Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кесте: Әйел мен еркекке байланысты қоғамда қалыптасқан таптаурындар (стереотиптер) кестесі. 4 страница




Демек, ассоциация - жалпы мағынасында, айнала қоршаған дүниенің үзігін таныту үшін қолданылатын, психикалық қабілеттер негізінде жүзеге асатын, білім алудың көзі. 2.6.1 "Қазақ әйелі" концептісі ассоциациялық өріс аясында. "Қазақ әйелі" концептісінің ассоциациялық өрісін "қазақ әйелі" концептісі аясында өткізілген ассоциативтік эксперимент нәтижелері дәлелдей түседі. "Қазақ әйелі" концептісін ашуда психолингвистикалық талдау жүргізу арқылы ассоциация тәсілінің тиімділігі айқындалды. Соған орай біз "қазақ әйелі" концептісінің аясына кіретін бірнеше стимул сөздерді 200 информантқа ұсындық. 17- 40 жас аралығындағы қазақ тілді азаматтардан алынған жауаптар негізінде түзілген "қазақ әйелі" концептісінің ассоциативтік өрісі төмендегіше: қазақ әйелі - инабатты, ізетті, сыпайы, көркем, сергек, байсалды, тәрбиелі, ұлттық дәстүрді сақтайтын, өмірдегі бар қиындыққа шыдайды, ибалы, үй шаруасымен айналысатын, камзолы жарасымды, ерінің айтқанынан шықпайтын, Гүлбаршын, Құртқа, сәукеле киген, өз орнын білетін, жұбайын сыйлайтын, пысық, икемді, "Бақытсыз Жамал", Ғ.Мүсірепов, Ұлжан, Ұлпан, "Ер ана", Әмина Өмірзақова, Әйгерім, етек-жеңін жапқан, ажарлы; ана - ақ сүт, уыз, жақсы көретін, жақсы, мейірімді, бауырында баласы, қадірлі, бақыт, ең жақын адамың, әдемі, ақылды, қамқоршы, ардақты, асхана иесі, тамақты дәмді істейтін, жер-ана, Отан-ана, алтыннан қымбат, ауыл, ананың ақ сүті, мені өмірге әкелген, дүниені жаратушы, отбасы ұясы,ұрпақ тәрбиелейтін, ақ жаулықты, жанашыр, бесік жыры, әлди, түн ұйқысын төрт бөлген, ананың көңілі балада, алақаны ыстық, Домалақ ана, "Боранды бекеттегі"Найман ана, бұлақ, т.б.Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге үңілсек, олардың қазақ мәдениетіне, ұлттық дүниетаным мен болмысқа тән ассоциациялар екені байқалады

Қорыта келгенде, "қазақ әйелі" концептісінің лингвомәдени ерекшелігі қазақ дүниетанымында қалыптасып, тілде беркіген этномәдени, гендерлік стереотиптер арқылы ашылады. Қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін­зерде ерекшелігі, парасат­пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. тілдік көрінісі этностың ерекше этноөзектік концептілерін құрайды; "қазақ әйелінің" концептілік бейнесі көркем және прецеденттік мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік т.б. жүйеде жасала отырып, оны символдық деңгейге көтереді. Ұлттық санада қалыптасқан, тіл арқылы сақталып, этномәдениеттің көрінісі ретіндегі, ұлтымызды біртұтас етіп ұйыстыратын ұйытқы күштің бірі де бірегейі ұлт тәрбиесіндегі ананың рөлін дәлелдейді. Бүгінгі қоғамдағы ананың, әйелдердің қоғамдағы орны мен қызметін арттыру күнделікті тұрмыс пен тәрбиедегі ана тілінің ұлтты ұйыстырушылық қасиетін, құдіретін күшейтумен тығыз байланысты екенін осы тектес зерттеулер нақты көрсетіп отыр.

Ғылыми болжам: Қазақ этномәдениетінде қалыптасқан дәстүрлі көзқарасты негізге ала отырып, "қазақ әйелі" макроконцептісінің қазіргі заман ағымына сай "іскер әйел" т.б.микроконцептілеріне, имиджіне, кәсіби­интеллектуалдық өрісіне дәйектелген динамикалық жүйесін қазіргі қазақ қоғамының рухани­әлеуметтік үрдісімен сабақтастыра зерттеу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных