ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУУниверситетте кредиттік оқыту технологиясына өткен академиялық топтарда студенттің білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау модульдік-рейтингтік жүйеде іске асырылады. Максималды рейтинг 100 балды құрайды. Бағалау екі бөліктен құралады: бірінші бөлігі 60 балды құрайды. Ол студентің күнделікті, шептік бақылау және СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысынан, екінші – 40 балл, ол емтихан балынан құралады. Бірінші бақылау аралығындағы бағаны қою кезінде студенттің күнделікті аудиториялық сабаққа қатысу белсенділігі, студенттің ғылыми жұмыстағы жетістіктері, студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы бойынша жинаған балдары ескеріледі. Емтихандағы сұрақтар, тесттік тапсырмалар 3 деңгейлік 200 тапсырмадан (сұрақтан) тұрады. Қорытынды бақылау 20-40 ұпай (балл) көлемінде бағаланады. Емтихан бағалары ағымдағы рейтинг есебінде қойылады. Қорытынды бағалау критерийлері университет бекіткен тәртіпте болады. Ағымдағы бағалау критерийлерге (Блум жүйелеуі) сәйкес жүзеге асырылады. БІЛІМДІК САЛА ТҮСІНУДІ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Білімдік саланың қолдану деңгейі; іс-әрекеттік саланың: басқару және дәлдік деңгейі; құндылық құраушылары саласының: жауап беру және құндылық бағдарды үйлестіру деңгейлері де осылай бағаланады.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ ПОҚ алдында: 1. Пән модуліне қатысты оқу материалдарын (практикалық іс-әрекеттерді) жақсы, толық меңгергенін, өзінің практикасында пайдалана алатынын; 2. Оқу жұмыстарындағы (лекция, семинар, т.б.) оқыту мазмұнымен тиімді түрде сабақтастыра алатындығын; 3. Сабақ материалдары мен СӨЖ/ОСӨЖ құрылымын өз деңгейінде білетіндігін; 4. Оқу жұмыстары барысында алған білімдерін өзіндік талдау мен өзіндік бағалау арқылы болашақта кәсіби іс-әрекетте жүзеге асыра алатындығын; 5. Іс-әрекетке (оқу материалына) бағаны дәлелді түрде қоя білетіндігін; 6. Презентациялық материалдарды мультимедиялық құралдар арқылы беруге машықтанғанын көрсетуі тиіс.
СӨЖ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|