Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






азақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні.




$$$ 99 A

Этнопедагогика дегеніміз не?

A. белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.

B. Белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ұқсастық белгілері

C. Екі елдің тұрып жатқан жеріне салыстыра баға беруі

D. Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың

пайда болуы

E. Эстетика ғылымының «Этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән

қисынды баламасы

 

$$$ 100 C

Этнопедагогика ғылымы неше саладан тұрады?

A. 3

B. 4

C. 2

D. 5

E. ешқандай саладан тұрмайды

 

$$$ 101 B

Бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін шығарылған жыр

A. Беташар

B. Бесік жыры

C. Сыңсу

D. Шілдехана жыры

E. Санамақ

 

$$$ 102 D

Бесік жырларын мазмұнына қарай қалай топтауға болады?

A. Жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтар

B. Беташар мен сыңсу

C. Бесікке бөлеу, әлең айту, жұмбақ айту

D. Шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту

E. Тұсау кесер мен беташар

 

$$$ 103 A

Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін қолданылатын қандай өлең?

A. Жұмбақ

B. Мақал

C. Мәтел

D. Қара өлең

E. Мақал-мәтел

 

$$$ 104 E

Радио, самолет, ракета, космос кемелері туралы жұмбақтар қай ғасырда туды?

A. IX-XI ғ.ғ

B. I-II ғ.ғ

C. XV-XVI ғ.ғ

D. XVIII ғ

E. XIX-XX ғ.ғ

 

$$$ 105 B

Аристотель жұмбақтарды қалай деп атады?

A. Отқа жанбас, суға батпас

B. Жан-жақты жымыңдасқан метафора

C. Сан түрлі құпиялы жұмбақтар

D. Құпиялы сыр

E. Жұмбақтар сыры

 

$$$ 106 C

Нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі қалай аталады?

A. Өлең

B. Мақал-мәтел

C. Мақалдар

D. Жұмбақ

E. Санамақ

 

$$$ 107 E

“Өнерлі өрге жүзеді” мақал-мәтелдің қай түріне жатады?

A. Батырлық

B. Төрт-түлік

C. Егіншілік

D. Адамгершілік

E. Өнер, білім

 

$$$ 108 B

Мақал-мәтелді аяқта: “Білекті бірді жығар,.....”

A. Біреу мыңды жығар

B. Білімді мыңды жығар

C. Көп біреуді жығар

D. Мың мыңды жығар

E. Білекті мыңды жығар

 

 

$$$ 109 C

Қазақ балаларының бірін-бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуалауы үшін шығарылған өлен

A. Жаңылтпаш

B. Жұмбақ

C. Мазақтама

D. Мақал-мәтел

E. Санамақ

 

$$$ 110 A

Мазақтаманың негізгі мақсаты-...

A. Баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу

B. Баланы әдемілікке тәрбиелеу

C. Баланы әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу

D. Балаларды мазақтамаларға дайындау

E. Балаларды еңбекке үйрету

 

$$$ 111 E

Арнау шешендік сөздер түрлерін көрсет?

A. Бата беру, көңіл айту, сыңсу, т.б.

B. Беташар, санамақ т.б.

C. Алғыс айту, әзіл, бата

D. Өсиет, нәсихат

E. Әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естіру, көңіл айту

 

$$$ 112 B

Ата-бабаның соңғы ұрпаққа айтып қалдырған даналық мұралары?

A. Шешендік сөз

B. Өсиет

C. Толғау

D. Өтірік айту

E. Мазақтама

 

$$$ 113 D

Терме дегеніміз не?

A. Жырдың ой-шешімін айқындайтын түр

B. Еңбекке, өнерге жұмылдыратын сала

C. Алуан түрлі әдеби жұмыстар

D. Жырдың үлгі-өнеге, өсиет, насихат ретінде айтылатын түрі

E. Мағынасы терең өлең шұмағы

 

$$$ 114 A

Терме жырлар көбінесе қанша буын төңірегінде жеңіл айтылады?

A. 7-8 буын

B. 9-8 буын

C. 9-10 буын

D. 5-6 буын

E. 2-3 буын

 

$$$ 115 D

Бала туған соң жасалатын қандай той?

A. Бесік жыры

B. Бет ашар

C. Сүндетке отырғызу

D. Шілдехана

E. Тұсау кесер

 

$$$ 116 E

“Иман” қаңдай ұғымды білдіреді?

A. Талғампаз

B. Талғам

C. Сезім

D. Биязы

E. Сенім

 

$$$ 117 C

Батаның негізгі ой-мақсаты неде?

A. Астан кейін айтылатындығыңда

B. Сәт-сапар тілеп шығарып салуында

C. Жақсылық тілеу, адамгершілікке тәрбиелеуінде

D. Әдетке айналғандығында

E. Ас алдында айтылуында

 

$$$ 118 B

Жас жұбайларға берілетін бата көбінесе қандай қасиеттерге толы?

A. Білімділікке

B. Өсиет, өнегеге

C. Бақыт-берекеге

D. Ізгілікке

E. Мейірімділікке

 

$$$ 119 B

Жұбайлардың жақын туыс әпкелерін, сіңілілерін, қарындастарын, құдалар кім ретінде құрметтейді?

A. Қарындас

B. Құдаша

C. Әпке

D. Сіңілі

E. Қызы

 

$$$ 120 C

Жігіттің неше жұрты болады?

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

 

$$$ 121 E

Жігіттің нағыз жұрты-....

A. өз жұрты

B. жиен жұрты

C. қайын жұрты

D. күйеу жұрты

E. нағашы жұрты

 

$$$ 122 A

Жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалынатын әрекет

A. Ырым

B. Сенім

C. Өсиет

D. Насихат

E. Қасиет

 

$$$ 123 D

Балдырғанның тілін ширатып, ойын дамыту үшін қолданылатын тәлімдік іс-әрекет?

A. Өтірік өлең

B. Қуырмаш

C. Санамақ

D. Тілашар

E. Жаңылтпаш

 

$$$ 124 A

Ұстазының ұлағатты іс-әрекетін үйреніп, одан білім алушы өрен?

A. Шәкірт

B. Ұстаз

C. Мүдір

D. Пән мұғалімі

E. Ата-ана

 

 

$$$ 125 C

“Жаңа күн туды” дегенде қай айды айтамыз?

A. Ақпан

B. Қаңтар

C. Наурыз

D. Шілде

E. Мамыр

 

 

$$$ 126 A

Ұлттық намыс қай рәсімге жатады?

A. Әдептілік

B. Ізеттілік

C. Қайрымдылық

D. Инабаттылық

E. Үлкенді сыйлау

 

$$$ 127 C

Бата қай дәстүрге жатады?

A. Ырым

B. Тыйым

C. Сенім

D. Жөн-жоралғы

E. Жорамал

 

$$$ 128 D

“Отан - оттан ыстық” қай түрге жатады?

A. Өлең

B. Жаңылтпаш

C. Өтірік өлең

D. Мақал-мәтел

E. Жұмбақ

 

$$$ 129 E

Халықтын ең көне кәсібі?

A. Тұзақ салу

 

B. Садақ ату

C. Ит қосу

D. Құс салу

E. Аңшылық

 

$$$ 130 E

Батырлар жыры көбінесе неше буынды жыр тармақтарымен жырланады?

A. 5-6 буынды

B. 7 буынды

C. 9 буынды

D. 10-12 буынды

E. 7-8 буынды

 

$$$ 131 A

Шешендік талғауларды көрсет?

A. Өсиет, нәсихат

B. Сенім

C. Мұра

D. Өсиет, мұрат

E. Мұрат

 

$$$ 132 B

Шешендік дау түрлерін көрсет?

A. Жер дауы, ел дауы, Отан дауы

B. Жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы

C. Мал дауы, төрт-түлік дауы

D. Ар дауы, намыс дауы, абырой дауы

E. Наным-сенім даулары

 

$$$ 133 D

“Жақсының жаттығы жоқ”. Мақал-мәтелдің қай түріне жатады?

A. Білімділікке

B. Ерлікке

C. Өнерге

D. Адамгершілікке

E. Батырлыққа

 

$$$ 134 C

Сүмбіл теректі,

жасыл желекті.

Ерден қалмайды,

жауға керекті. Жұмбақтың шешімі

A. Түйе

B. Кран

C. Найза

D. Теледидар

E. Бытыра

 

$$$ 135 B

Әкеден кейінгі сыйлы адам:

A. Бала

B. Аға

C. Іні

D. Әпке

E. Ата

 

$$$ 136 A

Әпкенің іні сияқты жеткіншегі, жансүйер жақыны кім?

A. Сіңілі

B. Апайы

C. Қарындасы

D. Келіні

E. Әпкесі

 

$$$ 137 B

Адамды жеңіске жеткізетін қозғаушы күш

A. Қиял

B. Арман

C. Мақсат

D. Әрекет

E. Мүдде

 

$$$ 138 E

Отанға қызмет ету қай рәсімге жатады?

A. Дәстүр

B. Мақсат

C. Міндет

D. Парыз

E. Борыш

 

$$$ 139 D

Улкенді сыйлау қандай әрекетке жатады?

A. Әдет-ғұрып

B. Парыз

C. Әдет

D. Дәстүр

E. Борыш

 

$$$ 140 A

Әр заттың құнын, бағасын білмей босқа шашуды білдіретін ұғым?

A. Ысырап

B. Төгу

C. Түсіріп алу

D. Сатып алу

E. Обал

 

 

$$$ 141 E

Адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың, жанкүйелік белгісі.

A. Ұялшақ

B. Әдеп

C. Ар

D. Әдет

E. Ұят

 

$$$ 142 A

Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра?

A. Батырлық жырлар

B. Салт-дәстүрлер

C. Тойбастар

D. Жар-жар

E. Беташар

 

$$$ 143 E

Жырдың түрлерін атап көрсет?

A. Өлең, тақпақ, мысал, сықақ, т.б.

B. Арнау, Сыңсу, беташар

C. Мысал, өлең, сықақ, айтыс т.б.

D. Өлең, ертегі, сықақ, әңгіме, мысал

E. Өлең, тақпақ, айтыс, дастан, арнау

 

$$$ 144 B

Менің атым- Сүйімжан,

Тектекпін- ау құйыннан!

Жаман таным жолы етіп,

Құлап қалдым сиырдан. Өлеңнің қай түріне жатады?

 

A. Өтірік өлең

B. Мазақтама

C. жаңылтпаш

D. Арнау

E. Таныстыру

 

 

$$$ 145 C

Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса бастады. Бұл қай ғасырларда?

A. 17-18 ғ.ғ

B. 20-21 ғ.ғ

C. 19-20 ғ.ғ

D. 10-11 ғ.ғ

E. 11-12 ғ.ғ

 

 

$$$ 146 B

Бесік жырларын мазмұнына қарай 4 топқа топтауға болады. Төмендегі жауаптардың ішінен қатесін тап:

A. Шілдехана жыры

B. Тұсау кесу жыры

C. Бесікке бөлеу жыры

D. Жұбату жыры

E. Тілек айту жыры

 

$$$ 147 C

Балбөбектің тұсауы қай кезде кесіледі?

A. 6-7 айында

B. 7-8 айында еңбектей басталағанда

C. 1 жасқа толып, еркін жүре бастағанда

D. 1,5 жасында

 

E. 3-4 айында

 

$$$ 148 A

Тұсау кесу рәсімінде баланың тұсауы немен байланады?

A. Ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен

B. Арқанмен

C. Қара жіппен

D. Ала жіппен немесе қойдың ас ішегімен

E. Матамен

 

$$$ 149 E

Тұсау кесілген соң баланы ақ жол тілеп және жолы жұмсақ болсын деп ненің үстімен жүргізіп, ата-ана қуаныш білдіріп, арман тілегін айтады?

A. Ақ тонның үстімен

B. Жұқа кілем үстімен

C. Ала жайма немесе қара жайма үстімен

D. Ақ киімдердің үстімен

E. Ақ жайма үстімен немесе қалың кілем үстімен

 

$$$ 150 A

Халық жаңылтпаштарды қандай мақсатпен ойлап шығарған?

A. Баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатымен

B. Балаларды тез сөйлеуге жаттықтыру мақсатымен

C. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңылтпаштарды жаттату мақсатымен

D. Шешендік өнерге баулыту мақсатымен

E. Халық ауыз әдебиетін меңгеру, үйрену жолында ертегілермен, мақал-мәтелдерімен, нақыл сөздеріменшектеліп қалмау мақсатымен

 

$$$ 151 D

Халық санамақты қандай мақсатпен шығарған?

A. Тілін жаттықтыру мақсатымен

B. Сөздік қорын молайту мақсатымен

C. Дүниетанымын дамыту мақсатымен

D. Сан үйрету мақсатымен

E. Ойлау, қиял сияқты психикалық қасиеттерін дамыту мақсатымен

 

$$$ 152 C

Төмендегі санамақтардың қай түрінде сөз табу арқылы баланың ақындық қабілетін байқатады, ал егер ол ұйқас таба алмаса, жеңілген болып табылады?

A. Атау ұйқастырып санау

B. Саусақ санау

C. Санамақ айтыс

D. Жаңылтпаш, жұмбақ, санамақ

E. Ойын санамақтары

 

$$$ 153 E

Жұмбақтарды Аристотель қалай атаған?

A. Метафоралар

B. Сөз тапқыштар

C. Жан-жақты, әрі жасырынды ойын

D. Ойлан да тап

E. Жан-жақты жымыңдасқан метафора

 

$$$ 154 A

Мақалдар – ол:

A. нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі

B. Жан- жақты жымыңдасқан метафора

C. Белгілі бір шешімі бар халық дналығы

D. Ұлы ғалымдардың, ойшылдардың өсиеті

E. Халықтың ой- пікірлері

 

$$$ 155 D

Төмендегі қайсысы балалар жырына жатпайды?

A. Сұрамақтар

B. Төрт- түлік туралы жырлар

C. Тақпақтар

D. Батырлық жырлар

E. Балаларға арнап шығарылған арнау- тілек өлеңдер

 

$$$ 156 B

Мазақтамаларды халық не үшін шығарған?

A. Балаларды үлкендерді мазақтау үшін

B. Балаларды бірін-бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуалауы үшін

C. Балаладардың сөздік қорын молайту үшін

D. Халық даналығының қорын молайту үшін

E. Балалар ойындарында қолдану үшін

 

$$$ 157 C

Жұмыс десе, шалағай;

Тамақ десе, қанағай;

Жүрміз саған жоламай;

Әй, Шалабай, Шалағай,- деген мазақтамалар балаларды неге тәрбиелейді?

A. Отан сүйгіштікке

B. Қамқоршылдыққа

C. Әдептілікке, әдемілікке, еңбекке

D. Табиғатты аялауға

E. Қанағайлыққа

 

$$$ 158 E

Бөбекті қырқынан шығару қандай рәсім?

A. Тұсау кесу рәсімі

B. Баланы жуындыру рәсімі

C. Бөбекті бесікке бөлеу рәсімі

D. Ат қою рәсімі

E. Бөбек туған соң, қырық күн толғанда, оның шашын алып, бесікке салу

рәсімі

 

$$$ 159 B

Мұсылман дінінің рәсімі бойынша балаға “азан шақырып ат қою” рәсімін

кім орындайды?

A. Нәрестенің ата-анасы

B. Қарт діндардан қажыға дейін құдай жолына берілген, иманды кәміл,

адал жанды, ардақты адам

C. Бөбектің кіндік шешесі мен кіндік әкесі

D. Ауыл молдасы

E. Нәрестенің ағасы немесе апайы

 

$$$ 160 A

Ертеде балаларға Итбай, Бөрібай, Итемген, Күшікбай т.б аттарды не себеп-

қойған?

A. Ертеде баласы тұрмай, шетіней берген соң /көз тимеу үшін/

B. Осы есімдер, көбінесе, болыстарға, басшыларға тән деп есептегендіктен

C. Сол кезеңде кең тараған аттар болуынан

D. Ата-бабаларының атына сай қойған

E. Малға, яғни итке, күшікке теңегендіктен

 

$$$ 161 B

Бесікке салу рәсімі, көбіне, қашан өткізіледі?

A. Тұғаннан кейін 3 күннен кейін

B. Бала қырқынан шыққан соң

C. Бала қырқынан шыққанға дейін

D. Тұғаннан кейін 1 айдан соң

E. 2-3 айында

 

$$$ 162 D

“Ізеттілік” ұғымы нені білдіреді?

A. Туыстарға шыншыл, ақ ниетті, адам көңілді болу

B. Жеке адамның көңілін бағалап, сабырлылық жасау

C. Кім болса да оған қамқорлық ету

D. Әркімге ізет көрсетіп, оны құрметтей білу

E. Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету

 

$$$ 163 A

Жігіт пен бойжеткеннің әкелері қандай құда деп аталады?

A. “Бауыздау құда”

B. “Құдайы құда”

C. “Жан құда”

D. “Өмірлік құда”

E. “Құдалар”

 

$$$ 164 B

Жігіттің 3 жұрты болады. Олар:

A. Ата-анасы, достары, қайын жұрты

B. Нағашы жұрты, өз жұрты, қайын жұрты

C. Нағашы жұрты, өз жұрты, көршілері

D. Қайын жұрты, достары, нағашы жұрты

E. Достары, қалыңдығы, өз жұрты

 

$$$ 165 C

Айтыстың қай түрінде айтысушы әріптестер белгілі бір тақырыпта, көбіне-

се жаттанды өлеңдерін бір шұмаққа бір жауап ретінде айтысады?

A. Жұмбақ айтысы

B. Бәдік айтыс

C. Қайым айтыс

D. Ақындар айтысы

E. Мақал айтысы

 

$$$ 166 A

Айтыстың қай түрінде бір адам екіншісіне жұмбақтап сауал қояды, екінші

ақын оның шешуін өлеңмен айтады?

A. Жұмбақ айтысы

B. Бәдік айтыс

C. Қайым айтыс

D. Ақындар айтысы

E. Мақал айтыс

 

$$$ 167 B

Н.Құлжанованың бала тәрбиесінің жаңа түріне арналған кітаптарына

жатпайтынын тап:

A. “Бала күтімі”

B. “Жаңа мектеп”

C. “Баланың аурулары”

D. “Мектептен бұрынғы тәрбие”

E. “Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет”

 

$$$ 168 D

Шешендік сөздердің негізгі 3 түрі бар. Төмендегілердің ішінен қатесін тап:

A. Арнау шешендік сөздер

B. Шешендік талғау

C. Шешендік дау

D. Шешендік айтыс

E. Шешендік өнер

 

$$$ 169 B

Өсиет – бұл...

A. Мақал-мәтелдердің бір түрі

B. Ата-бабаның соңғы ұрпаққа айтып қалдырған даналық мұралары

C. Ұлы адамның айтқан сөздері

D. Жұмбақ түрі

E. Өлең жолдары

 

$$$ 170 E

Захириддин Бабырдың шығармасын көрсет:

A. “Күлтегін”

B. “Хибатул-халайық”

C. “Кодекс Куманикус”

D. “Тоныкөк”
E. “Бабырнаме”

 

$$$ 171 D

Орхан жазба ескерткіштеріне жатады:

A. “Күлтегін”

B. “Тоныкөк”

C. “Білге қаған”

D. Барлығы

E. Дұрыс жауабы жоқ

 

$$$ 172 C

“Қорқыт ата кітабінің” толық жазбасы неше жырдан құралған?

A. 10

B. 11

C. 12

D. 13

E. 14

 

$$$ 173 B

“Тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін көрсету”, - деген нақыл сөздердің

авторы кім?

A. Қорқыт ата

B. Әл- Фараби

C. Аристотель

D. Ж.Баласағұн

E. Омар хайям

 

$$$ 174 B

Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білік” дастанында қай саладағы тәлімдік

мақсаттар орындалады?

A. Ақыл, қайрат, жүрек

B. Ақыл, бақ- дәулет, әділдік, қанағат

C. Шындық, қайрат, қанағат

D. Білім, ақыл, әділдік, қайрат

E. Бақ- дәулет, әділдік, білім

 

$$$ 175 A

Ахмет Яссауидің “Даналық кітабында” төртінші бөлім “Хақиқат” деп

аталады. Бұл сөздің мағынасы не?

A. Құдайға құлшылық ете білу

B. Ислам заңдарының негізі

C. Сопылық ойларды өсиет ету

D. Ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелеу

E. Ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу

 

$$$ 176 C

Қазақ мектептеріндегі “сынып- сабақ жүйесін” қалыптастырып, оқу

мерзімін 7,5 айға белгіленуін ұйымдастырған педагог кім?

A. А. Құнанбаев

B. Ш. Құдайбердиев

C. Ы. Алтынсарин

D. М. Жұмабаев

E. Ж. Аймаутов

 

$$$ 177 E

А. Құнанбаевтың “Сегіз аяқ”, “Ата- анаға көш қуаныш” өлеңдері не

нәрсеге тәрбиелейді?

A. Патриотизмге

B. Табиғатты сүюге

C. Әдеп- ғұрыпты, дәстүрлерді сақтауға

D. Әрқашан шындықты айтуға

E. Әдепті болуға, сабырлы, еңбекші болуға

 

$$$ 178 D

Ш. Уалихановтың ғылыми еңбектерін тап:

A. “Шайыр”, “Көкселдір”

B. “Педагогика”, “Музыка”

C. “Ұлағатты сөз”, “Жоқтау”

D. “Даладағы мұсылмандық”, “Қазақтың көші”

E. “Қазақша әліппе”, “Баяншы”

 

$$$ 179 B

Ж. Айтмауытовтың шығармалары ғылымның қай бағытында жазылған?

A. Педагогика, музыка

B. Ұлттық психология

C. Медицина

D. Тіл білімі

E. Физиология

 

$$$ 180 C

Жүсіп Баласағұни адам мәдениетінің қандай екі тегін көрсетті?

A. Бақ пен дәулет

B. Ақыл мен білім

C. Тіл мен діл

D. Байлық пен дәулет

E. Әдеп пен әдет

 

$$$ 181 C

Ахмет Байтұрсыновтың қай шығармасы басылып, жарияланбады?

A. “Қазақша әліппе”

B. “Тіл жұмсар”

C. “Мәдениет тарихы”

D. “Маса”

E. “Қырық мысал”

 

$$$ 182 D

Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш романның авторы?

A. С. Көбеев

B. С. Торайғыров

C. М. Жұмабаев

D. М. Дулатов

E. Ш. Құдайбердиев

 

$$$ 183 E

“Қара Қыпшақ Қобыланды”, “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу”

сияқты жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып, пьеса ретінде

көрсеткен қазақ жазушысы?

A. Х. Досмұхамедұлы

B. Қ. Жұбанов

C. Ж. Аймауытов

D. С. Торайғыров

E. М. Әуезов

 

$$$ 184 A

Этнопедагогикалық шығармаларды сахнада дайындау кезінде басты алты

әдіс қолданылады. Олар: талап ету, болашаққа сендіру, жаттықтыру,

іздену,... Қалған екеуін тап.

A. мадақтау, жазалау

B. Индукция, дедукция

C. Демонстративті, иллюстративті

D. Әңгіме, сұхбат

E. Дұрыс жауабы жоқ

 

$$$ 185 B

Төле бидің бір жиындағы “Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз,

он” деген жұмбағын кім дәл тауып шешті?

A. Әйтеке би

B. Қазыбек би

C. Халық

D. Сырым Датұлы

E. Жиренше шешен

 

$$$ 186 A

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесіне, ұлттық білім беру ісіне кесір- кедергі

тигізген жағдай:

A. 18-20 ғ.ғ Ресейдің боданында болу

B. Ұлт- азаттық Көтерілістер

C. Жоңғар шапқыншылығы (18 ғ.)

D. Екінші дүниежүзілік соғыс

E. Қазақ жазушыларының xx ғ. басындағы репрессияға ұшырауы

 

$$$ 187 C

Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген тұлғаны қалай атайды?

A. “Надан”

B. “Оқымаған”

C. “Мәңгүрт”

D. “Жалқау”

E. “Білімсіз”

 

$$$ 188 E

Қорқыт ата “Өлмейтін өмір кілті...” деген.

A. денсаулық

B. байлық

C. тұлға

D. анада

E. өнерде

 

$$$ 189 D

Мұхаммед Хайдар Дулати нағыз әдепті адам болу үшін бірнеше түрлі

күнәден аулақ болу керек деп уағыздайды. Қате нұсқасын тап.

A. Пұтқа табыну

B. Ұрлық жасау

C. Қан төгу

D. Досыңды сыйламау

E. Нәпсі құмарлық

 

$$$ 190 B

Этнопедагогика оқулығының тұңғыш авторы кім?

A. Қ. Сәтбаев

B. Г. А. Волков

C. Н. Құлжанова

D. С. Аманжолов

E. Д. Тұрсынов

 

$$$ 191 C

... – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі.

A. Жұмбақ

B. Мәтел

C. Мақал

D. Жаңылтпаш

E. Өлең

$$$ 192 D

Саған ең жақын кім?

A. Дос

B. Аға

C. Туыс

D. Ата- ана

E. Жолдас

 

$$$ 193 A

Қазақ қобызының түпнұсқасын кім жасаған?

A. Қорқыт ата

B. Ықылас

C. Әл-Фараби

D. М. Қашқари

E. М. Х. Дулати

 

$$$ 194 E

... – қазақтың тұңғыш педагогы, балалар жазушысы, қазақ балаларына

мектеп ашып, оқулық жазған ұлттық қайраткер.

A. А. Байтұрсынов

B. М. Дулатов

C. А. Құнанбаев

D. Ж. Аймауытов

E. Ы. Алтынсарин

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных