Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






7 страница. .




Р S Р2 Е PЕ Р1 D QЕ Q Мұнда, S – ақшаның ұсыныс; D – ақшаға сұраныс; Р - проценттің мөлшерлемесі, Q – ақшаның массасы. Ақшаға сұраныстың және ақша ұсынысының тепе-теңдігі, басқа кезгелген нарықтағы тепе-теңдік сияқты қалыптасады. Проценттің мөлшерлемесі тепе-теңдік процент мөлшерлемесінен PЕ төмен болса, шаруашылық субъекттер өздерінің ақша көлемін өсіруге тырысады.

 

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.

2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.

3. М2= М1+мерзімді салымдар.

4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.

 

Тауар айналымына қызмет ететін ақша айналымы экономикалық заңмен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады:

 

 

Несиенің түрлері

Әрекет ету мерзімі бойынша
Несие сипаттамасы бойынша
Несиелеу объектісі бойынша

 

           
     

 


Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Несиелік жүйенің незізгі элементтері:

І. Орталық (эмиссиялық банк)

ІІ. Банктік жүйе:

- коммерциялық банктер

- жинақ банктері,

- инвестициялық банктер,

- ипотекалық банктер,

- басқа да мамандандырылған банктер.

ІІІ. Сақтандыру ұйымдары:

- сақтандыру компаниялары,

- зейнетақы қорлары.

ІҮ. Мамандандырылған бакнтік емес несие қаржылық институттар:

- инвестициялық компаниялар,

- қаржылық компаниялар,

- қайырымдылық қорлары және т.б.

Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.

Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық банк коммерциялық банктерге үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Ұлттық банк мемлекеттің несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ол құралдар ақша-несие саясатына жанама және тікелей әсер ету әдістерінен құралады. Несие саясатының жанама әдістеріне жататындар: есептік ставка саясаты, ашық нарықтағы операциялар, минималды резерв саясаты, еркін келісімдер.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

 

 

4. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨОЖ)

1 ТАҚЫРЫП. Экономикалық теория пәні және әдістері

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Экономикалық теорияның даму кезеңдерін және теорияның зерттеу әдістерін, экономикалық игіліктерін, мектеп өкілдерінің еңбектерін анықтау, жеткізу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

2. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

3. Экономикалық теорияның категориялары мен функциялары.

4. Мектеп өкілдерінің көзқарастары, еңбектері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша талдау

· Категорияларға анықтама

Тапсырма: Төменде берілген мәліметтерді пайдаланып логикалық оймен өндірістегі мақта өнімінің қосылған жалпы құнын және сатылу құнын есептеп, дүрыс жауабын табу керек. Ж/б: Жалпы құны – 2800тг., 2900тг. Сатылған құны – 710тг., 810тг. қайсысы дұрыс?

1. Шикізатты өндіру – 100теңге

2. Шикізатты өңдеуге әкелу – 160теңге

3. Шикізатты өңдеу – 300теңге

4. Өңделген шикізатты фабрикаға әкелу – 370теңге

5. Соңғы өнім дайындау – 550теңге

6. Соңғы дайын өнімді көтерме сатушыға әкелу – 610теңге

7. Соңғы дайын өнімді бөлшектеп сату – 710теңге

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Категориялар бойынша жұмыс жүргізу,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:

1. Әубәкіров Я., Нәрібаев Қ., Есқалиев К. «Экономикалық теория негіздері» оқулық, Алматы: 1998ж.

2. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: «Жалпы экономикалық теория». Алматы-Ақтобе, 2002ж.

 

2 ТАҚЫРЫП. Қоғамдық өндірістің негіздері және оның құрылымы

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Өндірістің құрылымын және өндіріс факторларын, экономикалық ресурстарды, өндіріс типтерін және теорияның зерттеу негіздерін, нысандарын анықтау, өндіргіш күштерін сипаттау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қоғамдық өндірістің сатылары.

2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері.

3. Өндіргіш күштерге сипаттама.

4. Өндіріс құралдары және оларлың түрлері.

5. Қоғамдық өндірістің түрлері.

6. Ұдайы өндіріс және оның типтері.

7. Қоғамның экономикалық таңдауы.

8. Тиімділік проблемасына сипаттама.

9. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Тапсырма: Логикалық оймен өндірістегі тауар өнімінің тұтынуға шығарылған халықтың тұтыну көлемін және инвестиция көлемін 3 амалмен анықтаңыз. Ж/б:Тұтыну көлемі – 3400теңге, Инвестиция көлемі – 120 теңге.

Нақты табыс – 4000 теңге

Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуы – 300теңге

Тікелей салықтар – 600теңге

Экспортқа шығару -740 теңге

Импортқа шығару -560теңге

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Категориялар бойынша жұмыс жүргізу,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық теория. Алматы. Қазақ университеті, 1999ж., бет 28-32.

2. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.: Курс экономической теории. Киров «Аса», 2001ж. с 48-63

3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

 

3 ТАҚЫРЫП. Экономикалық жүйелердің типтері мен даму заңдылықтары

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне, экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар қоғамдық өндірістің негізін құрайтын мәселені шешу әдістерін анықтайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық жүйе және оның түрлері.

2. Экономикалық жүйедегі аралас жүйенің негізгі үлгілері.

3. Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама.

4. Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері

5. “Қазақстан – 2030 стратегиясының” басым бағыттары.

6. Экономиканы реформалаудағы меншіктің орны.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығулар. Төменде экономикалық көрсеткіштер берілген (млн.теңге) ЖҰӨ көлемін анықтаңыз.

1. Тұтынушы тауарлары – 634

2. Ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар – 817

3. Халыққа көрсетілген қызметтер – 1673

4. Өндірістік инвестициялар – 5380

5. Өндірістік емес инвестициялар – 3410

6. Тауар запастарының өсу деңгейі – 38

7. Федералды мемлекеттік сатып алулар – 374

8. Жергілікті билік органдарының сатып алуы -483

9. Халыққа зейнетақы мен жәрдемақы беру – 90

10. Экспорт – 44

11. Импорт – 56

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Категориялар бойынша жұмыс жүргізу,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі: 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

2. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1998ж. бет117-119 з/Камева В.Д.: Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтөбе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

4 ТАҚЫРЫП. Меншік қатынастары және кәсіпкерлік, экономикадағы ролі

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі, экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарды өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік ќатынастарын д±рыс т‰сіну ‰шін, оны иемдену ќатынастарымен салыстыру ќажет. «Меншік» жєне «иемдену» деген т‰сініктерді ажыратып, єрќайсын жеке танып білу ќажет.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Меншіктің экономикалық мазмұны.

2. Меншіктің құқықтық мазмұны.

3. Қазақстан республикасындағы меншіктің формалары

4. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесі.

5. Жекешелендіру тәсілдері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі. 2004 ж. өндірілген тауар өнімінің жарты жылдық сатылу бағасының (R)- шығынын және (уа)-айырмашылығын табу керек. Кестеде белгіленген бағаның құнын есептеп толтыру және соңғы жиынтығын мына формуламен есептеп шығару. R(а)2= Σ(х* у(факт)) -Σ(у(факт) -у(f)2–(у(факт) *х)+(х2 * у(f)) + Σ((у(факт) *х)+(у(факт) -у(f)) * 100% =

х – сатылған тауар саны;

у(факт) – тауар бағасының нақты құны;

у(f) – тауар бағасының өткізілетін құны.

у(а) - шығынның айырмашылық бағасы

2004 ж. айлары х у(факт) у(f) (факт) - у(f)) (факт) – у(f))2 у(факт) *х 2 * у(f)) (факт) - у(f))2 - (у(факт) *х) + (х2 * у(f)) у(а)
  Қаңтар                  
  Ақпан                  
  Наурыз                  
  Сәуір                  
  Мамыр                  
  Маусым                  
  Жиынтық                  

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі: 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

2. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1998ж. бет117-119 з/Камева В.Д.: Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

5 ТАҚЫРЫП. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Қоғамдық өндіріс түрлерін, формаларын және натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылықты анықтау. Натуралды және тауарлы шаруашылық ерекшеліктерін сипаттау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.

2. Тауарлы шаруашылықтың мәні.

3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі. Берілген мәліметтерді қолдана отырып, инфляцияның өсу қарқынын және баға деңгейінің екі еселенуінің мерзімін анықтау.

 

Жылдар 1997ж. 1998ж.
Тұтынушы бағасының индексі 121,2 132,4
Азық-түлік тауарлары 113,8 120,3
Азық-түліктік емес тауарлар 105,9 110,5
Халыққа ақылы қызмет көрсету 187,0 195,3

Натуралды және тауарлы шаруашылықты сипаттау ж/е анықтау?

Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық
1. 1.
2. 2.
3. 3.

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Есеп шығару,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі: 1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

2. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1998ж. бет117-119 з/Камева В.Д.: Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

 

6 ТАҚЫРЫП. Нарық және оны реттеу механизмдері. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Нарық, айырбас айналыс категорияларын өзара тығыз байланыстыра отырып анықтама беру. Экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын, шаруашылықты ұйымдастыруды талдау және анықтамалар беру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Нарықтың мәні және түрлері.

2. Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.

3. Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканыңартықшылықтары мен кемшіліктері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі. Бір тауарға деген сұраныс пен ұсыныс теңдеуі келесідей берілген:

Qd = 200-P

Qs = 2P+20

Анықтау керек:

А) тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемін.

Б) Баға деңгейі 3 ақша бірлігі деп есептесек тапшылық және артықшылық көлемі қандай болады.

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Есеп шығару,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі: Жүнісов Б.А., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықтық экономиканың негіздері. Ақтөбе 1993ж. 1-бөлім бет 65-77. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1999ж. бет 65

 

7 ТАҚЫРЫП. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуін талдау міндеті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұранысты ақшалай камтамасыз етуге тұтынушының қажеттілігін сұраныс пен төлем қабілеттілігін, қажеттілігін анықтау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

3. Сұраныс пен ұсыныстың бірөбіріне әсер етуі.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі.

1.Сұраныс пен ұсыныс келесідей деп есептесек,

P = 10-0,2Qd

P = 2+0,2Qs

онда,

А) тепе-теңдік көлемін және тепе-теңдік баға деңгейі қандай болады.

Б) Нарықтық жағдайы қандай болады, егер баға деңгейі 4 ақша бірлігі болса.

2. Сұраныс пен ұсыныс қисықтары келесідей формуламен көрсетілген:

Qd = 600-2P

Qs = 300+4P

Табу керек:

А) тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемін.

Б) Егер баға деңгейі 60 ақша бірлігі болған жағдайдағы нарықтағы тапшылықтың және артықшылық көлемі қандай болады.

3. Сұраныс пен ұсыныс функциялары

Qd = 300-P

Qs = -60+0,8P

Табу керек:

А) тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемін.

Б) Баға деңгейі 150 ақша бірлігі болған жағдайда нарықта не орнайды (тапшылық, артықшылық).

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Есеп шығару,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі: Жүнісов Б.А., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. Нарықтық экономиканың негіздері. Ақтөбе 1993ж. 1-бөлім бет 65-77. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1999ж. бет 65

 

8 ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Кәсіпкерліктің белсенділігін және іскерлігін, адамдардың еркін өмір сүруі туралы ежелден келе жатқан қабілеті. Орта ғасырдан басталған көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері туралы мәліметтерді анықтау. Кәсіпкерлік қабілеттілік функциясын түсіндіру және жеткізу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.

2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі.

1. Төмендегі келісімдердің қайсысы ЖҰӨ-ге кіреді және қайсысы кірмейді? Неге?

А) Жанұя өзінің ескірген пәтерін 12 млн. теңгеге сатып, жаңа салынып жатқан үйде пәтерді 2,5 млн. теңгеге сатып алды.

Б) Фирма басқа бір фирмадан қолданылған 10 компьютерді сатып алды.

В) Жанұя «А» компаниясының акцияларын 140 мың теңгеге сатып алды.

Г) Фирма 100 млн. теңгеге тауар өндірді, оның жартысын фирма дүкені арқылы сатып, екінші жартысын қоймада сақтайды.

Д) Баспа үйі қоймада сақталынып жатқан кітаптарды 500 мың теңгеге сатып жатыр.

2. Бір тауарға деген сұраныс пен ұсыныс теңдеуі келесідей берілген:

Qd = 200-P

Qs = 2P+20

Анықтау керек:

А) тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемін.

Б) Баға деңгейі 3 ақша бірлігі деп есептесек тапшылық және артықшылық көлемі қандай болады.

Бақылау нысаны:

· СӨЖО қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Есеп шығару,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі: Жүнісов Б.А., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. Нарықтық экономиканың негіздері. Ақтөбе 1993ж. 1-бөлім бет 65-77. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1999ж. бет 65

9 ТАҚЫРЫП. Капитал (қорлар): Ауыспалы айналым мен айналым

 

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. К.Маркс капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын тұжырымдау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Негізгі және айнымалы капитал.

2. Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы.

3. Инвестиция өндірістік қорлардың қаржыландыру көзі.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі.

1. Тұрақты жалпы шығындар 60 теңге, ал өзгермелі шығындар кестеде көрсетілген. Кестені толтырыңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных