Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Революцияның жүру барысы




1978ж. 9 қаңтарда «киелі» Құм қаласында дін қызметкерлерінің үндеуімен 4 мыңға жуық діни оқу орындарының студенттері мен олардың сыбайластары қатысқан наразылық өтті. Олар авторитарлық монархияның жойылып, оның орнына конституциялық басқарудың енгізілуін талап етті. Наразылық қантөгіспен аяқталды: әскерлер ондаған адамды өлтіріп, жүздеген адамды жаралады. Құм қаласындағы оқиғалар Ирандағы халықтық революцияның бастамасы болып табылды. Осы наразылықта оқ атылғаннан кейін, әрбір 40 күн сайын (мұсылмандық салтқа сәйкес қаралы жағдайдың соңын атап өту) басқа қалалар да көтеріле бастады. Қауіпсіздік пен ақпарат басқармасының әскерлерімен қақтығыстар кезінде он мыңдай бейбіт тұрғын қаза болды. 1964ж. Ираннан қуылып, Иракта иммиграциямен тұрған аятолла Р. Хомейни сол уақыттан бастап шах режиміне қарсы шығуын тоқтатпады. Монархиялық режимді толықтай жою қажеттілігі туралы сана пісіп-жетілді. Қозғалыс барлық экономикалық орталықтарды әлсірете отырып, іс жүзінде бүкіл елді қамтыды. Батыс баспасөзінің бағалауынша, Ираннан тәулігіне $ 50 млн. сыртқа кетіп отырған. Қысқа мерзімнің ішінде мұнай экспортының тоқтауы қазынаға бірнеше миллиардтаған доллар зиян әкелді. Ирандық-американдық мекемелерді өртеу мен ойрандау жағдайлары орын алды, елден барлық шетелдіктерді қуып шығару жөнінде үнпарақтар таратылды. Желтоқсан айында американдық азаматтардың Ираннан жаппай «кетуі» басталды.[26]

1978ж. соңында шах шиеленіскен жағдайды басу мақсатында Халықтық фронттың жетекшілерінің бірі Ш. Бахтиярды үкіметтің басшысы етіп тағайындады. Бұған жауап ретінде Бахтияр Халықтық фронттың мүшелігінен шығарылды, ал аятолла Хомейни халықты бағынбауға шақырды. 1979ж. қаңтар айында Бахтиярдың табанды ұсынысы бойынша шах Ираннан кетіп қалды. 1979ж. 1 ақпанда Иранға кезінде Парижге жер аударылған аятолла Хомейни оралды. Ол бүкіл елде құрылған ислам революциялық комитеттеріне сүйене отырып, Бахтиярды орнынан алуды және Халықтық фронттың басқа көрнекті қайраткері М. Базарғанды Уақытша үкіметтің басшысы етіп тағайындауды талап етті. Монархияға қарсы күресте халықтық революцияны басқарған дінбасылардың жетекшісі Аятолла Хомейни «ислам революциясының» негізгі міндеттері монархиялық режим құлағаннан кейін ғана атқарылады деп есептеді. 9-10 ақпанда Тегеранда қарулы көтеріліс басталды. Осы уақытта Тегеран маңында шах гвардиясы авиациялық база қызметкерлеріне шабуыл жасады. 11 ақпанда шах режимінің барлық негізгі тірек пункттері, әскери гарнизондар, полиция бөлімшелері, мемлекеттік мекемелер мен министрліктердің түгелге жуығы басып алынды. Көптеген шах режимін жақтаушылар тұтқындалды. 11 ақпанда Бақтияр Ираннан кетуге мәжбүр болды. 12 ақпанда САВАК-тың штаб-пәтері мен бірқатар американдық әскери нысандар орналасқан Салтанатабад гарнизоны алынды. [27] Уақытша үкімет революциядан кейін бірден құлатылған шах пен оның отбасы мүшелеріне тиесілі мүлікті, ақша қаражаттарын тәркілеу, шахты Иран азаматтығынан айыру мен Иран халқына қарсы қылмыстары үшін соттың жауапкершілігіне тарту жөнінде мәлімдеді. Мамыр айында бұрынғы шах ислам революциялық трибуналының шешімімен сырттай өлім жазасына кесілді. Мемлекеттік аппаратта, әскерде, полиция мен жандармерияда тазарту жүргізіле бастады. 9

Наурыз айында жаңа саяси құрылым туралы референдум өткізіліп, 1979ж. 1 сәуірде Иран алғашқы рет Иран Ислам республикасы (ИИР) жарияланды. Көп кешікпей Иран СЕНТО-дан шығатыны жөнінде мәлімдеді, АҚШ және басқа ірі батыс мемлекеттерімен жасалған бірқатар әскери-азаматтық келісімшарттар бұзылды, американдық әскери базалар жойылды, көптеген шетелдік (көбінесе американдық) банктер мен компаниялар жабылды. 18

1979ж. 16 қаңтарда шах өз елінен амалсыздан кетіп қалғаннан кейін, түрлі мемлекеттерде «қашқын» ретінде жүрді. Бастапқыда Мұхаммед Реза Египетке бет алды, содан кейін Мароккода, Багам аралдарында және Мексикада қуғында болды. Иран ислам өкіметі шахты еліне қайтаруын талап етті. Ал сол уақытта бұрынғы монархтың денсаулық жағдайы күннен-күнге нашарлай түсті. Мұхаммед Резаның АҚШ-қа емделуге баруы мұсылман экстремистерінің Ирандағы американдық елшілікті басып алуына әкеліп, халықаралық шиеленіскен дағдарысты туғызды. 6 1979ж. 4 қарашада бірнеше жүздеген ирандық студенттер Тегерандағы АҚШ елшілігі ғимаратындағы 90-ға жуық адамды тұтқынға алды. Олар АҚШ-тың 52 мәмілегерін кепіл тұтқын ретінде алып қалды. Лаңкестер шахты қайтаруды талап етті. Шах сот алдында жауап беруге, ұрланған мүлікті Иран халқына қайтаруға, осы уақытқа дейін американдықтардың Иранда жасаған әрекеттері үшін ресми кешірім сұрауға және келешекте оның ішкі істеріне араласпайтынына уәде беруге тиіс болды. Тұтқындар 444 күн бойы босатылмады. АҚШ-тың президенті Дж. Картер ирандық мұнай импорты мен американдық банктердегі ирандық есепшоттарды тоқтатып қойды. Шілде айында қуғындағы шах эмиграцияда қайтыс болды, бірақ бұл жағдай да тұтқындардың босатылуына мүмкіндік бермеді. Тек 1981ж. қаңтар айында Иран Алжир үкіметінің араласуымен тұтқындарды босатуға келісті. Ал АҚШ өз тарапынан Иранның $ 8 млрд. мөлшеріндегі есепшоттарын қалпына келтіруге тиіс болды. [28] 1981ж. 19 қаңтарда АҚШ пен Иран арасында Алжир келісімшартына қол қойылды. Бұл келісімшартқа қол қойылғаннан кейін барлық тұтқындар босатылды. Келісімшарттың негізгі тармақтарының ішінен келесілеріне ерекше тоқтала кету қажет:

  • АҚШ Иранның ішкі істеріне араласпайтын болады
  • АҚШ Иранның банк шоттарын қалпына келтіріп, сауда санкцияларын алып тастайды
  • Дауларды шешу үшін төрелік трибунал құрылады
  • Иран АҚШ-тың алдындағы сыртқы қарызын төлеуге міндеттенді [29]

1979ж. желтоқсан айындағы референдум нәтижесінде конституция бекітілді. Бұл Конституцияға сәйкес, елдің жоғары билігін имам Хомейни, ал азаматтық саяси билікті президент, мәжіліс және премьер атқарады. Жаңа республикада меншіктің үш түрі бекітілген. Олар: мемлекеттік, кооперативтік және жеке меншіктер. Бұдан былай батыс державаларының ықпал етуі мен араласуына рұқсат етілмейді. Ел капитализм мен коммунизмнен бас тартып, оның орнына өз «исламдық» даму жолын таңдайды. Конституция бойынша, Иранда исламдық өмір сүру салты енгізілді, абсолютті билік Аллахқа тиесілі, ал мемлекеттің басында кең өкілеттіліктерге ие (соның ішінде, бүкіл халық сайлаған президентті орнынан алу) рахбар (жетекші) отырады. Иранның рахбары аятолла Хомейни болып табылды. Ол мәжілісте қабылданатын заңдардың ислам шарттары мен Конституцияға сәйкестігін тексеріп отыруға тиіс болды. 22






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных