Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кесте: Әйел мен еркекке байланысты қоғамда қалыптасқан таптаурындар (стереотиптер) кестесі. 2 страница




Ұлттық тілін "ана тілі" деп атаған ойға жүйрік, сөзге шешен халқымыздың біртуар ұлы, заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің "Ел болам десең, бесігіңді түзе!" деген сөзінің мән-мағынасы дәл қазіргі кезеңде айқын жол табуға, тілімізде сақталған ұлттық рух пен сананы жаңғыртып, жаңа сапаға көтерілуге бағыт алған ұлт болашағын дамытудың өзекті арқауы болмақ. Қазақ халқының таным-түсінігінде "ана-сәби-бесік" ұғымдары - бір-бірінен ажырамас, біртұтас, тығыз байланысты киелі ұғымдар. Ана сүтімен бойға сіңген ана тәрбиесі, үлгі-өнегесі, асыл өсиеті ғана сәбидің көкірегінде жатталып, ұлттық рух болып сіңіріледі. Сол үшін дүниеге әкелген сәбиі жылағанда, қазақша әлдилеп жұбатып, қазақша бесік жырын айтып ұйықтатып, "апа" деген алғашқы сөзді үйретіп, тілін де қазақша шығаруы, қазақ тілінде ертегі айтып, қазақша "құлыным, ботам" деп еркелететін әрбір қазақ әйелінің қоғамдағы, отбасындағы ең қасиетті әлеуметтік қызметін сипаттайтын қағидаты жаңғырып, тәрбиенің ажырамас ережесіне айналғанда ғана ұлттық рух қалыптасады.

Көркем әдебиеттегі аналар бейнесін тілдік дүние суреті аясында "қазақ әйелі" концептісі тұрғысынан қарастырар болсақ, бұл орайда таңғажайып қазыналарға, жақұт-жауһарларға кездесеміз.Ұлттық санада қалыптасқан, тіл арқылы сақталып, этномәдениеттің көрінісі, ұлтымызды біртұтас етіп ұйыстыратын ұйытқы күштің бірі де бірегейі ұлт тәрбиесіндегі ананың рөлін дәлелдейді. Бүгінгі қоғамдағы ананың, әйелдердің қоғамдағы орны мен қызметін арттыру күнделікті тұрмыс пен тәрбиедегі ана тілінің ұлтты ұйыстырушылық қасиетін, құдіретін күшейтумен тығыз байланысты екенін осы тектес зерттеулер нақты көрсетіп отыр.

Екінші тарау "Қазақ әйелі" ұғымын антропоцентристік бағытта зерттеу" деп аталады. 2.1 Тіл мен мәдениет сабақтастығы. Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау, т.б.
Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесін, тіл арқылы адамның табиғаты мәселесін ашумен тікелей байланысты. Осыған сәйкес әйел­ана болмысына қатысты (біздің зерттеуімізде - "қазақ әйелі") тілдегі таңбалық бірліктер халықтың дүниетанымы мен болмысынан, рухани мәдениеті мен сол халық тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Себебі, адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта, оның әлеуметтік өкілінде (мысалы, әйелдерде) әр деңгейде және сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Тілдік таңбаның адамға тікелей қатысты екенін А.А. Уфимцева былай түсіндіреді: "Қандай да бір құбылыс немесе зат таңбаны қабылдаушы субъектінің объективті шындыққа деген ерекше қарым-қатынасын көрсету арқылы белгілі бір таңбалық жағдайға нақты белгілеу семиозисін іздестіреді" [8, 104]. Этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану салалары - осы тектес ғылыми тұжырымдарды дәлелдеу үшін тілді адамның тікелей танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастыратын антропоцентристік бағыт аясындағы салалар. Тіл біліміндегі осы бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы - тіл арқылы берілген ақпаратты қабылдау, тану, таныту, оны интерпретациялау, өздігінше өңдеу, жадыда сақтауға қатысты ерекшеліктерді зерттеу. Аталған бағыттағы зерттеулердің нәтижесінде қабылданған жаңа ақпараттың адам санасында бұрын сақталған ақпараттардың көмегімен жаңа мазмұнға ие болу арқылы қалыптасатыны белгілі. Демек, бұл таным мен мәдениет сабақтастығын көрсетеді. 2.1.1 Лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің ерекшелігі. Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір-бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе болғандықтан, олар лингвомәдениеттанудың негізгі қағидасы "тіл мен мәдениет" сабақтастығымен сипатталады. Бұл маңызды тұжырымды таратып айтар болсақ, қоғамдық фактордың мәдени тұғырға көтерілуіне оның қоғамда қандай әлеуметтік мәнге ие болуының ықпалы зор. Ал, оның іске асуындағы тілдің коммуникативтік қызметін танытуда халықтың тіл байлығын өзіндік болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп келешекке танытатын, (мысалы, тілдік деректерді "қазақ әйелі" концептісіне қатысты) зерттеудің мәні ерекше. Себебі, әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы, т.б. сол тілдегі жай ғана таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық үрдісі нәтижесінде туған бейнесі, яғни "дүниенің тілдік бейнесі".

Осымен байланысты ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, ұғымды берудің көркемдік амалы - ұқсату. Ол күнделікті өмірде, тұрмыстық тәжірибеде қалыптасады. Себебі, адамдардың табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды бақылап салыстыруы, оны өз іс-әрекетімен, тәжірибесімен салыстыруы, ассоциациялық бейнелер түрінде әртүрлі нәрселердің ұқсас жақтарын табуы, солардың негізінде танымын кеңейтуі осы қасиетке негізделеді. Мысалы, "қызғалдақ" сөзі қазақтар үшін бай лингвомәдени мәнге ие. Сирек өсімдік ретінде Қызыл кітапқа енген қызғалдақ кез келген жерде өсе бермейді. Биік жерде өсетін қызғалдақтың бүр жарып ашылуын, жайқалып өсуінің өзіндік мәні, кезеңі бар. Оның басқа гүлдерге ұқсай қоймайтын ерекшелігін қазақ даласында өскен бала ғана біледі. Қызғалдақтың Отаны көп айтылып жүрген Голландия емес, Қазақстан деген де болжам бар. Сондай ұқсастықтарына орай ол қыздың сұлулығын, кейде қайта айналып келмейтін жастық шақты білдіретін метафораға айналған. Мысалы, Қыз дегенің - өмірдің қызғалдағы, Қылықтылар аз ба екен қыздан-дағы?.. (И. Сапарбай. Ғашықтың тілі.); Қырандай тиген кептерге, Қызғалдақ-ғұмыр, бозбала-ай! (М.Мақатаев. Аманат). 2.1.2 Лингвоелтанымдық бағыттағы зерттеулер. Лингвоелтанымдық бағыттың негізгі мақсаты - мәдени константаларды екі немесе үш тілде өзара салыстыра отырып, ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін, халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілерді зерттеу. Бұл бағытта қарастырылатын объектілер белгілі бір елдің немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта жоқ өзіндік нышандарын көрсете алатын тілдік бірліктер болуы керек. Мысалы: Үзілістен кейін дастарқанға үйеме табақ ет келді. Жеке тарелкаға салынған қойдың басы төрде отырған Акбардың алдына тартылған. Ол мұндайды өмірі көрмесе керек, қорыққан адамдай үдірейіп, кейін шегініп кетті. Лаураны тілмаштыққа пайдаланып, онымен де біраз сөйлесуге тура келді.

- Мынау қойдың басы, - деді Ақжан оған түсіндіріп. - Біздің халқымыз ең құрметті қонағының алдына осылай бас тартады.

- Мен құрметті қонақ емеспін ғой. Бар болғаны біздің жас ханымның қызметшісімін. Ондай жағдайда басты ханымның өзі ұстауы керек, -деп Акбар оны Лаураның алдына жылжытты (Қ. Жұмаділов. Атамекен).

Байқап отырғанымыздай, Сирия елінен келген кісі қазақ халқының салт- дәстүрінен, қазақ мәдениетінен хабарсыз, оған сәйкес аялық білімі жоқ, сол себепті қойдың басы онда дұрыс ассоциация тудырмай отыр. Ол қазақтың сыйлы қонағына бас тартатынын, оны әйел баласына ұсынбайтынын білмейді.

2.2 Қазақ дүниетанымындағы "әйел" концептісінің көрінісі. Жалпы христиан дінінде әйел туралы "зұлым", "күнәһар", "өтірікші", "кекшіл" т.б.деген сияқты өте төмен көзқарас қалыптасқан. Кезінде католик дінінің ресми теологы болып бекітілген Фома Аквинский: "Әйел тез өсетін арамшөп сияқты. Ол толыққанды адам емес, оның денесінің толық жетілмегенінің өзі оның құндылығының төмендігінен, табиғат онымен азырақ айналысатындықтан... Әйелдер оларды мәңгі билеушінің немесе ұстаздың басқаруымен ұстап отыру үшін туады" деген [9, 27]. Ал ислам дінінде әйелге, әсіресе әйел анаға деген көзқарас бұдан өзгеше. Бұған "Жұмақ ананың табанының астында", "Алдымен анаңды, анаңды, тағы да анаңды, одан соң әкеңді сыйла", "Ең қайырлы болғаныңыз, әйелдерге ең жақсы мәміле жасағандарыңыз болмақ", "Балаларды махаббат пен сүйіспеншілікпен бағу, әйелдерге жақсы мәміле жасау - Исламның бармақпен басып көрсеткен ахлақ ережесі" т.с.с. ислам қағидалары дәлел.

Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі - отбасы. Ал отбасындағы әйел жағдайы - отбасы мен неке тарихындағы келелі мәселелердің бірі. Көптеген тарихи және тілдік деректер қазақ әйелінің отбасылық мәселелерді шешуге белсенді қатысқанын, ерлеріне шаруашылыққа қатысты істерде көп көмектескенін дәлелдейді. Ал күйеуі жоқ кезде оның орнын жоқтатпай, барлық тіршілікке қатысты мәселелерді өзі шешіп, тіпті қазақы салт-дәстүрге сай қонақ күтіп, оны жөн-жоралғысымен шығарып салуға, күйеуін жаманатқа қалдырмауға міндетті болған. Сондықтан Айғаным, Бопай, Ұлпан, Зере сияқты әйелдерді халқымыз жоғары бағалаған. Мысалы: Шоқан ел кезген, жер кезген сапарында батыс түгіл, шығыс әйелдерінің ішінен мұндай мінезді, жомарт та өжет әйелдерді көп көрді. Басқаны былай қойғанда, өзі жақсы білетін Айғаным әжеci ше... Бүкіл аймақты билеп­төстеген әкесі Шыңғыс емес, әжесі Айғаным болатын. Ел адасқанда ақылды Шыңғыстан емес, Айғанымнан сұрайтын. Көзін жұмғанша Айғаным әжесі осындай боп өтті (С. Бақбергенов. Ақ боз атты ару). Осылайша, ақыл-парасаты сай қазақ әйелдері тек өз отбасында емес, бүкіл ауыл-аймақта зор беделге ие болып, олардың жақсы атағы алысқа тарап отырған.

Қазақ әйелдері туралы сөз болғанда, әсіресе олардың сырты мен іші үйлескен сұлулығы, мінез байлығы, ақыл-парасаты жөнінде әңгімелегенде, ең алдымен батырлар жырындағы әйел кейіпкерлердің көз алдыңызға келері сөзсіз. Құртқа - қазақ әйеліне тән ақыл-парасат пен көрегенділіктің, Жібек - сұлулық пен сымбаттың, Айман мен Ақжүніс әйел үшін таптырмайтын қасиет - қулық пен айлакерлік, тапқырлықтың, ал Баян - сұлулықпен бірге махаббатқа адалдықтың, сезімге тұрақтылықтың символы.

Қазақта қыз баланың, жалпы әйел затының бойынан төменшектік, именшектік, ұялшақтықтан гөрі өжеттік, еркіндік, ақыл, парасат сияқты қасиеттерді жоғары бағалайды. Мына тектес деректер соның тілдік дәйегі болып табылады: Мен көкпарға тастаған лақ емеспін. Мен Роксанамын. Байтақ патшаның еркін өскен қызымын. Александр мені өзінің теңі деп білді. Мен оны да бағаладым. Ұлы Александрмен теңмін деп шалықтамаспын. Бірақ падишаға Ұлы Даланың еркін өскен қызына шақ теңдігімді кемітпеспін. Соңымда бейбіт өмірге жеткен елім қалып барады деп өзімді жұбатармын, жаратқан ием осылай жат жұрттық етіп дүниеге әкелді екен - ендігі тілеуім Александрдың амандығы болады (Э. Төреханов. Ескендір мен Роксана). Қазақ қыздарына қайсарлық, өжеттік, тәкаппарлық, көрегенділік пен даналық сияқты қасиеттер ғасырлар бойы ел аузындағы аңыз әңгімелерге, батырлар жырына, ән-жырға арқау болған Тұмар, Зарина, Роксана, Домалақ ене, Айша бибі, Құртқа, Гүлбаршындардан келгені анық. Қазақ: "Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын, - дейді. "Жақсы әйел" және "жаман әйел" концептісінің көрінісін ақын­жыраулар шығармашылығынан да, шешендік сөздер үлгісінен де көруге болады: Жақсы қатын алсаңыз, Жақсылығын білдірер, Ерін жөнге көндірер, Анық осы, бозбала, Жұмақтан шыққан хормен тең, Алғаның жаман жолықса, Жамандығын білдірер, Ер қадірін кетірер, Оның өзі, бозбала, Маңдайға біткен сормен тең (Шал ақын); "Әйелдің жақсысы қандай, жаманы қандай болады? - дейді Ыбырай, шешенге: - Әй! - дегенде: - Ә; - десе, - Манағы қайда? - дегенде:- Мә, десе - жақсы әйел сол. - Әй! - дегенде: - Оқ, десе, - Манағы қайда? - дегенде: - Жоқ десе, дау да іздеме, жау да іздеме, бәрі де өз үйіңде, - депті Тұяқ шешен". Аталған тілдік деректер "жақсы ер бала­шағаның қамын ойлап, табыс табумен айналысуы керек те, оны жарататын, іске асыратын, қонақты дұрыс күтіп, ерінің жақсы атын шығаратын, үй шаруашылығындағы мәселелерді өзі шешіп, күйеуінің ақылына ақыл қосып, дұрыс шешім қабылдауға итермелейтін - жақсы әйел" деген қазақтарда қалыптасқан көзқарасты дәлелдей түседі. 2.2.1 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени сипаты. Белгілі бір ұлттың дүниеге көзқарасын, өмір сүру ерекшелігін, талғам-танымын, ұлағат-өнегесін оның рухани мәдениет үлгілерінен - салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан көруге болады: Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол Қаза көрген жүрегі жаралы - ол. Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол? Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл, Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, Өлеңсіз салар қызық бола ма гүл? (Абай, 1-к., 75-б.). Абайдың жоғарыдағы өлең жолдарында қазақ халқының дүниеге шыр етіп нәресте болып келгенннен қайтыс болғанға дейін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейінгі салт-дәстүрлерінің барлығы, рухани мәдениет негіздерінің бәрі өлеңмен, сөз құдіретімен байланысты екендігі жөнінде айтылған. Қыз таныстыру, қыз ұзату, қынаменде, жар-жар, беташар - қыз-дәуреннен әйел-ғұмырға аяқ басар тұстағы халықтық дәстүрлер. Жұмыста аталған дәстүрлердің этномәдени мәні көркем шығармадағы мәтіндер мазмұны арқылы ашылған.

Бұлардан басқа "құрсақ шашу", "өңір салу", "абысын асы", "бастаңғы, "шарғы салу", "тулақ шашу", "итаяғына салу", "қазанжарыс, шөміш қағу" сияқты әйелге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрлері тілімізде көп кездеседі. 2.2.2 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер мен паремиологиялық қордың этномәдени сипаты. Аталған тараушада біз "қазақ әйелі" концептісінің аясына жататын кейбір тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің этномәдени мәнін ашуға тырыстық. Мысалы, "Жолымды кеспе" тұрақты тіркесі қазақ халқының әйелге қатысты ырым­тыйымдарының бірі негізінде пайда болған "бағымды байлап, жолымды тоспа" деген мағынада қолданылады. Қазірге дейін, әсіресе ауылды жердің әйелдері ер адамның жолын кеспеуге тырысады: Жәнібек елең етіп қарап еді, бір келіншек пен жастау қыз бастаудан су әкеле жатыр екен. Солар өтіп кетсін деп сәл аялдады. Бірақ аналар орнынан қозғалар емес, тосып тұр. Бұл ештемеге түсінбей аңырып беттеріне қараған.

- Өтіп кет, қайным, - деді келіншек күлімдеп, - Жолыңды кеспейік деп тұрмыз. Білмеуші ме ең... Әйелге жолыңды кестірме (Қ.Жұмаділов. Бақыт жолында).

Ал "Қабырғаммен кеңесейін" тұрақты тіркесінің "әйеліммен, үй ішіммен ақылдасайын" деген мағынасы "әйел ердің (Адамның) қабырғасынан жаралған" деген христиандардың қасиетті кітабы Таураттағы ұғыммен дәйектеледі. Белгілі анатом Л.Этингеннің көрсетуінше, қабырғадан жаратылу дерегі Библияға дейін, яғни Адам пайда болғанға дейін орын алған. Ежелгі шумерлер (Оңтүстік Қосөзен елі) су құдайы - Энкиге табынған. Бір жолы оның қабырғасы қатты ауырады. Шумер тілінде қабырғаны "ти" дейтін көрінеді, сондай-ақ "ти" - "тірідей туу", "өмір беру" дегенді де білдіреді. Осы кезде Энкиді емдеген Нинти әйел-құдайы пайда болған. Оны "өмір беретін ханым" деп атаған. Осыдан келіп, ежелгі аңыздар Библия баяндауларына да әсер еткен деп жорамалдауға болады. Инквизиторлар Я.Ширенгер мен Г.Инститористің айтуынша, Хауаның жаратылуына қисық қабырға пайдаланылған, сондықтан әйел түрлі кемшіліктерге толы. Толық жетілмегендіктен, ол үнемі алдауға бейім тұрады. Сондықтан, "қабырға" - Хауаның Адамнан пайда болғанын дәйектейтін символ [6, 67].

Қазақ халқының әйелге байланысты ұғым-түсініктері, қалыптасқан көзқарасы ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінде түйінделіп, елеп-екшеліп, сұрыпталудан өткен халық даналығының мәйегі - мақал-мәтелдерде сақталған. "Қазақ әйелі" концептісінің көрінісін мына мақал­мәтелдер аңғартады: "Ердің асылы күшінен білінеді, Қатынның асылы ісінен білінеді"; "Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы, Қатының жақсы болса, бұл дүниенің шырағы"; "Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас", "Жақсы қатын жүн қарыз алады, жаман қатын су қарыз алады", "Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын", " Олақ қатын оймақшыл, Салақ қатын сауықшыл", " Төркіні жақын қатынның төсегі жиылмас", " Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар", "Ердің атын я аты шығарады, я қатыны шығарады", " Жақсы қатын алғанның тойы өз үйінде", "Еріншек әйел опа жағады, ерінбес әйел еңбек табады", " Жақсы әйел асын жасырмайды", " Қапияда қатын ақыл табады, "Әділсіз болса, би оңбас, Әйелсіз болса үй оңбас" т.б. Тіліміздегі "әйел" концептісіне қатысы бар мақал-мәтелдерде жақсы әйел мен жаман әйелге қатысты халық көзқарасымен бірге әйелдің қоғамдағы орнына байланысты қазақ қауымына тән стереотиптер де ұшырасады. Мысалы, "Денсаулық ғанибет, Сырқаулығы болмаса, Ер жолдасы - қатыны, Ақ жаулығы болмаса"; " Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа", " Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық", "Байтал шауып бәйге алмас", т.б.

Көркем мәтіндегі "қазақ әйелі" концептісі. Тілден халықтың рухани және материалдық мәдениетінің іздерін байқауға болады. Осымен байланысты қазақ тілінде әйел көркін ғаламның ұлттық тілдік бейнесіне сәйкес сипаттайтын, соған сай танытатын концептілер төмендегіше көрініс тапқан:"Көз" - тана көз, бота көз, бадана көз, айна көз, қарақаттай көз, жәудір көз, күлім көз, көген көз, қой көз, қоңырқай көз, тұнық, мөлдір көз, мойылдай көз, тұнжыр көз, нәркес көз, тостағандай жанары, елегізіген еліктің жанарындай, қос жұлдыздай қос жанары, т.б. Аталған концептіге мәтін деңгейінде мысал келтірейік: Үрей ұялаған қарақат көздері ботаның жанарындай мөлт-мөлт етеді (Д.Исабеков.Гауһартас). "Мойын" - аққу мойын, алма мойын, ерекше аппақ мойын, аппақ жұмыр мойын, ақ торғындай мойын, қаз мойын, т.б.

Сұлу әйел мойнына байланысты тұрақты тіркес, теңеулердің сирек ұшырасуы халқымыздың сұлулықты сырт көзден жасырып, қымтап ұстайтынынан болса керек. Ал қаз мойын тіркесі иілген әдемі мойынды білдіреді. Әуелде аттың сипатына байланысты, кейін сұлу қыз, көрікті әйелдің мойнына қатысты айтылатын тұрақты тіркеске айналған. Қаз бен аққудың кейбір ұқсастығы негізінде "кербездік", "сұлулық" концептісін бейнелейтін жағымды коннотация туған. Қазақ халқында "қаз" құсы жағымды ассоциация тудырса, орыс халқының танымында оның баламасы "гусь" жағымсыз мәнге ие (гусиная походка, гусиная кожа).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных