Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Згергіштік көрсеткіштері және оларды статистикада қолдану жолдарын көрсетіңіз.




Өзгергіштік деп – туыстас бір топқа жататын особьтардың арасындағы айырмашылықты айтады. Өзгергіштік барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол сыртқы орта жағдайларының әсерінен (модификациялық өзгергіштік) немесе организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің өзгеруі әсерінен (мутациялық және комбинативтік өзгергіштер) пайда болады.

Табиғаттан сандық және сапалық өзгергіштіктер байқалады. Сандық өзгергіштіктерге: масақтағы дәндердің әртүрлі саны, өсімдіктегі жемістердің саны, тауықтың жұмыртқаларының саны, сиырдың сүттілігі саны, тұқымдағы белоктар мен майлардың әртүрлі мөлшері т.б. мысал бола алады.

Сапалық өзгергіштіктерге: өсімдік гүлдерінің сан аулан түстері, формалары, жемістердің дәмі, өсімдік жапырақтарының немесе жануарлар терілерінің сан аулан түстері т.б. мысал бола алады. Көпшілік жағдайда сапалық өзгергіштікті сандық өзгергіштіктерге айналдыруға болады, мысалы, гүлдердің түсі ондағы белгілі пигменттің мөлшеріне және клетка шырынының қышқылдық дәрежесіне тәуелді, ал жемістердің дәмі олардағы қанттардың, қышқылдардың және пектин заттарының мөлшеріне байланысты т.б. Бірақ мұндай әдістерді жиі қолдануға болмайды. Өйткені ол жұмысты мүлде қиындатып жібереді. Биометриялық әдістердің көмегімен өзгергіштіктің осы екі түрінде (сандық, сапалық) зерттеуге болады.

Сандық өзгергіштік санаулармен, өлшеулермен немесе химиялық талдаумен зерттелінеді. Өзгергіштіктерді үзілісті және үзіліссіз деп ажыратады. Үзілісті өзгергіштіктер санау жолымен зерттелінеді және осылайша аталу себебі зерттелетін особътардың арасындағы айырмашылық әр уақытта 1-ден кем болмайтын бүтін сандар арқылы белгіленеді (Бидайдың масағында 10,15,46 және т.б. дәндер болуы мүмкін, бірақ 10,5 дән болуы мүмкін емес).

Үзіліссіз өзгергіштіктер өлшеулер, химиялық талдаулар жасау жолымен анықталады. Мұндай жағдайларда зерттелінетін сандық белгілер бүтін сандар арқылы да және бөлшек сандар арқылы да беріле алады. Өлшеу неғұрлым дәліректеу болса, зерттелген объектілердің арасындағы айырмашылықтар да солғұрлым аз болады.

 

Варияциялық қатардың анықтамасы, оның құрудың тәсілдерін және график арқылы өрнектеуді көрсетіңіз.

Вариациялық қатар деп - қарастырылған жиынтықтағы бірліктердің орналасу заңнамасын көрсететін сандар қатары. Берілген жиынтықта жекеленген варианттар қанша рет кездесетінін көрсететін санды жиілік немесе вариант салмағы деп атайды. Оны р немесе f әріптерімен белгілейміз. Жиіліктің мөлшері берілген жиынтықтың көлеміне тең. мұндағы - вариациялық қатардың жиілігі, n - іріктелген жиынтықтық көлемі. Вариациялық қатарды табу үшін ең алдымен оның классын анықтау керек, екінші интервалын немесе жиынтықтың минимальды вариантынан максимальды вариантқа дейінгі аралығын анықтайды. Класстық интервалдың ұзындығы жиынтықтың максимальды варианты мен минимальды вариантының айырмасының топ санының қатынасына теңдігімен (К) анықталады:

-класстық интервалдың ұзындығы, Xmax - жиынтықтың максимальды варианты, Xmin- жиынтықтын минимальды варианты. Класстың оптимальді санын 1.1 кесте арқылы табамыз:

Іріктеу көлемі (бастап - кейін) Класс саны
25-40 5-6
40-60 6-8
6-8 7-10
100-200 8-12
> 200 10-15

 

Вариациялық қатар құру үшін:

1. Варианттың лимитін немесе нақты минимальды және максимальды мәнін табу.

2. Класстық интервалдың көлемін табу.

3. Класстар құру. Қарастырылған белгінің минимальды мәніне класстық интервалдың көлемін максимум енгенге дейін қосып отыру. Жоғарғы шектеулер кластарының мөлшерін азайту, белгіні өлшегендегі дәлме-дәл мәнін табу, мысалы 1, 0,1, 0,01 және т.б. кластардың қажетті шегіне жетеді.

4. Орталық класстың көлемін анықтау. Олар берілген төменгі шектеулердің және келесі кластардың жартылай мәніне тең, сондай-ақ берілген кластардың төменгі шектеулеріне кластық интервалдың жартысын қосуға болады.

5. Класс бойынша вариантты тасымалдау. Бұл үшін төрт графадан тұратын және класс санының бағандарымен тең кесте құрамыз. Бірінші графада - класс шектеулері, екіншісінде- класс орталықтары, үшіншісінде - әртүрлі шартты белгілер жиілігін есепке алу, төртіншісінде - әрбір класта кездесетін вариант жиілігі (3 графадағыдай сандық бейнеленуі) беріледі.

Ірі іріктеу жүргізген кезде келесі жиілік шифрын қолданған ыңғайлы.

• • • • • • • • • • • • • • • • • • •

• • • • • • • • • • • • • • •

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Егер вариант класын (w) бір қатарға, ал жиілікті басқа қатарға жазсақ, классты немесе жиілікті бейнелейтін екі қатар санды вариациялық қатар пайда болады. Вариациялық қатарда өзінің белгілі заңнамасы болады. Шеткі вариациялар аз санды болып келеді, ал ортаңғы қатарға жақындай келе вариация жиілігі жоғарылайды. Ортаңғы вариациялы қатарда немесе бір вариацияға жақын вариацияда жиілік саны көп кездессе ол модальді вариация деп аталады. Графикпен бейнеленген вариациялық қатар жиілік диаграммасын көрсетеді. Интервалсыз вариациялық қатардың графигін құрғанда абсцисс өсінде класс мәндері, ал ординат өсінде жиілік белгіленеді. Абсцисс өсіндегі перпендикуляр ұзындығы, класстың жиілігіне сәйкес келеді. Перпендикуляр ұзындықтарын түзу сызықтармен жалғау арқылы көпбұрышты геометриялық фигура аламыз. Вариациялық қатарға график құрғанда координациялық өстеріндегі маштапқа үлкен мән беру керек.Вариациялық қисықтың ұзындығы оған 5:8 қатынаста болу керек.Бұл ережелерді сақтамаған жағдайда кері мәнге әкеп соғады.

 

Мысалы:

4 5 45 5 61 6 4 4 6 4 62 345564 5 4 64 5 55 4 6 7 5 4 4 2 4 5 55 5 4 5 5 6 6 4 57 5 55 4 5 4 6 4 5 5 5 4 6 7 5 4 2 4 4 5 5

V f x-x˳ F(x-x˳) F(x-x˳)2
    -4 -4  
    -3 -9  
    -2 -2  
    -1 -22  
      =-37  
         
         

n=67 =17 ∑(f(x-x0)2=92

 

= = =1.2

m= = =0.2

график сызу керек мен сыза алмадым өздери сызып алар))

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных