Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Туристік аймақтың негізгі факторлары, қалыптасу шарттары және дамуы




Қандай да бір аймақта туризмнің дамуы үшін ең алдымен ол аймақта туристік ресурстар болуы керек, оның ішінде ең алдымен рекреациялық ресурстар.

Аймақтық туризм дамуына әсер ететін негізгі факторларды статикалық және динамикалық болып бөлуге болады. Статикалыққа табиғи-географиялық фаторлардың жиынтығы жатады. Олар өзгермейтін мәнге ие. Оларды адам туристік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдануға оңтайлы етіп жасайды. Табиғи-климаттық және географиялық факторлар көркем, бай табиғатта, климатта, жергілікті рельефте, жер асты байлықтарында (минералды сулар, жертөлелер және т.б.) көрініс табады. Мәдени-тарихи факторлар да (архитектура және тарих ескерткіштері және т.б.) статикалық факторларға жатады.

Динамикалық факторларға демографиялық, саясаттық, әлеуметтік-экономикалық және материалды-техникалық факторлар жатады. Олар уақыт пен кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағаға, мәнге ие болуы мүмкін.

Жоғарыдағы классификацидан басқа туризмге әсер ететін факторлар сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Бұл факторлар туризммен байланыссыз.

Сыртқы факторалар демографиялық және әлеуметтік өзгертулер арқылы аймақтық туризмге әсер етеді. Бұл факторлар тобына төмендегілер жатады:

§ аймақтағы халықтың жасы;

§ жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әрбір отбасына келетін кіріс өзгерісі;

§ жалғыз адамдар пропорциясының өсімі;

§ кеш отбасын құру мен үйлену тенденциялары;

§ аймақтағы халықтың баласыз жұптардың өсімі;

§ иммиграциялық шектеулердің төмендеуі;

§ төленген іссапарлардың және иілгіш жұмыс кестесінің өсімі;

§ ерте зейнетке шығу, туристік мүмкіндіктерді түсінудің өсімі.

 

Төленген іс-сапарлар, иілгіш жұмыс кестесі – осылар демалыс периодтарының кеңеюіне, іскерлік туризм бейнесінің және маусым шекарасының өзгеруіне алып келеді. Осыдан турлардың ұзақтығы, олардың жиілілігі жоғарылайды.

Аймақтық туризмге әсер ететін сыртқы факторларға экономикалық және қаржылық факторлар да жатады: экономикалық және қаржылық жағдайдың жақсаруы (нашарлауы), жеке табыстың өсуі (төмендеуі), туризм мен саяхаттау шығындарына қоғамдық қаржының жоғарылауы.

Аймақтық туризм масштабтарының өсуіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларға халықтың білім деңгейінің, мәдениеттің, эстетикалық қажеттіліктердің өсуі жатады.

Сонымен қатар сыртқы факторларға саясттық және құқықтық реттеу; технологиялық өзгертулер: транспорттық инфрақұлым мен сауда дамуы, саяхат қауіпсіздік шарттарының өзгеруі жатады.

Ішкі (эндогенді факторлар) – аймақтық туризм сферасына әсер ететін факторлар. Оларға аймақтағы туризмнің дамуында маңызды материалды-техникалық факторлар жатады.

Олардың ішіндегі бастылары орналасу орындарының, транспорттың, қоғамдық тамақтану орындарының, рекреациялық ортаның, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен байланысты.

Ішкі факторларға туристік нарық факторлары да жатады:

§ Сұраныс, ұсыныс және тарату

§ нарық сегментациясының өсуі

§ туризм саласында және монополизациялау үрдістерінде координациялаудың өсуі

§ туризмдегі кадрлар рөлінің өсуі

§ жеке туристік бизнес рөлінің өсуі

Жоғарыда аталған факторлар экстенсивті, интенсивті және жағымсыз (негативті) болып бөлінеді.

Экстенсивті факторларға: жұмыскерлер санының өсуі, материалды ресурстардың санын жоғарылату, турзмнің жаңа объектілерін салу жатады.

Интенсивті факторлар – персонал квалификациясын жоғарылату, маманданған-квалификациялық құрылымды дамыту.

Жағымсыз факторлаға туризмге теріс әсер ететін факторлар жатады: кризистер, қарыздардың өсуі, саяси тұрақсыздық, жұмыссыздық, қаржылық тұрақсыздық (инфляция, валюта стагнациясы) және т.б.

Туризм дамуына әсер ететін факторлар арасында ерекше орынды маусымдық факторы алады. Маусымдылығына байланысты туристік қызмет көлемінде ауытқулар болып тұрады.

Аймақтық туризм даму деңгейі туристік инфрақұрылым мен сервис деңгейіне, яғни орналасу орындары, сауда-мейрамханалық желі және т.б. туристердің демалуына арналған материалдық жабдықталуға байланысты.

Аймақтық туризм дамуының алғашқы неізгі табиғи және географиялық шарттар болып табылады. Бұрынғы кездерден жақсы климаты мен емдік көздері бар аймақтарда туризм алғашқы сатысында-ақ дами бастаған. Қазір кездерде де сол аймақтар халықаралық туризмде көшбасшы болып табылады.

Білім алу және танымдық қажеттіліктердің өсуіне байланысты тарихи-мәдени ресурстар көп мәнге ие бола бастады.

Еңбек ресурстары туристік қажеттіліктерді қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз етеді. Алайда дамыған материалды-техникалық базасыз туризм саласында қалыпты жұмыс істеуге болмайды. Аймақтың материалды-техникалық ресурстарына орналастыру орындары, транспорт, қоғамдық тамақтану орындары, бөлшек сауда және т.б. жатады.

 

4. Туристік аудандар: иерархиясы және түрлері. Мамандыққа үйретудің бір жақты және жан жақты аудандары.

Қазіргі уақытта туристік аудандардың өзіңдік иерархиясы құрылды: туристік рекреациялық аймақ, туристік макроаудан, туристік мезоаудан, туристік микроаудан, туристік объект.

Қазіргі географияда туристік рекреациялық жүйе концепсиясы жетілдіруде және құрылуда. Е.Ю. Колбовскийдің айтуы бойынша өзіндік жоспарланған аудандардағы туристік рекреациялық жүйелері өз ішінде мынандай элементтерді бөліп көрсетеді: құрылыстық (компазиционды) элементтері, функционалды және жоспарланған элементтер. Осы элементер арасынан компазициондық түрді бөліп көрсету дұрыс болады:

  • Ареалдар – бұл аудандарда туристік рекреациялық және санаторды курортты ресурстары бар жерлер шоғырланған.
  • Ядра – аудандардың және аймақтардың функцоналды экономикалық және қала құрылыстық орталықтары.
  • Біліктері – ландшафты маршруттік коридорлар, ареалдар мен ядраларды бір бірімен байланыстыратың бірлікті территориальдық каркас.
  • Локустар – функционалды жоспарлау құрылымының таңбалы элементтері, жеке ескерткіштермен, турбазалармен, демалыс үйлерімен, қоныстармен байланысты.

Жер шарының әр түрлі аудандарында, әр түрлі мемлекеттерде потенциальді туристік аудандар құрылады, олар әр түрлі аттрактивті дәрежеде болады. Сонымен қатар аттрактивтілік әр түрлі факторлармен келісілген болуы мүмкін: табиғи, тарихи мәдениетті, әлеуметтік экономикалық, этно конфессинальды. Көп жағдайларда аттрактивтілік барлық факторлардың кешенді жиыны болып белгіленеді, осы жағдайда аттрактивті – кешенді аудандар туристерге және туристік бизнеске өте тартымды болып келеді.

Туристік аудан (ТА) – бұл аймақ, анық бір аттрактивтіліктің белгісімен ие болады және туристік инфрақұрылыммен қамтамассызданған және де туризмді ұйымдастыру жүйесі бар.

Туристік аудандар келесідей негізгі белгілерімен ерекшеленіледі:

  • Пайда болу уақыты, құрылуының тарихи ерекшелігі;
  • Табиғи, тарихи мәдени, әлеуметтік экономикалық және тұрғылықты халықтарының құрылу алғы шарттары;
  • Туристік инфрақұрылымның даму деңгейі;
  • Туристік мамандандыру;

Жоғарыда көрсетілген белгілердің негізінде туристік аудандардың классификациясын құруға болады. Оның әр бөлігін жеке жеке алып қарастыруға болады, бірақ жалпы схемасында жасауға болады.

Пайда болу уақытына байланысты туристік аудандар келесідей классификацияға бөлінуі мүмкін:

  1. Ерте кездегі туристік игерілген аудандар (XIX-ға дейін);
  2. Жаңа туристік игерілген аудандар (XIX- XX ғ басы);
  3. Жаңартылған туристік игерілген аудандар (XXғ-дың екінші жартысы);
  4. Соңғы жылдары игерілген туристік аудандар;

Құрылу алғышарттары бойынша келесідей аудан типтері анықталған (аттрактивтіліктің түрлері бойынша):

  1. Табиғи;
  2. Этнографилық;
  3. Тарихи мәдени;
  4. Экономикалық;
  5. Кешенді;

Табиғи аттрктивті аудандардың арасында негізінен табиғи емдік (курорттар, емдік жерлер) аудандарды айта кетуіміз керек.

Туристік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша келесідей аудандарды айтамыз:

А. Жоғары деңгейде дамыған инфрақұрылым;

Б. Орта деңгейде дамыған инфрақұрылым;

В. Төмен деңгейде дамыған инфрақұрылым;

Туристік маманданған аудандар:

А. Танымдық немесе экскурсиондық туризм аудандары;

Б. Рекреациялық немесе емдік туризм аудандары;

В. Ғылыми туризм аудандары;

Г. Фестивальді туризм аудандары;

Д. Діни туризм аудандары;

Е. Ностальгиялық туризм аудандары;

Ж. Кәсіби туризм аудандары;

З. Ауылдық туризм аудандары; Әр түрлі рангтағы туристік аудандармен Туристік Рекреациялық Кешендермен (ТРК) араларында байланыс бар. Туристік Рекреациялық Кешендермен (ТРК) – күрделі шаруашылық, мұнда емдік және шипалы мекемелер, қызмет көрсететің кәсіпорындар және жалғаспалы салалары кіреді (сауда кәсіпорындары және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық, мәдени және спорттық мекемелер, экскурсиондық объектілер, жол транспорттық жүйе, жәдігерліктер шығаратың мекемелер және т.б)

Кең және тар маманданған туристік аудандар.Кең маманданған туристік аудандар. Туристік салада ұйымдастырушылармен туристік шаралардың арашаларының барлық назары негізінде демалысты туристердің демалу айларына ұйымдастыру. Кең маманданған туристік аудандар сонымен қатар, іскерлік туризмінеде маңызды. Осынай туристік орындарға білім беру, әкімшілік-өнеркәсіптілік және транспорттық орталықтар жатады. Білім беру орталықтары – бұл жерлер, конгресс өткізуге арналған, сонымен қатар ғылыми және зерттейтің орталықтар мекемелеріне арналған. Әкімшілік-өнеркәсіптілік өз ішінде өнеркәсіптілік немесе коммерциялық және саяси орталықтар болып бөлінеді. Өнеркәсіптілік орталықтарына коммерциялық келісім шарттармен тауар келісімдерін жүргізу үшін келетің орындар. Саяси орталықтарына, саяси әкімшілік құрылымдары орналасқан немесе саяси мінездемедегі шаралар өтетің орын.

Тар маманданған туристік аудандар. Бұл ауданның айырмашылығы сол орындарды зерттеу мақсатымен саяхат жасау. Тар маманданған туристік орындар демалу орындарына, туристік көрнектілігі бар орындарды айтады.

Демалу орындары. Бұл топқа курорттарды, демалыс кезеңдерін өткізуге арналған, тұрғылықты тұратың орынға жақын орналасқан орындарды және көпке созылмайтың демалысқа қолданылады.

Курорттар. Бұл атау халықаралыққа атауға айналған, бірақ бір жылдары бұл атаудың бір ыңғай мағына бермеген. Мысалы, Швейцарияда курорт деп барлық демалу орындарын атай береген, ал сол уақытта Германияда бұл атауға заңмен белгіленген талаптарға сай болу керек болды. Жалпы қабылданған анықтамаға сәйкес, курорттар кем дегенде үш көрсеткішке сай болу керек: табиғи емдік фактор, сәйкес салынған ғимараттар, емдеудің анық бір түрлері.

Табиғи емдік факторлар – бұл топырақтың емдік қасиетің пайдалану, немесе теңіздің, климаттың емдік қасиетің пайдалану.

Курортты ғимараттар – бұл ғимараттарда емдік процедуралары өтеді. әр ғимараттар өзінің гигиеналық ережелеріне сай болу керек, сыртқы кел беті көрікті болу керек және арнайы үйретілген қызметкерлермен эксплутациядан өту керек. Бұл курортты ауданның ең бастысы ол, тыныш жерде орналасуы керек және өте керемет және бай ландшафты жерде.

Туристерге көрнекті жерлері бар орындар. Туристік орындардың бұл орындарына келесідей жерлер жатады: тарихи, діни және көңіл көтеретің орталықтар. Осылардың барлығы туристерді қызықтырады, бұндай туристерге бірінші орында физикалық немесе рухани демалу емес, ал бұрын көрмеген, білмеген жаңа бір таң ғажайыпбен танысу.

Сонымен орай, туристік аудандар туристердің туристік қызметпен пайдалану мотивациясының таңдау түрлерімен байланысты. Егерде, анық бір жерге саяхат жасау ол қойылған мақсат болса, онда туристік ауданның кең маманданған жер, ал егерде ол өзі қойған мақсат болса, онда келу орындары тар маманданған туристік аудан деп саналады.

 

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Еуропа елдеріндегі атақты туристік куорттар?

2. Орталық Азия елдерінің туризмді дамыту факторлары?

3. Туркиядағы курорттық орталықтарды атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. А.С. Кусков, В.Л. Голубаев, Т.Н. Одинцова. Рекреационная география.

2.Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З.Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России иСССР.Ростовно-Дону, 1988






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных