Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу




1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.
2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, салық қызметi органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың қуынымы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiктi сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнiнде шаралар қолданады.
3. Егер мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшiн қызметiнен босатылғаннан, тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларда прокурор, салық қызметiнiң органдары не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлiктi қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын төлеу бойынша мiндеттерi туындаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кiрiсiне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы қуыныммен сотқа жүгiнедi.
Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

Бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн жою

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жояды.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных