – адамдардың тұрақты жайы мен жұмысынан ерекшеленетін орындарда болуы және орын ауыстыруы кезінде пайда болатын құбылыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы.

Туристің алғашқы анықтамаларының бірі 1973 жылы құрылған. Ол халықаралық дәрежеде мойындалып, кейбір толықтырулармен бүгінгі күнге дейін жетті. Қазіргі уақытта саяхат пен туризм статистикасының Халықаралық конференциясымен (Оттава, 1991) құрылған және Дүниежүзілік Туристік Ұйым мен БҰҰ-ның Статистикалық комиссиясымен мақұлданған анықтама халықаралық тәжірибеде жиі қолданылады.

Келуші – барған жері төлейтін қызмет түрін санамағанда, саяхатын және іс-әрекетін тұрақты ортасынан тыс жерлерде кез-келген мақсатта мерзімі 12 айдан аспайтын уақытта жүзеге асыратын тұлға. Турист – тұрақты жерінен тыс жерге шыққанда кемінде бір тәулік өткізген келушінің жеке түрі. Біркүндік келушілер (24 сағаттан кем уақыт) экскурсанттар деп аталады.

Ал,халықаралық туризмге келетін болсақ, “халықаралық туризм” сөзіне 1968 жылы Римде өткен БҰҰ-ның туризм мен саяхат жөніндегі I Конференциясында анықтама берілді.

«Шет елдік турист – ол келген елде «уақытша тұрақтаушы», яғни өзі тұрақты тұратын мекеннен басқа жерге кәсіптік қызмет және ақша табу мақсатынан басқа кез келген мақсатпен келген адам».(Recommendations on International Travel and Tourism. United Nations. Confrence on International Travel and Tourism.- Rome, 1963.-P.5.) Шетелдіктуристерберілгенелгекемдегенде 24 сағатқажәнемынамақсаттарменкелгенадамдаржатады: демалу, емделу, оқу, дінижәнеспорттық, соныменқатаріс-сапарға, конференцияғакелу, қызметбабыменнемесетағыдабасқажанұялықжағдайларүшін; Халықаралықтуризмніңқандайтүрлеріболады?

Халықаралықтуризмніңтүрлерінанықтауүшінбіріншікезектесаяхаттардымақсаттарыбойыншажіктегенжөн. РимдікКонференциядағы «уақытшатұрақтаушының» анықтамасынанегізделетінболсақ, ортақтүсініктерретінде жіктеудібылайжүргізугеболады:

1. Рекреациялық туризм (демалыс және емделу);

2. Экскурсиялық туризм (мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштермен танысу);

3. Ғылыми туризм (ғылыми жиналыстарға қатысу, жаңа ғылыми ашылулармен танысу);

4. Іскерлік туризм (іскерлік кездесулердіқткізу және оларға қатысу);

5. Этникалық туризм (туысқандармен кездесу мақсатындағы саяхаттар);

6. Шытырман оқиғалы туризм (түрлі экспедициялар, аң аулау);

7. Спорттық туризм (спортпен айналысу мақсатындағы саяхаттар);

8. Оқу мақсатындағы туризм;

9. Діни туризм (дінге сенушілер үшін маңызды жерлерге саяхат);

10. Ойын-сауық туризмі (мерекелік кештерге бару);

11. «Үшінші жастағы» адамдар туризмі;

Аталған туризм түрлері бір-бірлерімен жиі қиылысып тұрады. Бұл жіктеудің артықшылығы – ол туристердің келетің мақсаттарына қарай туристік аудандарды дамытуға мүмкіндік береді.

Туризмнің уникалдылығын білдіру мақсатында жіктеудің басқа да түрлерін көрсеткен жөн. Олар мыналар:

· Туризм субъектісінің ерекшеліктеріне қарай жіктеу:

1) жасына қарай (балалар,жасөспірімдер,орта жастағылар,қарт адамдар);

2) туристік топ құрамына қарай (жеке,отбасылық,топтық);

3) әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай (бизнес-туризм, конгресстік туризм, оқу туризмі);

4) демалыс уақытында істейтін қызметтеріне байланысты (альпинизм,байдаркалық,велосипедтік,аң аулау);

· Пайдаланатын ресурстар негізінде жіктеу (тау,теңіз,экскукрсиондық);

· Төмендегі көрсеткіштер бойынша жіктеу:

1) қолданылатын көлік құралы бойынша (авиациялық,автобус,теміржол,су жол көлігі);

2) валюталық трансферттер ролі бойынша (кіру,шығу);

3) маусымдық (жаздық,қыстық,маусымаралық);

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Туризм қазіргі заманның көп қырлы құбылысы?

2. Туризмнің негізгі түсініктері?

3. Отақ түсініктер ретінде жіктеуді былай жүргізуге болады?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. География туризма. Развитие и научноеизучение.Алматы-2003






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных