Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Түрік тілдес философияның қалыптасуы.




Араб халифатының көптеген сопылары Түркістан жеріне ағылады. Олар халыққа түсінікті ету үшін өз идеяларын жергілікті түрік тілінде уағыздайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің бірне айналған- Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен байланыстыруында жатыр.

Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма- «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»). Иассауи туралы Ы. Алтынсариннің берген бағасын келтірейік: «Муштафид ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп халыққа түсіндіріп берді».

Иассауидың басты көздеген мақсаты- Қдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: «Кімде- кім Құдайды есіне алса, ол ойымен өзінің табысқанын көре алады» Иассауи суфизмнің биік шыны – оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізеді. Ол: «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты»

Иассауи адам мен қоғам мәселеріне назар аударып оларға дәстүрлі мұсылманшылықтан айырмашылығы бар ұсыныс беруге әрекет жасайды. Оның дүниетанымында этикалық ойлар да басым. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлықты, күншілікдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлардың дін арқылы түсіндіріледі. «Кімде- кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде- кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады» - дейді.

Ахмет Иассауидың пайымдауынша, ол өзін өзі тазартуға, кемшілігін жоюға, игілікті істерге шақырған адам адасуы, әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес.

Ахмет Иүгінекейдің негізгі шығармасы «Ақиқат сыйы». А. Иүгінеки «Ақиқат сыйында». «Мінездің жақсысы- әдептің мінсізі, ал жомарттық- ол сараңның айнасы» - деп керемет ойлар, өсиеттер айтылады.

Ж. Баласағұнның «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрыңғы тәнірлік нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды- әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» жазуларынан басталып, Әл Фараби, ҚожаАхмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Келесі кейіпкер әділ патшаның уәзірі, ақыл парасаттылықтың иесі, елге бақ дәулет, яғни құт әкелетін Айтолды бейнесі арқылы ашылған. Күн мен ай қашаннан Кіндік Азия халықтарының пір тұтқан күш қуаттары еді. Уәзірдің ақылды ұлы Ұғділміш осы мәдениетке тән білімділік пен парасаттылықтың көрінісі. Әділет пен тәртіп, байсалдылық Ұғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттеледі.

Төртінші бейне- дәруіш Одғұрміш. Бұл жерде бірнеше терең ой айтылған. Ұғыну (Ұғділміш) пен жүрек- оттың (Оғдүрміш) сұхбаттасуы бүкіл араб- парсы- түріктегі мәдени өрлеу дәуірін толғандырған нағыз дүниетанымдық ізденіс еді.

Ақыл мен сезімталдықтың, парасат пен түсінушіліктің, ақиқат пен махаббаттың арасындағы үйлесімділік пен Еуропа ғалымдарын ғана емес, сонымен бірге Шығыс ғұламаларын да көп толғандырған. Дәруіш Одғұрміш өзін жерұйыққа – хан сарайына қаншама шақырғанымен өзінің қасиетті әлемі- бас бостандығынан айырылғысы келмейді. Күнтуды үшінші рет шақырғанда ғана Дәруіш сұхаттасу мақсатымен келеді. Бұл жерде үлкен мәдени сыр жатыр және осыны түсіне білген Баласағұн адамзаттың өркениеті болашағына терең блджам айтқан. Хан сұрақтарына дұрыс жауап бере білген Одғұрміш пендешілік ләззаттың желегіне ерімей, скі дорбасын қайтадан асынып, тау- тасты аралап кетеді. Баласағұн бақытқа жетулің негізгі құралы деп парасаттылыққа тоқталады.

 

Махмұд Қашқари (XI ғ). «Диуани лұғат ат- түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты туындының авторы. Бұл сөздікті тек тіл танулық құрал демей, сонымен бірге орта ғасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. М.Қашқаридың негіззгі зерттеген мәселесі- түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпалары мекендеген кеністікті аралап шыққан.

Лұғатта тек Қарахандар мемлекетінің мәдени өмірі ғана емес, сонымен бірге ежелгі дәуірден келе жатқан түрік мәдениетіндегі миф- аңыздар, тұрмыс- салт ерекшеліктері, түріктердің Көк Тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат құбылыстары тамаша суреттелген. М. Қашқариды халық эпосын жазбаша түрік мәдениетінде алғашқы зерттеген ғұлама деп бағалауға болады.

 

  • Иллюстрациялы материалдар: афорзмдер, қанатты сөздер
  • Әдебиеттер:

Негізгі:

    1. Ахмет Иассауи Диуани хикмет Қазан 1964.
    2. Баласағұн Ж. Құтты білік Алматы 1986
    3. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі Алматы 1993

Қосымша:

1. Әбішев Қ. Ерғалиев У. Әлеуметтік философи. Хрестоматия Алматы, 1998

2. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері Алматы 2000

3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамедәли Қ., Философия тарихы Алматы 1999

4. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. Алматы 1991

5. Келімбетов М. Ежелгі әуір әдебиеті Алматы, 1991

6. Кішібеков Д., Сыдықов Философия Алматы 1991

· Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Перипатизм деген не

2. Не себепті Әл Фараби Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанды

3. Ибн Рушдтың «Екі ұдайы» ақиқатының мәні неде

4. Суфизм философиясын дамытудағы Ибн Араби мен Әл- Ғазалидің үлесі

5. Суфизмнің негізгі рухани құндылықтарын атаңыз

6. Ахмет Иассаумдың суфисттік ілімінің түп негізі

7. Батыс елдерінің философиясына суфизмнің әсері болды ма

8. Ж. Баласұғынның «Құтты білігі» туралы не ой түйдіңіз

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных