Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Соғыстың жүру барысы




Соғыс Ирактың ирандық Хузестан провинциясына басып кіруінен басталды. Иранның Ирак территориясындағы шейіттік қозғалыстарды қолдап, «ислам революциясын басқа елдерге тарату» саясатын ұстануына жауап ретінде Ирак осындай әрекетке барды. Ирак басып кіре отырып, ірі ирандық қалаларды, соның ішінде Тегеранды да бомбалай бастады. Саддам Хусейн басып кіргеннен кейін бір апта өткен соң, шабуылдауды тоқтатып, бейбітшілік туралы келіссөздер жүргізуге әзірлігін білдірді. Алайда, Тегеран оқ жаудыруды тоқтатуға келіспеді. Иран басшылығының бас тартуы 1983ж. Иранға қарсы коалицияның құрылуына әкелді. Иранды тек Сирия мен Ливия қолдады. Кувейт пен Сауд Арабиясы Иракқа өте үлкен мөлшерде қарыз берсе, ал, Египет пен Иордания қару-жарақпен және әскери кеңесшілермен қамтамасыз етті. АҚШ тарапынан Иракқа жанама көмек көрсетілді. Бір уақытта АҚШ Иранға құпия түрде қару-жарақ сатып отырды. 1984ж. АҚШ Иракпен дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірді. 43

Ирак әскерінің әуелдегі табысты алға жылжуы табанды қарсыласуға жолығып, тоқтап қалды. 1981ж. көктемі мен жазында оқ-дәрінің аздығы мен әскерлердің соғысқа дайындық деңгейлерінің төмендігіне қарамастан, Иран шабуыл операцияларына көшті. 1979ж. ақпан айында Иранда Ислам революциясы болды. Содан кейінгі революциялық тазарту нәтижесінде Иран әскері 240 мыңнан 180 мыңға дейін қысқарып, 250 генерал тәжірибесіз төменгі бөлім командирлерімен немесе әскери іске бейімі жоқ дін қызметкерлерімен алмастырылды. Нәтижесінде, Иран әскерінің соғысқа жарамдылығы айтарлықтай төмендеді. Иран әскері революциядан кейін орын алған жазалау шараларынан қатты әлсіреді. АҚШ-пен қатынастарының үзілуі бронетехника мен авиацияға қажетті қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігіне әкеліп, Иранның әскери мүмкіндіктерін қатты шектеді. Дегенмен, ирактықтардың баяулығы Иран үкіметіне мобилизация жүргізіп, майданға қосымша күш жіберуге мүмкіндік берді. Бұл жағдай екі жақтың күшін теңестірді. 33 Иранның әскери қимылдары авиацияны шектеулі түрде пайдалануымен, іс жүзінде теңізде әскери қимылдар жүргізбеуімен және бронетанкілік техника мен ірі калибрлі артиллерияның шектеулі қолданысы жағдайында әскерлердің жақыннан ұрысу қаруларын кеңінен пайдалануымен сипатталады. 1982ж. жазына қарай Иран Ирак арқылы басып алынған аймақтарды қайтарып алды. Бұдан кейін екі тарап та бір-бірінің күштерін тауысуға бағытталған соғысты жүргізе бастады.

1985ж. екі елдің әскери қимылдары «қалалар соғысы» ретінде сипатталынады. Екі тарап та жүйелі түрде авиацияның көмегімен қарсыласының ірі қалаларындағы тұрғын үйлер мен мұнай терминалдарын қирата бастады. 1986-1987жж. Иран Ирактың маңызды аймақтарын басып ала отырып, бірқатар табысты операциялар жүргізді. Иран 1986ж. ақпан айында ең үлкен табысқа жетті, яғни, Иран Фао түбегін толығымен басып алды. Бұл Ирактың Парсы шығанағына шығатын жолын жауып тастады. Ирактықтар Фао түбегін тек 1988ж. сәуір айында қайтара алды. Иран армиясының әскери жетістіктерге жетуі АҚШ пен Қытайдан қару-жарақтардың (негізінен, «жер–жер», «жер–ауа» және «ауа–жер» класстарына жататын ракеталар) әкелінуімен түсіндірілді. Кеңес кешендері (қытайлық өндіріс) Багдадқа қарсы оқ жаудыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Иранның қарсыласының күшін тауысуға бағытталған соғыс стратегиясы да өз нәтижесін берді. 50 млн. халқы мен $ 188 млн. ЖҰӨ-і бар Иран 654-мыңдық әскерді, 1000 танкті, 750 зеңбірек пен 60 әскери ұшақты қамтамасыз етті. 16,5 млн. халқы мен $ 34 млн. ЖҰӨ-і бар Ирак миллиондық әскерді, 4500 танкті, 3000 зеңбіректі және 500 әскери ұшақты қамтамасыз етті. Соғыс нәтижесінде Иран ЖҰӨ-нің тек 12%-ын, ал Ирак ЖҰӨ-нің 50%-ын жоғалтты. Нәтижесінде, Иран әскерінің шабуыл операциялары 1987ж. басына қарай Ирак экономикасының күйреу қаупіне әкелді.44 1988ж. сәуір мен маусым айларының аралығында бұрын ирандықтар басып алған аймақтардың барлығы ирактықтардан, ал 1988ж. маусым айында Мажнун, Басра және Саламче аралдары ирандықтардан тазартылды.

Салдарлары

1. Иран-ирак соғысының нәтижесінде екі мемлекеттің ешқайсысы да жеңбеді. Бірақ екеуі де өздерінің әскери жеңіске жеткендерін мәлімдеді. Әскери қимылдар басталғанда қойылған мақсаттарына Ирак та, Иран да қол жеткізе алмады. Екі көршілес мемлекеттің арасындағы соғыс 7 жыл және 11 айға созылды. Бұл соғыс ХХ ғасырдағы ең ұзақ соғыс болып табылады. Екі тарап та өте үлкен адам және экономикалық шығындарға ұшырады. Екі тараптың жалпы шығындары шамамен 1,5 млн. адамды құрады. Иран 300 мың адамынан өлідей айырылды, ал жараланғандар саны 700 мың адамға дейін жетті. Соның ішінде, 10 мыңдай бейбіт тұрғындар қаза тапты. Өлген адамдардың сүйектері 2001 жылға дейін табылып отырды. Сонымен қоса, екі тарап тұтқындар түрінде 100 мың адам жоғалтты. Әскери қимылдар аяқталар тұста 40 мыңдай ирандықтар тұтқында болды. Мемлекеттің материалдық зияны $ 216 млрд.-ты құрады. Иракпен шекаралас халық тығыз орналасқан Хузестан қалалары өте үлкен зардап шекті. Сонымен қатар, мұнай өнеркәсібінің инфрақұрылымына үлкен зиян келтірілді.

Ирактың шығындары Иранмен салыстырғанда аз болды: 120 мың адам қайтыс болды, және 300 мың адам жараланды. Материалдық зиян $ 193 млрд.-ты құрады. 45 Бұл сомаға тікелей зияндармен қоса түгел алынбаған мұнай пайдалары кірді. 46 Ирак үшін соғыстың қаржы-экономикалық салдарлары (оған ЖҰӨ-нің жартысы жұмсалды) өте ауыр болды. Багдад соғыстан кейін көп елдерге борышқор болып қалды. Сегіз жылдық соғыстан кейін, Ирактың, негізінен, Парсы шығанағы елдеріне, соның ішінде, Сауд Арабиясы мен Кувейтке мемлекеттік қарызы $ 60 млрд.-ты құрады. 30 Ирактың Кувейтке қарызы $ 14 млрд-тан асты. Бұл 1990ж. Саддам Хусейнді Кувейтке басып кіруге итермелеген себептердің бірі болып табылады. Иран экономикасы соғыс кезінде де өсіп отырды. Соғыс басталған уақыттан бастап Иранның ЖІӨ-і өсуін тоқтатпады және соғыс аяқталғаннан кейін де өсуін қарқынды түрде жалғастырды. 33

2. 1988ж. 20 тамызда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің № 598 резолюциясының негізінде екі елдің арасында уақытша бітім жасалды (1987ж.). Бұл резолюция Иран мен Ирак арасындағы оқ жаудыруды тоқтатуға байланысты болды. Әскерлер елдеріне қайтқаннан кейін, шекара сызығы іс жүзінде соғысқа дейінгі күйінде қалды. Екі жылдан кейін, яғни, Ирактың Кувейтке қарсы шабуылынан кейін, Хусейн өзінің жауларының санын көбейтпеу үшін Иранмен қарым-қатынастарын реттеуге келісті. Бұл кезде Ирак Америка Құрама Штаттары басшылығымен әрекет еткен қуатты коалициямен бетпе-бет келген болатын. Багдад Тегеранның Шатт-эль-Араб өзенінің барлық суларына құқығын мойындады. Бұдан былай шекара өзеннің Ирактағы жағасы бойынша өте бастады. Сонымен қатар, барлық даулы шекаралық аймақтар Ирак әскерлерінен тазартылды. 1998 жылдан бастап екі мемлекеттің қарым-қатынастарының жақсаруының жаңа кезеңі басталды. Тегеран Ирактың 5 мыңнан аса тұтқындарын босатуға келісім берді. Әскери тұтқындармен алмасу 2000 жылға дейін жүргізілді. 47

Мұхаммед Мосаддық (1882ж. 19 мамыр - 1967ж. 5 наурыз)

Мұхаммед Мосаддық 1882ж. 19 мамырда Тегеранда қаржы министрі мен Қаджар ханшайымының отбасында дүниеге келді. Иранның саяси және мемлекеттік қайраткері. Заңгер мамандығы бойынша білім алған. Мұсылмандық құқық, қаржы және заң сұрақтары бойынша бірқатар еңбектердің авторы. Мосаддық Иранда тәуелсіз сыртқы саясатты жүргізуге белсене атсалысты. Ол саяси мансабын 24 жасында Иран Конституциялық Революциясына қатысудан бастады. 1914ж. ол Парижде, кейіннен швейцариялық университетте білім алды. 1921-1924 жж. әр түрлі министрлік лауазымдар бойынша жұмыс істеді, содан кейін көп жылдар бойы үлкен саясаттан тысқары болды. 1949ж. Мосаддық Ұлттық фронт партиясын құрды. Бұл партия Иран мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру бойынша ағылшын-ирандық мұнай компаниясына қарсы қозғалыста маңызды рөлге ие болды. Партияның негізгі талаптарының бірі 1933ж. жасалған тең құқықсыз ағылшын-ирандық келісімшартының күшін жою болды. Бұл келісімшартқа сәйкес, Иранның мұнай кен орындары Ұлыбританияның иелігіндегі ағылшын-ирандық мұнай компаниясына 60 жылға концессияға берілді. 1951ж. сәуір мен 1953ж. тамыз айларының аралығында елдің премьер-министрі болды. Ол 1951ж. 15 наурызда Иранның мұнай кен орындарын мемлекеттендіру туралы заңды қабылдауға қатысты. Ұлыбритания және АҚШ-пен дау-жанжал орын алды. Мосаддық 1951ж. қазан айында елден мұнай кәсіпшіліктері мен мұнай айыру зауыттарында жұмыс істеген барлық ағылшын мамандары мен кеңесшілерін елден қуып жіберді, ал, кейіннен, 1952ж. 22 қазанда Англиямен дипломатиялық қатынастарды үзді. Мосаддық ауыл шаруашылығына да қатысты реформалар жүргізді. Атап айтқанда, ауылдағы ескі феодалдық жүйе жойылды. АҚШ пен Ұлыбритания Мосаддықтың әрекетіне қарсылық ретінде ирандық мұнайға бойкот жариялап, елде төңкеріс жасауды ойластыра бастады.48 Бейтарап Иран жаңа американдық әкімшіліктің көңілінен шықпады. Иран АҚШ-тың ықпалына мықтап кіруге тиіс болды. Негізінен, АҚШ Иранның мұнайына бақылау орнатуға мүдделі болды. 1953ж. 4 сәуірде АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ОББ) Мосаддықты құлатуға $ 1 миллион мөлшерінде ақша қаражатын бөлді. 1953ж. 19 тамызда Пехлеви Мосаддықты премьер-министр лауазымынан алып, оның орнына генерал Фазолла Захедиді тағайындағанын жариялады. Фазолла Захеди АҚШ пен Ұлыбританияның мұнай концессияларын қайтарып, олармен дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірді. Бүкіл елде жаппай халықтық қозғалыстар басталды. Нәтижесінде, шах бастапқыда Багдадқа, кейіннен Римге қашты. 1953ж. 19 тамызда Пехлеви әскерлері АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкері Кермит Рузвельттің басшылығымен (АҚШ президенті Теодор Рузвельттің немересі) әскери төңкеріс жасады. 43 Бұл операция «Аякс» операциясы деп аталды. 17 Бұл төңкеріс кезінде Мосаддық тұтқындалып, 3 жылға сотталды. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін, Мосаддық Тегерандағы өзінің Ахмедабад шаруа қожалығына жер аударылып, сол жерде ұзақ уақыт бойы өкіметтің бақылауында болды. 49 Шах елге толық билеуші ретінде қайтып оралды. Ол бұдан кейінгі жылдары одақтас ретінде АҚШ-тың сенімінен шыға білді. Ал Иран өзінің мұнайына деген бақылауын жоғалтып алды. 44 1967ж.5 наурызда Мосаддық қайтыс болды. 1979ж. Ислам революциясынан кейін, 15 наурыз, яғни, мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру күні мерекелік күн болып есептеледі. 50

 

Мұхаммед Реза Пехлеви (1919 – 1980 жж.)

Мұхаммед Реза́ Пехлеви́ — Пехлеви әулетіне жататын Иранның соңғы шахы (1941ж. 16 қыркүйек — 1979ж. 11 ақпан). Ол 1919ж. 26 қазанда Тегеранда полковник Реза-ханның отбасында дүниеге келді. Реза-хан 1925ж. желтоқсан айында Реза-шах Пехлеви деген атпен парсы шахы болып жарияланғаннан кейін, Мұхаммед Реза мұрагер шаһзада атағына ие болды. 1925-1930жж. Мұхаммед Реза Пехлеви парсы кадет корпусында, содан кейін Швейцарияның пансион-мектебінде, 1936-1938жж. Тегеранның офицерлік училищесінде оқыды. 1941ж. қыркүйек айында Иранды ағылшын және кеңес әскерлері басып алып, әкесі Реза Пехлеви биліктен бас тартқаннан кейін, Мұхаммед Реза Пехлеви Иран шахы болып жарияланды. Ол 1942ж. Ұлыбритания және КСРО-мен одақтық шартқа қол қойды. 1943ж. қыркүйек айында шахтың жарлығымен Германияға соғыс жарияланды. 1949ж. шах мемлекетті басқаруда мәжілісті таратумен қоса алғанда кең өкілеттіліктерге ие болды.

1951ж. сәуір айында шах Мұхаммед Мосаддықты премьер-министр етіп тағайындады. Мосаддық мемлекеттендіру үдерісін жүргізуді жақтады. Ол мәжіліс бірауыздан қабылдағаннан кейін, 1 мамырда Ағылшын-ирандық мұнай компаниясын мемлекеттендіру туралы заңға қол қойды. Содан кейін шах АҚШ-тың қолдауымен Мосаддықпен шиеленіскен дауға түсті. 1953ж. ақпан айында Мосаддық шахқа Ираннан кетуді ұсынды. Оның мәлімдеуінше, монарх елді басқармай, патшалық етуі тиіс. 16-18 тамызда шах Багдадта (Ирак), 18-22 тамызда Римде (Италия) уақытша қуғында болды. 1953ж. тамыз айында генерал Ф. Захеди бастаған әскерилер мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып, Мосаддық үкіметін құлатты. Осы уақыттан кейін, елдегі билік іс жүзінде түгелдей шахтың қолына көшті. 51

1973ж. Мұхаммед Реза көппартиялық жүйені жойып, өктемшіл бір партиялық режимді бекітті. Барлық азаматтар басқарушы партияға мүшелікте болуға тиіс болды. Барлық басқа қоғамдық бірлестіктердің қызмет етуіне тыйым салынды; 1957ж. АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (ОББ) көмегімен құпия полиция (САВАК) құрылды. Шахтың сыртқы саясаты Батыспен тығыз ынтымақтастық орнатуға бағытталды. АҚШ шахты Орта Шығыс пен Парсы шығанағындағы маңызды әскери-саяси одақтас деп есептеді. 52 Шах КСРО-мен достық қарым-қатынаста болды. Мұхаммед Реза Израильмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Иракпен шиеленіскен қарым-қатынас сақталып қалды. 1975ж. Саддам Хусейнмен Шатт-эль-Араб өзені бойынша шекара туралы Алжир келісімшартына қол қойылды. Алайда, тек шах құлағаннан кейін, бұл дау ашық соғысқа ұласты. Иран армиясының революция мен жазалау шараларының нәтижесінде қатты әлсірегенін пайдалана отырып, Саддам Хуссейн Иранға шабуыл жасауға кірісті. 51

Мұхаммед Реза Пехлевидің кезінде Иранды батыстандыру үрдісі күшейіп, әйелдердің тең құқылығын қамтамасыз етуге қадамдар жасалды. Бұл жағдайлар бұқараның басым көпшілігі мен мұсылмандардың шейіт бағытындағы дін қызметкерлерінің оппозициясының пайда болуына әкелді. 51

Мұхаммед Реза мұнай өндіруден түсетін өте үлкен кіріске сүйене отырып, 1963ж. «Ақ революция» деген атауға ие болған экономикалық және әлеуметтік реформалардың бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бірақ батыс үлгісі бойынша модернизацияны жедел жүзеге асыру экономикалық дамудың әркелкілігі мен тепе-теңсіздігін туғызды. 1978ж. қаңтар айында шах әскерлері мұсылмандардың киелі Құм қаласындағы наразылыққа қатысқандарды атып тастағаннан кейін, бүкіл елде діни қызметкерлердің ұйымдастыруымен жаппай наразылық шерулері орын алды. Мұхаммед Реза мұндай жағдайларды бақылап отыруға шамасы келмеді. Сондықтан, ол 1979ж. 4 қаңтарда еріксіз түрде либералдық оппозициялық топ жетекшісі Ш. Бахтиярға үкімет құрамын ұйымдастыруды тапсырды. 1979ж. Ислам революциясының нәтижесінде шах биліктен аластатылып, елден кетуге мәжбүр болды. 1979ж. ақпан айында шейіттік дін қызметкерлерінің жетекшісі аятолла Хомейни билік басына келді. 52 1979ж. 16 қаңтарда шах өз елінен амалсыздан кетіп қалғаннан кейін, түрлі мемлекеттерде «қашқын» ретінде жүрді. Бастапқыда Мұхаммед Реза Египетке бет алды, содан кейін Мароккода, Багам аралдарында және Мексикада қуғында болды. Иран ислам өкіметі шахты еліне қайтаруын талап етті. Ал сол уақытта бұрынғы монархтың денсаулық жағдайы күннен-күнге нашарлай түсті. Оның лимфомамен ауыратыны анықталды. Мұхаммед Резаның АҚШ-қа емделуге баруы 1979ж. қараша айында мұсылман экстремистерінің Ирандағы американдық елшілікті басып алуына әкеліп, халықаралық шиеленіскен дағдарысты туғызды. Шах АҚШ-тан Панамаға, содан кейін қайтадан Мысырға бет алды. Ол 1980ж. 27 маусымда Каир қаласында қатерлі ісіктен қайтыс болып, каирлық Ар-Рифаи мешітіне жерленді. 53

 

Рухолла Мусави Хомейни (1902ж. 17 мамыр – 1989ж. 3 маусым)

Ислам революциясының жетекшісі Рухолла Мусави Хомейни 1902ж. Хомейн қаласында, діни қызметкердің отбасында туылды. Балалық шағында әкесі, 15 жасында анасы дүниеден өтті. Алғашында ол Хомейннің, содан кейін Құм қаласының діни мектептерінде білім алды. Ол Құм қаласындағы Иранның ең беделді діни оқу орны – Ислам зерттеулерінің орталығында (Файзийе) сабақ бере бастады. Ол осы қалада 23 жасында оқыту құқығын беретін ғалым-дінтанушы атағына (мұжтахид) ие болды. Сол кездің өзінде Хомейни шах режиміне қарсы саяси күреспен айналысты. Хомейни осы қарсылығы үшін 1930 жылдардың ортасына қарай Құм қаласында ислам құқығы мен философиясы бойынша дәріс беру құқығынан айырылды. Алайда, ол жасырын түрде сабақ беруін жалғастырып, жүздеген ізбасарларын дайындап шығарды. Бұл ізбасарлар өздерінің ұстазы сияқты монархияның барлық азаптары мен тауқыметтерін айқын көре білді. Хомейнидің астыртын оқытушылық қызмет етуі мен ислам ғылымы үшін маңызды еңбектерді жазуы оның рухани беделін көтеріп, 1950 жылдардың аяғында Иран исламында діни жоғары атақ — «аятолла», ал 1961ж. «ұлы аятолла» атақтарына ие болуына себепкер болды. «Ұлы аятолла» атағы шах режимінің юрисдикциясынан қорғануды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, жаңа діни атақ Хомейниге Иранның шейіттер қауымының басшысы болуға мүмкіндік берді.

Хомейни өзінің саяси қызметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ, белсенді түрде Ирандағы шах билігіне қарсы шықты. 1925ж. ол талиб әрі медресенің шәкірті бола жүріп, көпшілік алдында «Иран Пехлеви әулеті жойылғанда ғана өз-өзімен ымыраласады» деп мәлімдеді. Ары қарай Хомейни көптеген жылдар бойы шахқа жағымсыз көзқарасын (жеке кездесулерінде де) білдіре отырып, жиі шахты өткір сынға алып отырды. Ол шах режимі жүргізіп отырған батыстық жаңғырту саясатын мүлдем жақтырмады, себебі осы саясаттың нәтижесінде экономикалық жіктелу орын алды, дәстүрлі отбасы құндылықтары жойылды және пақырлар мен ғаріптерге көмек көрсету тыйылды. Оның шахқа қарсы тұруы халықтың арасынан кең қолдау тапты. 54

Оның билікпен қарым-қатынасы 1962 жылдан бастап одан әрі шиеленісті. 1962ж. қазан айында ол діни қызметкерлердің ереуіліне басшылық етті. Бұл ереуіл шахтың басқа дін өкілдерінің мемлекеттік билік органдарына сайлануына рұқсат еткен заң жобасынан үкіметтің бас тартуына мәжбүрледі. Бұл заң жобасына сәйкес, сайланған адам тек Құран бойынша ғана емес, кез келген киелі кітап бойынша ант бере алатын болды. Құм дінбасылары бұл заң жобасын Иран конституциясы мен шариғаттың негізгі қағидаларына қайшы деп тапты. Ол 1963ж. қаңтар айында реформа жүргізу сұрақтары бойынша шах референдумының ислам нормалары мен елдің Конституциясына сәйкес келмейтініне тоқтала отырып, оған қарсы бойкот жасауға шақырды. «Ақ революция» деген атауға ие болған бұл реформалар әйелдерге сайлау құқығын беру мен аграрлық реформа жүргізуді қарастырды. Хомейни «ақ революцияға» ашық түрде қарсылық білдіре отырып, шах режимін қарулы жолмен құлатуға шақырды. Хомейнидің шах режиміне қарсы тұруы діни қызметкерлер, саудагерлер, қолөнершілер мен шаруалар арасында үлкен қолдауға ие болды. Елдегі имамды жақтаған кең ауқымды іс-қимылдар полиция күштері арқылы басып-жаншылып, имам Хомейни екі айға тұтқындалды. Референдум 1963ж. 26 қаңтарда өткізілді. Бірақ Иранның ірі қалаларында жаңадан жаппай қарсылық қозғалыстарының орын алуы үкіметті имамды тұтқыннан босатуға мәжбүр етті. 55

1964ж. Хомейни Ирандағы американдық әскери кеңесшілерге дипломатиялық қол сұғылмаушылық құқығын беруге қарсы шыққаны үшін Түркияға жер аударылды. Аятолла 11 айдан кейін Иракка қоныс аударуға рұқсат алды. Хомейни шейіттер үшін киелі Неджеф қаласынан пана тапты. Ол бұл жерде діни оқу орнында дәріс беріп, ислам мен ислам жетекшісі рөліне «дұрыс түсінік» тұжырымдамасын әзірлеуін одан әрі жалғастырды. Хомейни жаңа «исламдық басқаруды» енгізуге көп көңіл бөлді. Хомейнидің есептеуінше, шах режимінің абсолютті билігі тек қана азғындық, жезөкшелік және жемқорлықтың таралуына жол ашады. Бұл режиммен ешқандай ымыраға келу мүмкін емес. Бұдан шығудың жалғыз жолы – монархияны «ислам республикасына» ауыстыру. Мұндай республикада Құранда және Мұхаммед пайғамбар мен имам Әли арқылы жазылған киелі Заңның жоғары билігі ең негізгісі болып келеді. Хомейни неджефтік қуғындалушы бола жүріп, Иранға жасырын түрде үндеу хаттар жіберіп отырды. Бұл үндеу хаттар көшіріліп жазылып, мешіттерге таратылды. Аятолла осы үндеу хаттарының бірінде 1971ж. күзде Иран монархиясының 2500-жылдығына байланысты салтанатты мерейтой өткізгені үшін шахты сынға алды. Бұл мерейтойды ұйымдастыруға елдің миллиондаған доллар қаржысы жұмсалды. Иран өкіметі Хомейниді Иракта тұру жөніндегі белгі қағазынан айырғандықтан, Хомейни Францияға қоныс аударуға мәжбүр болды. Сонымен, 14 жыл бойы аятолла Түркияда, Иракта және Францияда қуғында жүрді. Хомейни осы қуғында өткен 14 жыл бойы Ирандағы ислам революциясын басқарып отырды. Дәл сол уақыт аралығында Мұхаммед Реза шах Иранды «орта ғасырдан ядролық ғасырға» айналдыруды қарастырған «ақ революцияның» идеяларын дамытып отырды. 16

1978ж. 7 қаңтарда «Эттелаат» газетінде шейіттік діни қызметкерлер жала деп тапқан Хомейни туралы мақаланың жариялануы Иранда шахқа және империалистерге қарсы қозғалыстардың жарылысын туғызды. Күзге қарай бұл жарылыс жалпыхалықтық сипат алды. 1978ж. тамыз айында Хомейни шахтың тақтан құлағаны жөнінде үндеу шығарды. Қазан айында Мұхаммед Реза Хомейниге отанына оралуға рұқсат берді. Бірақ Хомейни шах биліктен кетпей, елге қайтып келуден бас тартты. 56 1979ж. 16 қаңтарда шах коммунистер, либералдар мен шейіттердің қысымымен Ираннан қашуға мәжбүр болды. 1979ж. 1 ақпанда Хомейни Парижден Тегеранға қайтып оралды. Ол нәтижесінде шах режимінің құлауы мен Ислам Республикасының орнатылуына әкелген революцияны басқарды. Аятолла Хомейни Иран Ислам Республикасының (ИИР) бірінші рухани жетекшісі болды. Оның басшылығымен мемлекеттік жүйе реформасы жүргізілді. Шах АҚШ-тан пана тапты. Аятолла қашқынды қайтаруды талап етті. Американдықтар шахты қайтарудан бас тартты. Содан кейін Хомейни АҚШ-ты «Ұлы Әзәзіл» деп жариялап, Ираннан 85 мың американдықты қуып жіберді. Сонымен қатар, ол американдық елшілікті талқандауға бұйрық берді. Американдық елшілік Хомейнидің ықпалындағы студенттер арқылы күйретіліп, 90 адам кепілдікке алынды. Олардың арасында қызмет атқарушылар, балалар және дипломаттардың әйелдері болды. Бұл іс-қимылдар Иранды бірнеше жылға созылған халықаралық оқшаулануға алып келді. Тұтқындар тек екі жылдан кейін босатылды. 1980ж. көктемде бүкіл елде Хомейни арқылы мақұлданған «ұлы ислам мәдени революциясы» басталды. Бұл революция көзқарастары шейіттердің көзқарастарынан кішкене болса да ерекшеленетін барлық мәдени қайраткерлердің жойылу қаупіне әкелді.16 Ол қайтыс болғанға дейін (1989ж. 3 маусым), ислам мемлекетін құруға ұмтылды. 54


[1] http://ru.wikipedia.org/wiki/Исламская_революция_в_Иране

[2] http://booksshare.net/index.php?id1=4&category=history&author=gisem-a-v&book=vsemist2007&page=79

 

[3] http://geo.historic.ru/enc/item/f00/s00/m000049/index.shtml

[4] Иванов М.С. Иран в 60- 70-х годах XX века. М., 1977. Стр. 35-36.

[5] http://knowledge.allbest.ru/history/2c0a65635b3bd68a5d53b89421206c37_0.html

[6] http://ru.wikipedia.org/wiki/Мохаммед_Реза_Пехлеви

[7] http://www.krugosvet.ru/enc/istoriya/MOHAMMED_REZA_PEHLEVI.html

[8] http://history.kemsu.ru/oldversion/PUBLIC/govorov/gov_2-11-7.htm

[9] http://how-much.net/publ/p_ek_1980/ja/2-1-0-315

[10] http://abai.kz/content/emil-pain-iranskaya-ili-turetskaya

[11] http://newskaz.ru/economy/20120320/2855239.html

[12] http://camonitor.com/archives/3707

 

[13] http://www.time.kz/index.php?newsid=9887

 

[14] http://www.time.kz/index.php?module=news&newsid=26230

 

[15] http://www.krugosvet.ru/enc/istoriya/iranskaya-revolyutsiya-1978-1979

[16] http://www.qoos.ru/people/east/homeinmusavi/

[17] http://www.usinfo.ru/1953iran.htm

[18] http://ru.wikipedia.org/wiki/Мохаммед_Реза_Пехлеви

[19] https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/ir.html

[20] https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/kz.html

[21] http://society.polbu.ru/vasiliev_easthistii/ch75_i.html

[22] http://countrystudies.us/iran/65.htm

[23] Иранская революция 1978-1979гг. Причины и уроки. Главная редакция восточной литературы, М., издательство: «Наука», 1989 стр. 7-8

 

[24] http://www.google.ru/url?sa=t&rct=j&q=%D0%91%D0%B5%D0%B7%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%BE%D1%82%D0%B8%D1%86%D0%B0,+%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D1%8C+%D0%B7%D0%B0%D1%80%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%8B+%D0%B2+%D0%98%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B5+%D0%B4%D0%BE+%D0%98%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B9+%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D1%8E%D1%86%D0%B8%D0%B8+%D0%B2+1979%D0%B3.&source=web&cd=11&ved=0CCEQFjAAOAo&url=http%3A%2F%2Fru.samantarjomeh.ir%2Fuploads%2Fsiomin%2520sale%2520enghelab_20756.pdf&ei=F9uLT8KTA8iSOr2P2cEJ&usg=AFQjCNFd--TcU_inAp-Uf0Kt1uOOdsjyNA стр. 36

 

[25] Иранская революция 1978-1979гг. Причины и уроки. Главная редакция восточной литературы, М., издательство: «Наука», 1989 стр. 510-511

 

[26] http://www.bibliofond.ru/view.aspx?id=448077

[27] http://www.megabook.ru/Article.asp?AID=635934

[28] http://www.megabook.ru/Article.asp?AID=633060&SA=SA

[29] http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%B6%D0%B8%D1%80%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5_%D1%81%D0%BE%D0%B3%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_(1981)

 

[30] http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_colier/248/ИРАН

[31] http://www.bestreferat.ru/referat-164985.html

[32] http://iran.ru/rus/irantsi.php

33 http://xreferat.ru/35/8946-3-iran-vo-vtoroiy-polovine-xx-veka-islamskaya-revolyuciya-v-irane.html

34 С. М. Алиев История Ирана. XX век, М.: Ин-т востоковедения РАН: Крафт+, 2004 стр. 493

35 http://ru.m.wikipedia.org/wiki/Иран#section_8

36 http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 21

37 http://www.diclib.com/ИРАН%20ЭКОНОМИКА/show/en/colier/И/665/360/0/7/4626

38 http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_colier/249/ИРАН

39 http://www.google.ru/url?sa=t&rct=j&q=%D0%91%D0%B5%D0%B7%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%BE%D1%82%D0%B8%D1%86%D0%B0,+%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D1%8C+%D0%B7%D0%B0%D1%80%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%8B+%D0%B2+%D0%98%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B5+%D0%B4%D0%BE+%D0%98%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B9+%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D1%8E%D1%86%D0%B8%D0%B8+%D0%B2+1979%D0%B3.&source=web&cd=11&ved=0CCEQFjAAOAo&url=http%3A%2F%2Fru.samantarjomeh.ir%2Fuploads%2Fsiomin%2520sale%2520enghelab_20756.pdf&ei=F9uLT8KTA8iSOr2P2cEJ&usg=AFQjCNFd--TcU_inAp-Uf0Kt1uOOdsjyNA стр. 85

40 http://ru.wikipedia.org/wiki/Ирано-иракская_война

41 http://www.e-reading.org.ua/chapter.php/95319/17/Okorokov_-_Sekretnye_voiiny_Sovetskogo_Soyuza.html

42 http://topwar.ru/13434-irano-irakskaya-voyna-ch-1.html

43 http://military-informer.narod.ru/iran-iraq.html

44 http://www.voina-i-mir.ru/dicdefinition/?id=825

45 http://old.redstar.ru/2003/05/24_05/6_01.html

46 http://crazys.info/2008/05/02/iranoirakskaya_vojna_19801988_goda.html

47 http://topwar.ru/13543-zavershenie-irano-irakskoy-voyny-osobennosti-konflikta.html

48 http://www.people.su/76860

49 http://persons-info.com/index.php?lang=ru&p=1&srch_tab=194&cmd=&dd=18&mm=8&sort=fio&pid=29699&searchstr=&abc=%D0%90&ntype=340&c_fio=&v_fio=&c_sex=&v_sex=&c_ddb=&v_ddb=&c_mmb=&v_mmb=&c_yyb=&v_yyb=&c_placeb=&v_placeb=&c_ddd=&v_ddd=&c_mmd=&v_mmd=&c_yyd=&v_yyd=&c_placed=&v_placed=&c_age=&v_age=&c_zodiac=&v_zodiac=&c_japon=&v_japon=&c_kwd=&v_kwd=&c_places=&v_places=&c_descr=&v_descr=&c_foto=&v_foto=&mode=1000&

50 http://ru.wikipedia.org/wiki/Мосаддык,_Мохаммед

51 http://ru.wikipedia.org/wiki/Мохаммед_Реза_Пехлеви

52 http://www.krugosvet.ru/enc/istoriya/MOHAMMED_REZA_PEHLEVI.html

53 http://www.c-cafe.ru/days/bio/43/009_43.php

54 http://100men.ru/index.php?option=com_content&task=view&id=91&Itemid=37

55 http://ru.wikipedia.org/wiki/Хомейни,_Рухолла_Мусави

56 http://www.tonnel.ru/?l=gzl&uid=1042&op=bio

57 http://www.stat.kz/publishing/20111/SelXozEnd.pdf стр. 60

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных