Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЕБА туралы түсінік, клиникалық-психологиялық-педагогикалық сипаттама




Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтын ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы деп атайды. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны – аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды.

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйенің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенің көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездесетін көрініс.

Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американың психиатірі (1943 ж) – Лео Каннер.

Балардың аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады. Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стереотипті, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

Аутист бала- ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, яғни ешкіммен қатынаспайды және өзіне айтқан сөздерге, сұрақтарға және атын аттап шақырғанға көңіл аудармайды, естімеген керең сияқты болып көрінеді.

Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 % пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады. (эхолалия- бір естіген дыбысты, сөзді, сөйлемді еріксіз қайталай беру. Жіктеу есімдігін пайдалана алмайды, яғни білмейді, өзін: «сен, ол» дейді немесе өзін-өзін атайды. Керекті нәрсені жақсы сөйлемдермен айтады. Мысалы: су беру керек, шығу керегі жоқ.

Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, жест арқылы қарым қатынас жасаудан бас тартады. Аутизм өте ерте белгілі болады, яғни 3 жасқа дейін анықталады. Аутист балалардың моторикасы, сенсорикасы, зейіні, есі, сөйлеуі, ойлауы, қасіреті, қайғыруы бұзылған.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных