Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТАРИХ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ




(Е.В. Колотова бойынша)

Табынушылық сәулет өнерінің ескерткіштері. Табынушылық сәулет өнерінің ескерткіштері - ескерткіштердің біздің уақытқа енген ең ежелгі түрі. Бұл әр түрлі дінді ұстанатын монастырлар мен шіркеулер: мұсылман мешіттері,православ храмдары, католик шіркеулері, лютерандық кирхтер, еврей синагогалары, буддистік пагодтар.

Діни орындарға сапар жасаудың қайта жандануы қазіргі таңда өзекті болып отыр.

Діни кешендерге саяхаттар әр түрлі мақсатта әр түрлі топтармен жасалынады. Мұндай саяхаттардың бірнеше түрі бар.

Экскурсиялық сапарлар кез келген елдің мәдениеті мен бейнелеу өнері жетістіктерімен тану мақсатында діни ошақтарды аралау;

Діни турлар қасиетті орындарға баратын дін жолындағы адамдардың экскурсиялары, қасиетті орындарға табынушылық. Сонымен қатар экскурсанттарды діни орынның тарихымен, сәулет өнерімен және мәдени кешеннің басқа да жетістіктерімен таныстырады.

Қажылық дін жолын ұстанғандардың белгілі бір діни орындарда дұға оқу үлкен сауапқа ие деп санайтын қасиетті орындарға сапарлары. Мұндай бағытпен саяхат жасайтын туристер бұл жерлерде бірнеше күн болады, Құдайға сыйынады.

Қасиетті орындарды көруде тарихи ландшафтты сақтау үлкен рөл атқарады. Осындай мақсатпен рекреациялық табиғи-тарихи діни саябақтарды сақтау жүзеге асырылады.

Сәулет өнерінің ескерткіштері. Сәулет өнерінің ескерткіштерін қалалық, оның ішінде азаматтық және өндірістік және қаланың шетіндегі сарай-саябақтар деп бөлуге болады. Көне ғимараттардың ішінде бізге жеткені діни орындар. Қалалық сәулет өнері әдетте ежелгі кезде сарайлармен,қазірде әкімшілік ғимараттар, театр, кітапханалар, университеттер мен ауруханалармен сипатталады. Өндірістік сәулет өнеріне зауыттар мен фабрикалар, рудниктер, т.б. жатады. Қаланың шетіндегі сәулет өнері үлкен сарайлар және саябақтармен белгілі.

Археологиялық ескерткіштер. Археологиялық ескерткіштерге жартастағы суреттер, ежелгі тас жазулары, ежелгі дәуірдің ежелгі өркениетке тән қазба байлықтары жатады. Археологиялық ескерткіштер тарихшы және археолог мамандардың қызығушылығын туғызады. Туристерді әсіресе жартастағы суреттер сонымен қатар, археологиялық экспозициялар қызықтырады.

Этнографиялық ескерткіштер. Туристердің маршруттарына енетін этнографиялық мұра екі түрлі болып келеді. Біріншісі, өлкетану мұражайындағы, ұлттық тұрмыстық мұражайлардағы мұражай экспонаттары болса, келесісі, белгілі бір шаруашылықтың дәстүрлі формаларын сақтаған, сол аймаққа тән ерекшеліктер мен мәдени өмір, салт-дәстүрге ие елді мекен жатады.

Мұражай экспозициялары белгілі бір аймаққа тән ұлттық киімдер жиынтығын, тұрмыс пен халық шығармашылығы бұйымдарын қамтиды. Олар туристерді өткеннің тарихымен таныстырады.

Тарихи даму кезінде әр жерде өңірдің ұлттық және табиғи ерекшеліктеріне сәйкес архитектуралық үлгісі қалыптасады. Әлемдегі аз ұлтты орналасуы қызықты этнографиялық мағлұматты қамтиды. Бұл арқылы сол елдің өзіндік мәдениетімен, әдеп-ғұрыптармен танысуға болады.

Этнографиялық ескерткіштер мәдени мұралардың мынадай критерийлеріне жатады: этномәдени және әлеуметтік-мәлени шарттардың бірегейлілігі және өзіндік ерекшелігі,халықтың дәстүрлі өмір сүру кешені.

Халықтың қолөнері. Халықтың қолөнері тарихи түрде өнердің өте ежелгі түрге жатады. Ежелгі қолөнерге ағаш ою, матада сурет салу, әшекей бұйымдарын жасау жатады. Ер адамдар арасында қолөнердің зергерлік бұйымдар жасау түрлері, ал әйел адамдар арасында тігудің сан алуан түрі дамып келеді.

Ұлттық қолөнердің рөлі туризмнің мәдени әлеуеті тұрғысынан маңызы зор. Халықтың өнер орталығы – бұл тек танымдық туризмнің нысаны ғана емес, кәдесый өнеркәсібінің негізі болып саналады.

 

3. МӘДЕНИ ЛАНДШАФТ:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных