Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






2 страница. Студент өзіндік жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі:




Студент өзіндік жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі:

· Кітапханада

· Интернет-класта

· Үйде

 

8.1. Негізгі әдебиеттер:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы,1995ж.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім). Алматы, 1995ж.

3. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2030», 1-3 тараулар. Алматы, 1997ж.

4. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «2004 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары», 2003ж. 4 сәуір

5. Қазақстан Республикасының кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау туралы мемлекеттің 1994-1996 жылға арналған бағдарламасы, 10 шілдеде 1994ж. №1727

6. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы. №3,10,4 шілдеде 1992ж.

7. Әубәкіров Я., Қабдиев А., Досқалиева В. «Экономика» оқулық, Алматы: 1994ж.

8. Әубәкіров Я., Есқалиев К. «Экономикалық теория негіздері» оқулық, Алматы: 1994ж.

9. Әубәкіров Я., Нәрібаев Қ., Есқалиев К. «Экономикалық теория негіздері» оқулық, Алматы: 1998ж.

10.Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық теория». Алматы-Ақтөбе, 2002ж.

 

8.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Дорнбш Р., Фишер Р.С. «Макроэкономика». Алматы. КазМБА және білім баспасы, 1997ж.

2. Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика негіздері. Алматы,1997ж.

3. Жүнісов Б. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 1997ж.

4. Қожамқұлов Т. Саяси экономика негіздері. Алматы,1991ж.

5. Нүрпейісов Ж.К. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы, Ақмола, 1996ж.

6. Мадешев Б.Р., Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Алматы, Экономика1995ж.

7. Мадешев Б.Р., Беляков А.Т., Бекмолдин С.К. Экономикалық жүйе Алматы, 1995ж.

8. Саяси экономика. Оқулық. Алматы, 1991ж.

9. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы,1997ж.

10. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2000ж.

11. Нұрсейт А., Темирбекова А., Нурсейтова Р. Теория рыночной экономики. Алматы, 2000г.

12. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. Алматы, 2000г.

13. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития 2 тома, Алматы,1995г.

14. Тоқсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства. Алматы, 1999г.

15. Каренов Р.С. Шакшина Ш.М. Рыночные методы хозяйствования в экономике Казахстана. Алматы, 1995г.

16. Нурмаганбетов К.Р. Рыночное регулирование производственно-хозяйственной деятельности фирмы по перероботке сельскохозяйственной продукции. Алматы, 1995г.

17. Нурмаганбетов К.Р. Многообразие форм собственности и хозяйствования в АПК Казахстан. Кокшетау, 1993г.

18. Токсейтов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық. Қарағанды, 1999ж.

19. Крымова В. Экономическая теория в схемах. Алматы, 2000г.

20. Ильясов К.К. Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана. Алматы, 1995г.

21. Перпринимательство в Республике Казахстан. Окаев К.О., Смагулова Н.Т. и др. Алматы. Экономика 2000г.

22. Смагулова Ш.А., Баспакова А.Д. Макроэкономика, Алматы «Жеті жарғы» 1999ж.

23. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ұ.С., Комягин Б.Н. Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтөбе, 2002ж.

 

 

9. Курстың саясаты

1. Сабаққа кешікпеу, кешігіп келгендерді сабаққа кіргізбеу.

2. Сабақ үстінде сөйлеспеу, газет оқымау керек, сағыз шайнамау керек, ұялы телефонды сөндіріп қою керек.

3. Студенттерге іскерлік киім кию.

4. Сабақ босатқан жағдайда анықтама қағазын әкелу.

5. Оқу үрдісінде белсенді қатысу керек.

6. Берілген тапсырманы уақытында тапсырмаса, баға төмендетіледі.

7. Ұқыпты, сабырлы, ашық және басқа студенттермен және мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста болу.

 

Аралық бақылау -тестілік тапсырма, жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Аралық бақылау семестрдегі 2 рет өткізіледі: 7-ші және 15-ші апталарда.

Қорытынды (соңғы) бақылау емтихан түрінде өткізіледі.

 

10. Бағаларды қою саясаты

Баға қою саясаты 100 балдық жүйеге негізделеді. Ағымдық және аралық бақылауға жалпы есептегенде 60 балл, қорытынды (соңғы) бақылауға 40 балл бөлінеді.

Пән бойынша білімді бағалау кестесі

Сабақтың түрі мен студенттің орындайтын жұмыстары Баллдар саны min/max
I Ағымдық бақылау: -дәрістер -семинар, практикалық және есептік-графиктік сабақтар -СӨЖ (тапсырма орындау)   4 / 7,5 0,5х15 апта = 7,5 9 / 19,5 1,3х15 апта = 19,5 8 / 18 1,2х15 апта = 18  
II Аралық бақылау: Семестрде 2 рет аралық бақылау болады.   10 / 20 10х2=20
  Жиынтығы: 30 / 60
III Қорытынды бақылау: Емтихан 20 / 40
  Барлығы: 50 / 100

 

Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау

Емтихандағы баға Бағаның пайызы (%)
1. 3 (қанағаттанарлық) 20 / 25
2. 4 (жақсы) 26 / 31
3. 5 (өте жақсы) 35 / 40

 

Студенттің білімін қорытынды бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша жиынтық балдары) кредиттік технологияға сәйкес төменде берілген мәліметтер бойынша қойылады.

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріп жүйесімен бағалау Балдардың цифрлық баламасы Балдардың проценттік мазмұны Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 4,0 95 – 100 Өте жақсы
А- 3,67 90 – 94
В+ 3,33 85 – 89 Жақсы
В 3,0 80 – 84
В- 2,67 75 – 79
С+ 2,33 70 – 74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65 – 69
С- 1,67 60 – 64
Д+ 1,33 55 – 59
Д 1,0 50 – 54
F   0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

3. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ

3.1. КУРСТЫҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ (ГЛОССАРИЙ)

Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына

қарамастан, барлық учаскеден бірдей алатын рентасы (табысы).

Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам

еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.

 

Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция

шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы

 

Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір

мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды

қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір

бөлігін алуға құқық береді.

 

Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік

баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.

 

Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен

өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақсаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.

 

Құнды қағаздар - иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз

түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар (акциялар, облигациялар, вексельдер, депозиттік және инвестициялық сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).

 

Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа

байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.

 

Баж - мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден,

азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.

 

Банк пайызы - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі.

(проценті)

 

Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және

ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және

валюталық қолма-қол ақша, акциялар көрсетіледі.

 

Бәсеке - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан

неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар

өндірушілер арасындағы жарыс.

 

Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде

дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға

бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.

 

Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың

табыстан артып кетуі.

 

Валюта - 1. елдің ақша бірлігі;

2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп

айырысуда қолданылатын төлем құжаттары

 

Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ора

салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір

елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.

 

Вексель - төлем және несие құралы; кәсіпкердің

несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан

кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.

 

Венгур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге,

енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға

маманданған шағын коммерциялық ғылыми-

техникалық ұйым.

 

Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын

кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар

айқындайтын экономикалық жүйе.

 

Дебитор - кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.

 

Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру;

тұрақты валютамен немесе халықаралық шот

өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта

бағамының төмендеуі.

 

Демпинг - тауарлардың ішкі нарықтағы бағаға қарағанда

сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен

сатылуы.

 

Деноминация - ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның

айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.

 

Депозит - белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына

сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.

 

Дивиденд - акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін

акционерлерге төленетін ақы.

 

Диверсификация - бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты

емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар

дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы

ассортиментінің ұлғайып отыруы.

 

І-ші дифференциалды рента - жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен

жер учаскесінің жақсы орналасуына

байланысты алатын рентасы (жол ақысы)

 

ІІ-ші дифференциалды рента - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды

жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.

 

Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін

жеңілдікті экономикалық жағдайлар

жасалған аймақтар.

 

Ең төмен деңгейдегі тұтыну

бюджеті (минимальды) - адамның физиологиялық және әлеуметтік

мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру

үшін тұтыну тауарлар мен қызметтердің

жиынтығын сатып алуға жұмсалатын шығын.

 

Ең төмен жалақы

(минималды) - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек

ақысының ең төмені деңгейі.

 

ЖАҚ - акциялары тек құрылтайшылардың немесе күні бұрын

айқындалған адамдар тобының арасында ғана сатылатын шаруашылық формасы.

Жалақы - еңбеккерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде

(күні, айы) алатын ақшалай табысы.

Жалпы ішкі өнім - статистиканың жинақтап қорытатын

макроэкономикалық көрсеткіші; ел ішінде

өндірілген тауарлар мен қызметтердің

белгілі бір кезеңдегі нарықтық құны.

 

Жалпыұлттық өнімнің - номинальды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге дефляторы

қатысын көрсетеді.

Жалпы ұлттық өнім - статистиканың жинақтап қорытатын

макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел

ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі

бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтердің

жиынтық нарықтық құны

 

Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынға құрылтайшылардың бірігіп

салған салымдарының құны, яғни кәсіпорын

капиталының бастапқы сомасы.

 

Жер - өндірісте пайдаланатын табиғи ресурстар мен

байлықтар.

 

Жекешелендіру - мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.

 

Жұмыссыздық - еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметін таба алмай дағдаратын әлеуметтік = экономикалық құбылыс.

 

Жиынтық сұраныс (АД) - бұл графикте көрсетілген кисық сызық, оның мағынасы: қоғамдағы барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі, яғни тұтынушылардың, кәсіпорындардың және үкіметтің бағаның әрбір деңгейінде нақты жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.

 

Жиынтық ұсыныс (АS) - бұл графикте көрсетілген модель, яғни бағаның әрбір мүмкіншілік деңгейінде өндірілген нақты жалпыұлттық өнімнің көрінісі.

 

Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.

 

Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.

 

Инвестициялық банктер - ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер.

 

Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.

 

Инновациялық бактер - өнертабысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.

 

Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.

 

Ипотека - ақшалай қаражат алу мақсатымен жылжымайтын мүлікті (жерді, кәсіпорынды, ғимаратты, жермен тікелей байланысты басқа да объектілерді) кепілге салу түрі.

 

Кадастр - табиғат объектілері туралы негізгі мәліметтердің жүйелендірілген жинағы (су, жер). Жер құбырларына сәйкес пайдалануға бөлінетін әрбір жер учаскесіне арнаулы ережелер бойынша кадастрлық нөмір, яғни жеке және қайталанбайтын код беріледі.

 

Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.

 

Конвенция - халықаралық келісімшарт

 

Конверсия 1. өндірісті түбірімен өзгерту;

2. бір валютаны екінші валютаға

айырбастау.

 

Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.

 

Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).

 

Консорциум - бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын (қажет ететін нақты экономикалық мінддеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде уақытша берлестік (шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалар мен банктердің бірлестігі).

 

Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.

 

Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.

 

Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.

 

«Көгілдір фишкалар» - алынатын табыстары төленетін дивиденд-

(«голубые фишки») терінің тұрақты көрсеткіштерімен жақсы танылған АҚШ-тың атышулы ірі корпора- цияларының жай акциялары. Елімізде негізінен өнеркәсіптік сектордағы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілген неғұрлым акционерлік қоғамдар «көгілдір фишкалар» деп аталады.

 

Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі.

 

Қосымша құн - өнімді сатудан түскен түсімнен оны өндіру үшін басқа фирмалардан сатып алу шығындарының арасындағы айырмашылық құн, яғни фирманың осы өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны (жалақы, несие пайыз, жал төлемі, салықтар мен пайда сомасы).

 

Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын.

 

Лаффердің қисығы - салық өсімі мен салық түсімі арасындағы байланыстың графиктегі көрінісі.

 

Лизинг - заңды (жеке) тұлғаның еңбек құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа фирмалардың меншігін пайдалануы; ұзақ мерзімде пайдалануға құрал жабдықтарды несиеге беру.

 

Либерализация - бейтараптану «бағаны либерализациялау» – бағаны босату, яғни әкімшілік жүйеде мемлекет бағаны бірқалыпта ұстап, нарықтық экономикаға өту кезеңінде оны босатып жібереді.

 

Лицензия - ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттерімен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және т.б. пайдалануына арнаулы рұқсат (келісім).

 

Лоренц қисығы - қоғамда табыстардың графикте нақты бөліну көрінісі.

 

Макроэкономика - экономиканы экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық тұтас алып зерттейтін саясаттың басты мақсаттары.

 

Мемлекеттік қарыз - өткен жылдардағы бюджет тапшылығының

жиынтық сомасы.

 

Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.

 

Микроэкономика - экономика ғылымының саласын, кәсіпорын (фирма) мен үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.

 

Монетаризм - Макроэкономикалық талдау мен экономиканы реттеу теориясы, ол экономикалық дамуда ақшаның және экономиканы тұрақтандыруда ақша-несие саясатының рөлін бірінші орынға қояды.

 

Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушы мен нарықта үстемдік жүргізуі.

 

Монополистік бәсеке - нарық көптеген сатушылардың бір-біріне ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады.

 

Мультипликатор - ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналысының өсуі, немесе азаюының қанша есеге өзгергенін анықтайтын көрсеткіш.

 

Нақты еңбек - арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскерлердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінетін, яғни тауарлардың тұтыну құнын жасайтын еңбек.

 

Нақты жалақы - Жұмысшының номинальды жалақысы мен отбасы үшін қанша күнкөріс заттарын сатып алуына байланысты көрсетеді.

 

Нақты пайыздық - номинальды пайыздық мөлшерлемеден

мөлшерлеме инфляция ықпалын тазартқандағы мөлшерлеме.

 

Несие - бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар – материалдық беруі туралы келісім.

 

Номиналдық жалақы - жалақының ақшалай сомасы

 

Номинальды пайыздық - ағымдағы нарықтық пайыздық

мөлшерлеме мөлшерлеме.

 

«НОУ-ХАУ» - патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.

 

Облигация - құнды қағаз, ол иесінің ақшалай қаражат салғанын куәләндырады.

 

Олигополия - нарықта аздаған ірі компаниялар үстемдік жүргізеді. Өнім біркелкі (біртектес) болып келеді. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруі қиын болады. Бағаны бақылау бір біріне тәуелді болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных