Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зертханалық жұмыс




АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Электротехниканың теориялық негіздері кафедрасы

 

ЭТН 1. Түзу сызықты электр тізбегін зерттеу.

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау

5В0718 – Электроэнергетика мамандығы студенттеріне арналған

 

 

Алматы 2010

Құрастырушылар: Ж.Қ. Әміров, М.М. Аршидинов, А.Ж. Ерсейтова.

ЭТН 1.Түзу сызықты электр тізбегін зерттеу. Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау. – Алматы: АЭжБИ, 2010.- 24 б.

 

Әдістемелік нұсқауда зертханалық жұмыстарға, жұмысты безендіруге және қорғауға қатысты жалпы жағдайлар жинақталған.

Әр зертханалық жұмыстар келесідей бөімдерден тұрады: жұмыстың мақсаты, жұмысқа дайындық, жұмысты орындау реті, жасалған жұмысқа кіріспе, жұмыс нәтижесін безендіру және түрлендіру.

Әдістемелік нұсқау 5В0718 - Электроэнергетика мамандығы студенттеріне арналған.

Без. 19, кесте 14, библиогр.- 7 атау.

 

 

Пікір жазған: техн. ғыл. докт., АЖЖАӨҚ кафедрасының профессоры Жумагулов К.К.

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2010 ж. жоспары бойынша басылады.

 

 

Ó Алматы Энергетика және Байланыс институты, 2010ж.

Мазмұны

 

Кіріспе 4

1 Жұмыстың орындалу реті және зертханалық жұмыстан есеп беруді безендіру 6

2 № 1 зертханалық жұмыс. Тұрақты тоқ тізбегін Ом және Кирхгоф заңдары көмегімен зерттеу 8

3 № 2 зертханалық жұмыс. Тұрақты тоқтың түзу сызықты электр тізбегін зерттеу 11

4 № 3 зертханалық жұмыс. Бір фазалы синусоидалды ток тізбегін

зерттеу 14

5 № 4 зертханалық жұмыс. Кернеу резонансын зерттеу 21

Әдебиеттер тізімі 25

 

 

Кіріспе

 

Мамандар даярлау сапасын жоғарылату, студенттердің шығармашылық ой-өрісін және инженерлік тәжірибелерін молайту үшін зертханалық жұмыстар өте үлкен мәнге ие.

Берілген әдістемелік нұсқау ЭТН1 “Электроэнергетика” мамандығы студенттеріне арналған міндетті зертханалық жұмыстар сипаттмасынан тұрады. Зертханалық тапсырмалар электр тізбегінің түзусызыұты тұрақты және бірфазалы синусоидалды токты зерттеуден тәжірибелік және есептік сипаттамадан тұрады. Барлық зертханалық жұмыстар тек берілген материалдарды дәрісте өткеннен кейін жасалады.

ЭТН кафедрасындағы зертханалық сабақтардың практикалық іске асырылуы әмбебап оқу-зерттеу зертханалық УИЛС - 2 стендтерімен қамтамасыз етіледі

УИЛС-2 стенді пульт бекітілген және жинақталған өріспен байланысқан активті және пассивті блогы бар үстелден тұрады. Әр корпуста сәйкесінше блоктар қондырылған. Стенд құрамына 29 элементтер жинағы мен байланыс сымдары кіреді.

Пульт өзара жинақталған өріспен ЖӨ байланысқан тұрақты кернеу блогы ТКБ, айнымалы кернеу блогы АКБ, үшфазалы кернеу блогы ҮКБ, айнымалы кедергіден тұратын пассивті блоктар корпусы АКБ, айнымалы индуктивті блогы АИБ, айнымалы сыйымдылықты блогынан АСБ тұратын активті блоктардың металл корпусы.

ТКБ тұрады:

- шығысындағы кернеуі 0 - 25 В аралығында өзгеретін тұрақты кернеу көзі;

- шығысындағы кернеуі 20 В болатын өзгермейтін тұрақты кернеу көзі;

- өтпелі кезеңдерді зерттеуде қолданылатын «электронды кілт»;

Кернеу көзінің екеуі де қысқа тұйықталу мен жүктемеден қорғау сұлбасымен қамтамасыз етілген. Қорғаныстың іске қосылу тогы:

АКБ синусоидалды, тікбұрышты және үшбұрышты өзгермелі жиіліктегі айнымалы бірфазалы кернеу көзінен тұрады.

Сұлба қысқа тұйықталу мен жүктемеден электронды қорғаумен қамтамасыз етілген. Қорғаныстың іске қосылу тогы:

ҮКБ өндіріс жиілігіндегі үшфазалы кернеу көзі болып табылады. Барлық фазалар бір-бірімен электрлік байланыста болмайды.

Әр фаза жүктемеден және қысқа тұйықталудан электронды қорғаумен қаматамасыз етілген. Қорғаныстың іске қосылу тогы

АКБ 3 реттелмейтін резистордан R1, R2, R3, және 3 реттелетін R4 резисторының сұлбасынан тұрады. R4 кедергісін реттеу сәйкес ауыстырып қосқыштар көмегімен сатылап жүзеге асырылады.

АИБ 3 реттелмеген L1, L2, L3 индуктивтілік орауыштан және L4 индуктивтілігің 3 реттелген схемасынан тұрады.

АСБ 3 реттелмеген С1, С2, С3 конденсаторларынан және 3 реттелетін С4 сыйымдылығынан тұрады. Сыйымдылықты реттеу сәйкесінше ауыстырып қосқыштар көмегімен жүзеге асырылады.

Блок панелінің бетінде сигнал мүшелері (индикаторлар, шамдар), басқару мүшелері (ауыстырып қосқыш тетіктері, тумбілер, батырмалар) және өлшеу аспаптары орналасқан.

ЖӨ панелі 67 жұптан, яғни, белгілі бір тәсілмен байланысқан ұяшықтан, жиынтық элементті қосуға және орнатуға арналған. НЭ мөлдір пластмас қорапшалар түрінде орындалған.

Активті блоктағы СЕТЬ тумблерін іске қосу үшін, ҚОСУ жағдайына келтіру керек. Осы кезде СЕТЬ индикаторы жанады.

ТКБ және АКБ өлшеу құрылғылары кернеу көзінің реттелген тогы мен кернеуінің шамасын бақылауға арналған. Реттеу потенциометр көмегімен іске асады.

АКБ жиілігі біртіндеп потенциометрмен және 1 кГц арқылы сатылап ауыстырып-қосқышпен реттеледі. Потенциометрдің жиілігі біртіндеп оң жағдайда болса, онда кіріс кернеудің жиілігі дәлдікпен ауыстырып қосқышта көрсетілген мәнге сәйкес келеді.

Кез келген ҮКБ фазасының кірісіндегі кернеудің мәнін сатылы түрде ауыстырып қосқыштың көмегімен 1- 9 В және 0 - 30 В аралығында ауыстырып отыруға болады.

Қысқа тұйықтау немесе қайта қотару (сұлба дұрыс жиналмағанда) блоктарда электрондық қорғаныс орнайды және ЗАЩИТА индикаторы жанады. Қысқа тұйықтау немесе жиынтық сұлбадағы қателіктерді өзгерткен соң ЗАЩИТА тетікшесін баса отырып сұлба блогын жұмыс жағдайына қайтарамыз, бұл кезде индикатор өшеді.

 

 

1 Жұмыстың орындалу реті және зертханалық жұмыстан есеп беруді безендіру.

 

Студент зертханалық жұмыстың тапсырмасын алдын-ала болған сабақта алады (1-2 апта бұрын).

Сабаққа кіріспес бұрын, студент зертханалық жұмыстың тақырыбына сәйкес теориялық материалды оқу, жұмыстың мақсатымен танысуы керек.

Жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау алдында студент оқытушыға зертханалық жұмыс туралы есеп беруді, оқытушы алдында ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы жұмысты орындауға жіберіледі.

Жұмыстың тәжірибелік бөлімі орындалғаннан кейін, есеп беру толықтырылады: теориялық мәндерді тәжірибелік мәндермен салыстыру келтіріледі, қажетті графиктер тұрғызылады, нәтижелер өңделіп, жұмыстың қорытындысы жасалады.

Зертханалық жұмыстың есеп берілуі әр студентпен сабақ барысында, келесі сабақта немесе консультация уақытында қорғалады.

Келесі зертханалық жұмысты орындауға тек алдыңғы зертханалық жұмысты жасаған және қорғаған студент ғана жіберіледі.

 

Есеп беру титульдік беттен және келесі бөлімдерден тұрады:

1. Жұмыстың мақсаты;

2. Теория негізіне және сұрақтардың жауаптарына дайындық;

3. Тәжірибе жайында қысқаша бейнелеу;

4. Зерттелетін сұлбаның қағидалық сұлбасы;

5. Элементтер және аспаптардың тізімі;

6. Есептелетін кейіптемелер, есептіктер, зерттелетін электрлік шамалардың

сызбалары және тізбек режимі;

7. Зерттеу нәтижесі(кестелер, сызбалар, көрсеткіштердің сандық шамалар және электр шамалары).

8. Қорытынды.

Есеп беруді безендіру А4 (210­-297 мм) форматына немесе дәптердің ақ парағына, сондай-ақ әр парақтың бір жақ бетіне толтырылады. Мәтінді таза бір түсті қаламмен жазу және де сөздерді қысқартпау қажет. Титульдік беттің безендірілуі келтірілген.

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

ЭТН КАФЕДРАСЫ

 

ЭТН 1. № лабораториялық жұмысқа есеп беру

 

 

_________________________________________________________________

(жұмыстың толық аты)

_________________________________________________________________

 

Жұмысты орындаған_______________________

(орындау уақыты)

 

Студент_________________________________

(фамилиясы және аты)

 

Тобы _________________________________

(тобының шифры)

 

Келесі студенттермен бірге________________

 

Есеп беруді қабылдаған___________________

(есеп беруді қабылдаған уақыты)

 

Оқытушы_______________________________

(Ф.И.О.)

Алматы 201...

Зертханалық жұмыс

Кирхгоф және Ом заңдары көмегімен тізбектегі тұрақты тоқты зерттеу

 

2. Жұмыстың мақсаты:

Тұрақты тоқ тізбегін есептеу әдісін тәжірибелі зерттеу.

2.2 Жұмысқа дайындық

ЭТН курсының «Тұрақты тоқтың сызықты электр тізбектер» бөлімін қайталау:

//Л1//с. 9-38;

//Л2// с. 28-39;

//Л3//с. 129-160.

Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап жазу

2.2.1 Ом және Кирхгоф заңдарының кейіптемелерін келтіру.

2.2.2 Ток көзі бар тізбекті талдағанда Кирхгоф заңын қолданудың ерекшелігі қандай?

2.2.3 Қандай энергия көзі кернеу көзі және ток көзі деп аталады? Ток көзі және кернеу көзіне идеалды және нақтылы электр сұлбаларын келтіру.

2.2.4 Кернеу көзі ЭҚК тәжірибе жүзінде қалай анықталады?

2.2.5 Тізбектегі нүктенің басқа бір потенциалы нөлге тең нүктеге қатысты потенциал мөлшері мен таңбасы вольтметр көмегімен қалай анықтаймыз?

2.2.6 Тізбектің потенциалдық диаграммасы деген не?Тәжірибе жүзінде оны қалай аламыз?

 

2.3 Жұмысты орындау реті

2.3.1 Тізбекті жинау (сурет 1.1).

2.3.2 Тізбектегі ток,ЭҚК,барлық резистордегі кедергіні және ондағы кернеуді өлшеу.

Кесте 1.1

Тізбектегі ток I=; ЭҚК Е=
Резистор  
Кернеу,В            
Кедергі,Ом (тәжірибелік)            
Өткізгіштік, См            
Кедергі есептік,Ом (есептік)            

2.3.3 Есептің нұсқасына сәйкес (сурет 1.2-1.7) зерттелетін сұлбаны салу,тармақтағы токтың дұрыс бағытын қою. 2.3.2-пунктінде қолданылған резисторлар мен кернеу көздерінен тізбек құрау. Тізбекті жинағанда қысқыштарды өлшеу құралдарын қосу үшін қарау. Ампервольтметрді таңдалған токтың бағытына сәйкес қосу.

2.3.4 Тармақтағы токтарды және барлық резисторлардағы кернеуді өлшеу.

 

Кесте 1.2

                       

 


 

 

2.3.5 Шартты түрде бір түйіннің потенциалын нөлге теңестіреміз. Сызбада көрсетілген барлық нүтедегі потенциалдарды өлшеу. Нәтижесін 1.3 кестеге енгізу.

 

Кесте 1.3

, , , , , ,
           

 

2.4 Жұмыс нәтижесін өңдеу.

2.4.1 Ом заңын қолдана отырып шамасын анықтау,алынған мәндерді тәжірибелік мәндермен салыстыру. өткізгіштігін есептеу. Нәтижесін 1.1 кестеге енгізу.

2.4.2 Кез келген тізбектегі тұрақты токты анықтаудың әдісін пайдаланып тармақтағы токты есептеу.

2.4.3 Зерттелініп жатқан тізбектің сыртқы контурының потенциалдың диаграммасын құру (сурет 1.2-1.7).

 

Кесте 1.4

Түйіндер        
Ток қосындысы мA      
Түйіндегі максималды ток мА      
Қателік %      

 

2.4.4.Кирхгофтың 1 заңының тізбек үшін орындалатындығын тексеру (сурет 1.2-1.7). Әр түйін үшін токтың қателігін есептеу.

мұндағы - түйіндегі ең максималды ток. Нәтижесін 1.4 кестеге енгізу.

2.4.5 Кирхгофтың 2 заңының тізбек үшін орындалатындығын тексеру. (сурет 1.2-1.7). Әр контур үшін кернеудің қателігін есептеу.

мұндағы - берілген контурдағы максималды кернеу. Нәтижесін 1.5 кестеге енгізу.

 

Кесте 1.5

Контурлар        
Кернеу қосындысы В      
Контурдағы максималды кернеу В      
Қателік %      

 

2.4.6 Орындалған жұмыстың қорытындысын шығару.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных