Экономика - бұл күрделі, жүйелі құбылыс, өйткені
A) оның, әртүрлі қорлары болады;
B) оның элементтері өзара байланысты жүйеде болады;
C) оларды экономикалық қатынастардың бір үлгісіне келтіруге болмайды;
D) олар экономикалық қызметтің бір түрі болып табылады;
E) дұрыс жауабы жоқ
Экономикалық теория нені зерттейді?
A) өндірістің технологиясын;
B) ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды;
C) қоғамның өндіргіш күштерін;
D) адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін;
E) өндірістік қатынастарды.
9. Индукция дегеніміз -.....................................................................
A) жалпы қағиданың негізінде жекеліктерді түсіндіру;
B) жекеліктердің негізінде жалпылама қағиданы дәлелдеу;
C) тәжірибені ғылыми негіздеу;
D) экономика-математикалық үлгілерді жасау;
E) экономикалық құбылысты тарихи көзқараспен қарастыру.
Жинақтау әдісі қалай сипатталады?
A) жеке элементтерді біртұтастық ретінде қосу, олардың өзара байланыстарын зерттеу;
B) жекені жалпылама негізде дәлелдеу;
C) тәжірибе жүргізу;
D) экономикалық процестердің үлгісін жасау;
E) статистикалық мәліметтер келтіру.
Нұсқа 2
Дедукция деген не?
A) жекеліктерді жалпылықтың негізінде түсіндіру;
B) жалпылама ұстанымды жекеліктердің негізінде дәлелдеп, шығару;
C) қарапайымдалған пікір;
D) экономикалық үдерістердің үлгісін жасау;
E) экономикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан келу.
2. Экономикалық теория:
A) барша экономикалық жүйелерді оқып-білу үшін қолданылады;
B) тек қана капиталистік шаруашылық жүйесін зерттеп-білу үшін қажет;
C) социализмге сипатты экономикалық қатынастарды зерттеуде пайдалы болуы мүмкін емес;
D) коммунизмге тән сипатты ерекшеліктерді қарастыру;
E) индустриядан бұрынғы жүйелерді танып-білуге арналған.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|